Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Тәубе етудің маңыздылығы

Тәубе етудің маңыздылығы

Тәубе сөзінің мағынасы – өткен күнәларына шын жүректен өкіну, кешірім сұрау жіберген қателіктеріне қынжылып, түзеуге уәде беру. ҚұранКәрімнің «Ниса» сүресінің жүз тоғызыншы аятында: «Кімде кім күнә істесе немесе өзіне зұлымдық жасасасосын осы істегеніне өкініпАллаһу та'алаға истиғфар етсеАллаһу та'аланы өте мейірімдікешіруші халде табады» делінген.

 

Әл-Бухаридің «Тәубенің берекесі» кітабында Ислам данышпандары былайдеген: «Кімде-кімге Алла 4 нәрсені нәсіп етсеол адам және 4 нәрседен құр қалмайды»:

1. Аллаға жалбарынып дұға етуді нәсіп етседұғасының қабыл болуы сөзсізДәлеліХақ Тағала Құран Кәрімде: «Маған дұға етіңдертілектеріңді қабыл етемін», - деген.

2. Алладан күнәсінің кешірілуін сұрасакүмәнсіз кешіредіДәлеліАлла Тағаланың: «РасАлла күнәларды кешіруші», - деген сөзі бар.

3. Алланың нығметіне шүкіршілік етсе Алла Тағала оның нығметін және көбейтедіАлла Құранда: «Егер шүкіршілік етсеңдерсендерге нығметімді көбейтіп беремін», - деген.

4. Кімде-кім тәубе етсетәубесі қабыл боладыҚұранда: «Алла пенделердің тәубесін қабыл етіпкүнәларын кешіреді», - делінген.

Алла елшісі (с.ғ.с): «Барлық адам баласы өте көп қателесушісол қателесушілердіңең қайырлысы – тәубе етушілер», - дейді.

Имам Раббани хазреттері былай дейді: «Күнәларына тәубе ету - барлық адамға фарзайнЕшкім тәубеден құтыла алмайдыҚалай құтылсынпайғамбарлардың барлығы тәубе ететін едіПайғамбарлардың соңғысы және ең үстемі болған Мұхаммед алейһис салам: Жүрегімде әнуар илаһияның (илаһинұрдыңкелуіне кедергі болатын перде пайда боладыСондықтанкүнде жетпіс рет истиғфар етемін деген.

Тәубенің сахих болуы үшін үш шарт керек:

1-    күнәні дереу тәрк ету керек;

2-    күнә істегеніне Аллаһу та'аладан қорққаны үшінұялыпөкінуі керек.

3-    бұл күнәні енді қайта істемеуге шешім қабылдаукөңілден сөз беру керек.

Аллаһу та'ала шарттарына сай жасалған тәубені қабыл ететініне сөз бергенАбдуллаһ бин Мәназил хазреттері былай дейді: Аллаһу та'ала түрлі ғибадаттарды б3лдірдіСабырдысыддықты (сенімділікті), намаздыоразаны және сәре уақытында истиғфартәубе етуді бұйырдыИстиғфарды ең соңында айттыОсылайша құлғабарлық ғибадаттарынжақсылықтарын кем көріпбарлығына кешірім тілеуі керек болды.”

Күнә істегенде дереу тәубе ету керек. Жасырын істелген күнәнің тәубесі жасырын болады. Ашық істелген күнәнің тәубесі ашық болады. Тәубені кешіктірмеу керек. Кирамән катибин (күнәмен сауапты жазатын) періштелер күнәні дереу жазбайды. Тәубе етілсе мүлдем жазбайды. Тәубе етілмесе жазады. Жафар бин Синан хазреті: «Күнәға тәубе етпеу – бұл күнәні істегеннен де жаман» деген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Қиямет күні менің көліме көптеген қауым келеді. Мен оларды көп салауат айту себебі арқылы танимын»,-делінген.

Бір хабарларда: «Егер бір құл құдайдан қорқып, көзінен жас ақса, сол көз жастан Алла тағала бір тал жаратады, осы талдың аты «бақыт талы» деп аталады, осы талға қайғы менен қорқыныш желі соққанда, «Ей, Мұхаммед! (с.ғ.с.)», - деген дауыс шығады, осы дауысты Аллаһ тағала Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабіріне жеткізген кезде, үмметінің қайғысынан, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбәрәк көздерінен жас тамады, сол көз жастан Алла тағала «шапағат талын» жаратады, осы шапағат талына Пайғамбарлық жел соққанда «үмметім» деген дауыс шығады, осы дауысты жеті қат аспанға шығарғанда періштелер естіп, «Ей, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі» деп жылайды, осы дауысты естіген Алла тағала: « Ей, періштелерім, сендерді не жылатты деп сұрағанда?», сонда періштелер: «Ей, Раббым! Сен білесің, біздің жылау себебіміз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі. «Ей, періштелерім! Кімде-кім Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметінен көзіне жас алып жылаған болса, Мен оларды жарылқадым соған сендер (періштелер) куә болыңдар»,-деп айтылады. Аллаһ Тағала былай дейді: «[Оларға былай] айт: “Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер! Расында Аллаһ біртұтас күнәларды кешіреді. Расында, Ол – Кешіруші, Мейірімді! Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар”» (Зумар сүресі, 53-54-аяттар).

