Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов бәйгетөбелік жастармен кездесті

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов бәйгетөбелік  жастармен кездесті

  islam-atyrau.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл.   Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов Бәйгетөбе ауылында жастармен кездесті.

Кездесу барысында ұстаз Біләл Сағындықов исламдағы басты парыздың - білім алу хақында айтты. «Құран Кәрім мен хадис шәріптерде білімнің артықшылығы мен қадір-қасиеті жайында мысалдар көп.

Айтар болсақ, қасиетті Құранда: «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» дейді. Олай болса, Құранды түсіну үшін адам, ең алдымен, ғылымға ден қоюы керек.

Білім мен ғалымның қадір-қасиеті туралы Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?[2]». Байқасаңыз, осы аятта Алла Тағала сұрақ қою арқылы білімнің қадіріне меңзеп, білімді мен білімсізді салыстыруға шақыруда. Әрине, білімділер мен білімсіздер тең бола алмайтыны айдай анық. Білімді әрқашан жоғары, артық, білімсіз – төмен әрі кемшін» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Бәйгетөбе ауылындағы мектепте өткен кездесуге ауыл мұғалімдері және ұстаздар қатысты.

 

   Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға