Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ» ҰҒЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ» ҰҒЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ

    «Діни экстремизм» ұғымыныңғылыми айналымда қолданыла басталғанына көп жылдар өте қойған жоқ. Алайда, бұл ұғымныңәлеуметтік патологиялыққұбылыс ретінде көптеген ғасырлардан жалғасып келе жатқандығына тарихи-құқықтық негіздер бар. Ақиқатында «діни экстремизм» ұғымы шынайы дінніңнегізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардыңжәне халықаралыққұқықтыңқағидаттарынан  тыс шектен шығу дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға тәуелсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру». Тарихи деректерге сүйене отырып осы анықтамалардыңтүпкі мазмұнын төмендегі мысалдар арқылы аша кеткен жөн.

    Біздің дәуіріміздің 66-73 жж. қазіргі Палестина жерінде сикарилер («sika»– қысқа қанжар) деп аталатын діни экстремистік ұйым болған. Сикарилердің негізгі мақсаттарының бірі – Иерусалимде римдіктерге және гректерге қарсы көтеріліс жасау еді. Аталған дәуірдің 73-ші жылы олар негізгі мақсатын жүзеге асырды да. Сикарилердіңадамдарды өлтіру құралы ретінде қысқа қанжарлары болды. Көпшілік қауым жиналған жерлерде зорлық актілері тікелей іске асырылып отырылды. Олардың іс-әрекеттері жөнінде әртүрлі талқылаулар бар. Сикарилер еврейлік протестанттықты уағыздаған. Олардың еңбасты идеясы – Құдайды мойындау, сонымен қатар Құдай мен адамдар арасындағы делдал болған барлықдіни қызметкерлерді мойындамаған дегендер бар. Кейбіреулер сикарилердің іс-әрекеттерін тек кедейлердіңбайларға әлеуметтік қарсылығы деп есептеген. Қайсыбір жағдай болмасын, бәрібір сикарилердің іс-әрекеттерінде діни мотив (сылтау) болғаны анық. Сикарилер Иерусалимде римдіктер өкіметі құлағаннан кейін, Құдай адамдардың алдына шығып көрінеді деген сенімдері болған. Осы  деректе айтылғандай, сикарилер өз іс-әрекеттерін діни экстремистік сылтау мен діни экстремистік идеологиялықбазасы негізінде жүзеге асырған. Жоғарыда айтылған әр түрлі талқылаулар олардың негізгі діни экстремистік идеологиясын толыққанды етіп көрсетпейді. Дегенмен, бұл тура діни экстремистік ұйым деп айтуға болады. Өйткені, сикарилер ұйымы шынайы дінніңқағидаттарынан ауытқыған діни экстремистік идеология базасы арқылы тікелей қылмыстық іс-әрекеттерге барған. Олардыңдіни лаңкестер мен діни экстремистерге тарихи-құқықтықұқсастықтары мынада болып табылады: осы уақыттағы белгілі діни лаңкестер мен экстремистер түрлі себептермен адамдарды өлтіреді, тіпті өзін-өзі бомбамен жарып та жібереді. Соның салдарынан жазықсыз адамдардыңөмірі қиылады, яғни сикарилердіңдіни лаңкестер мен діни экстремистермен негізгі ұқсастығы – діни экстремистік идеологиялық базада. Екі соңғы жақ та іс-әрекеттеріміз шын дінге сәйкес жасалды деген жалған сенімде, демек олардың осы жалған сенімдегі қателіктері бір жақты ғана теріс түсінік-тердің көрінісі болып табылады. Дін қағидаттары тұрғысынан олардың жалған сенімдері мен олардан туындайтын іс-әрекеттері үлкен күнә болып саналатыны ақиқат. Қазіргі қылмыстыққұқықта мұндай қателіктер «адамныңзаң туралы қателіктері» деп есептеледі. Басқаша сөздермен айтқанда, адамдар өз қолдарымен жасаған заңсыз іс-әрекеттерін «қылмыс емес» деген жалған ұғым аясында пайымдап, өз-өздерін «ақтауға» дайын.

   Сонымен, қарастырылған мәселені қорытындылағанда мынандай түйін жасауға болады. Нақтырақ айтар болсақ, жалпы тарихи шежірелер мен ғылыми әдебиеттердің, қасиетті жазба кітаптар мен діни экстремистік әдебиеттердіңмәтіндеріне филологиялық, философиялық және құқықтық герменевтикалық талдаулар жасағанда «діни экстремизм» ұғымы тарихи, діни, филологиялық, философиялық, құқықтық тұрғыдан қалыптасып дамығандығы байқалады. Осындай қайнар көздерде «діни экстремизм» ұғымы тікелей жазылмаса да, ол «ылаң», «фитна», «іріткі» және тағы басқа ерекше сөздер арқылы дәлелденеді. Демек, осындай келтірілген дәлелдемелер «діни экстремизм» ұғымының жалпы адамзаттың тарихында, оның ішінде халықаралыққұқықтыңтарихында және оның жүйесінде ерекше құбылыс ретінде қалыптасып дамып келгендігін растайды.

 

 

Атырау облыстық

«Иманғали» орталық мешітінің

 наиб имамы Алпысбай Махсат

Жоғарыға