Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Адал кәсіп ету - мұсылманның ғұмырлық ұстанымы

Адал кәсіп ету - мұсылманның ғұмырлық ұстанымы

 Иә, адам баласы кемел сана мен тіршілікке икемді қабілет иесі болғандықтан, дәйім нан талап қып, еңбек етуі қажет. Тіршілік етуге қабілет-қарымы бола-тұра шарасыздық танытып, жарлы-жақыбайдың күйіне түсу – ар көтермейтін сын.

 Шынтуайтында, мұсылман баласы ризықты Жаббар Хақтың жазатынын біліп, өз несібесіне ие болу үшін қал-қадірінше еңбектенеді. Ал, Ұлы Жаратушы төккен терің, жасаған амалыңа қарай ризық-несібеңді береді. Тәңір-Хақ – әл-Адл, яғни, Жаббар Иеміз – әділеттілердің әділеттісі! Ол кімді жарылқаса да, жазаласа да кемел әділеттіліктің Иесі. Бұл туралы Алла Тағала Құран-Кәрімде:

اللَّهُ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ

 «Алла құлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Күдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі» (Ғанкабут сүресі,62 аят) деп бұйырады. Яғни, Ол аз немесе молынан ризық-несібені таттырса да жарылқаушы һәм несібеңді кемітпей беруші. Әрі сол ризық-несібені иеленуге күш-қайрат пен қабілетті беретін де Ұлы Жаратушы! Тек жұмыр басты пенде өз ризық-несібесін тауып жеуде – Алла Тағала тарту еткен қабілет-қарыммен аянбай тер төгіп, еңбек етуі тиіс. Бұл тіршілік аксиомасы!

 Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрбір айтқан діни үкімді алдымен өзі мүлтіксіз іске асыратын. Қанағатшылдық һәм адал маңдай термен еңбек ету туралы да сахабаларына не айтса, бірінші өзі сол істе амалымен үлгі болатын. Оның сонау балалық шағынан бастап, Мәдинада Ислам мемлекетін құрып, көз жұмғанға дейінгі өнегелі өміріне назар салсақ,  сөзі мен ісінің сабақтасып жатқанына, тірі жаннан садақа алмағанына көз жеткізе аламыз. Жақсылықтың жаршысы болған Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұқым мұсылман баласын масыл болудан сақтандырып, керісінше өз еңбегімен өмір сүруге үндеген. Осы себептен де, саңлақ сахабалар тіршіліктің ауыр тауқыметін тартса да, кісі қолына қарап күн кешуден барынша алыс тұратын.

 

Бірде Алла Елшісіне ансарлардан бір сахаба қайыр сұрайды. Хақ Елшісі әлгі ансардан үйінде қандай мүлкі бар екенін сұрайды. Ол бір ғана төсенішінің және су ішетін ыдысаяғының бар екенін айтады. Тәңір Елшісі: «Осы мүлкіңді алып кел», – дейді. Ансар үйдегі сол бұйымын дереу алып келеді. Хақ пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол бұйымдарды ашық сатылымға шығарады. Бір алымсақ бір дирхамға, келесі алымсақ екі дирхамға бағалайды. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төсеніш пен ыдысаяқты екі дирхамға сатып, пұлын иесіне беріп: «Бір дирхамға бала-шағаң үшін қорек ал, бір дирхамына ара сатып алып, оны маған алып кел», – дейді. Жарлы сахаба Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұйырғанындай бір дирхамды отбасына жұмсап, бір дирхамға ара сатып алып келеді. Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араға сап жасап беріп, онымен отын жинап, соны сатуды және он бес күннен соң қайта келуді бұйырады. Жарлы сахаба арасымен отын жинап, оны сата бастайды. Уәделі уақытта Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, 10 дирхам кірісі бар екенін қуана жеткізеді. Хақ Елшісі тапқан табысына өзіне керек киім-кешек, азық-түлік алуға кеңес беріп: «Өстіп маңдай теріңмен табыс табуың ақырет  күні пешенеңдегі қайыршылық табынан әлдеқайда қайырлы. Тіленшілік тек шарасыз қалған жағдайда, қарызға белшесінен батқан немесе адамды құрдымға кетіретін кісі өлтірудің бодауын төлейтін жағдайларда ғана болады»  (Әнес б. Малик риуаят еткен) дейді.

Көріп отырғанымыздай Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үзеңгілес серіктерін және мұсылман қауымын әрдайым өз маңдай терімен нәпақа табуға үндеген. Мұсылманның қас сипатының бірі ретінде қанағатшыл болуды, мүсәпір күйге түсіп, алақан жайып, ешкімге кіріптар болмау керектігін насихаттаған. Тіпті, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің өнегелі өмірімен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйі қалай болу керектігін де үйреткен.

 

Сахабаларының бірі:

– Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!»,дейді.

Хақ Елшісі:

– Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді, – деп жауап береді.

Рафи Бин Хадиждің риуаяты бойынша сахабалардың бірі Алла Елшісінен: Уа, Алланың Елшісі! Қандай табыс адал (таза)?»деп сұрайды. Сонда Хақ Елшісі: Адамның маңдай тері төгілген заңды сауда – ең таза табыс», деп жауап береді.

Парасат падишасы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадис-шарифінде үмбетін адал сауда-саттық һәм еңбек етуге үндеп: «Ризықтың оннан тоғызы саудада. Ал, оннан бірі түйе мен сиыр тәрізді ірі қара немесе қой мен ешкі сияқты ұсақ малдарда», деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

Сахабаларының бірі:

– Уа Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаң. Ол істі жасағанымда Алла да, адамдар да жақсы көрсін!»,дейді.

Хақ Елшісі:

– Дүниеқұмар болма. Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді, – деп жауап береді.

Рафи Бин Хадиждің риуаяты бойынша сахабалардың бірі Алла Елшісінен: Уа, Алланың Елшісі! Қандай табыс адал (таза)?»деп сұрайды. Сонда Хақ Елшісі: Адамның маңдай тері төгілген заңды сауда – ең таза табыс», деп жауап береді.

Парасат падишасы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадис-шарифінде үмбетін адал сауда-саттық һәм еңбек етуге үндеп: «Ризықтың оннан тоғызы саудада. Ал, оннан бірі түйе мен сиыр тәрізді ірі қара немесе қой мен ешкі сияқты ұсақ малдарда», деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына адал сауда-саттық жасауды Хақ жолында жасалған жиһад деп суреттеген. Хадиске нақты тоқталатын болсақ: «Өзің және отбасың үшін адал еңбек ет. Өйткені, бұл – Алла жолындағы бір жиһад. Біліп қой, Алланың көмегі заңды саудамен бірге», деп айтылған. Тіпті: «Әділ және сенімді саудагерлер – пайғамбарлар, адал адамдар және шәйіттермен бірге» деп адал кәсіптің сауабы мол екенін жеткізеді.

 

Мейрамбек ҚОЖАХМЕТОВ,

Темірәлі мешітінің бас имамы.

 

Жоғарыға