Әбу Мусадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хабарда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ Тағала күндіз бір жаман іс жасаған кісіге тәубе жасасын деп түнде Өзінің Қолын созады, және түнде бір жаман іс жасаған кісіге тәубе жасасын деп күндіз Өзінің Қолын созады. Осылай күн өзінің бататын жерінен шықпайынша жалғасады», – деп айтқан. Муслим 2759.

Имам Муслим жеткізген хадисте, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтылған: «Сендерден біреу шөл далада мініп келе жатқан, үстіне бүкіл тамағы және суы бар түйесі жұлынып қашып кетіп, ол оны табуға үміті үзіліп, бір талдың көлеңкесіне келіп жатқан кісі тәрізді. Сондай жағдайда жатқанда кенеттен оның түйесі, жоғалтқан бүкіл азығымен жанынан табылады, сонда ол түйесінің жібінен ұстап: “Уа, Аллаһым, Сен – менің құлымсың, ал мен – сенің Раббыңмын (Тәңіріңмін)!” – деп қуанғанынан қалай шатастырып алғанын білмей қалған құл, қалай қуанса, шындығында, Аллаһ Өзінің құлының тәубесіне одан да артық қуанады».

Әнас (Аллаһ оған разы болсынАллаһ Елшісінің(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсынбылай айтқаны турасында хабар береді: «Барлық Адам баласы қайта-қайта қателесе бередіал олардың ішінде ең жақсылары – тәубе ететінде"

Тәубе тек Алланың разылығына қауышу және ашуынан құтылу үшін жасалу керекАлла Тағала Құранның «Ниса» сүресінің 110-аятында: «Біреу күнә істеп немесе өзіне зұлымдық етсекейін өкініптәубе етсеАлланы мейірімді және кешірімді халде табады», - дегенПайғамбарымыз(с.ғ.с): «Алладан кешірім сұрап жүрген адам барлық қиыншылықтарданқайғыданкүн көріс тапшылығынан құтыладыбақ-берекеге кенеледіойламаған жерден ризыққа қауышады» Исламның атақты ғұламасы Хасан Басриге біреу жұттанбіреу кедейліктентағы біреуі бала болмауынанбасқа да әртүрлі мәселеде адамдар шағымданып келедіОл кісі бәріне де Алладан кешірім сұрап жүрулеріне кеңес бергенПайғамбарымыздың(с.ғ.с.) хадисінде:«Кімде-кім тәубә етіп білімін арттырмасатәубесі кәміл емесКімде-кім тәубе қылыпқұлшылықтағы әрекетін күшейтпесетәубесі кәміл емесКімде-кім тәубеге келіпренжіскен адамдарды кешірмесетәубесі кәміл емесКімде-кім тәубесін айтыпкиімін және жүріс тұрысын өзгерпесеяғни ұятты жерін жаппасатәубесі кәміл емесКімде-кім тәубе депортасын өзгертпесеяғни күнәға тартатын достарынан айрылмасатәубесі кәміл емесКімде-кім тәубеге келдім депмінез-құлқын өзгертпесетәубесі кәміл емесКімде-кім тәубе еттім дептөсегін және үй-ішін жинамасаяғни отбасына деген қарым қатынасын өзгертпесетәубесі кәміл емесКімде-кім тәубеге келдім деп, (жағдайы келіп тұрыпсадақа бермесетәубесі кәміл емесЕгер де осы қасиеттерді бойынан кімде-кім тапсасақтанып шынайы тәубеге келуі керек» дейдіТағы хадисте Пайғамбарымыз: «егер бір адам мен тозақ отынан қорқамын деп тұрыпкүнәдән тоқтамаса — ол адам өтірікшіЕгер бір адам мен жәннәтқа барғым келеді депбару үшін амал етпесе — ол адам өтірікшіЕгер бір адам мен Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көремін деп сүннеті мен жүрмесе — ол адам жалған сөйлеушіЕгерде бір адам жұмақтағы хор қыздарына үйленгім келеді депмаһарын дайындамаса— онда ол адам өтірікшімаһар дегеніміз-адамның істеген ізгі амалдары», - деген

Алла тағала өзінің шексіз мейірімі мен қиямет -қайымға дейін құлына осы дүниеде жасаған күнәларынан арылуы үшін тәубе жасауға мүмкіншілік бередіТәубенің ең жақсысыбілместікпен немесе байқаусызда күнә жасап қойған кездекешіктірмей артынша тәубе етуСебебі адамға өлім қай сәт те келетінін ешкім білмейдіСондықтан тәубе етуге әрдайым асығу керек.

 Аружан АЙТБАЕВА,

"Иманғали" орталық мешітінің ұстазы. 

 

Жоғарыға