Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір


Маңдайға жазылған...

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Маңдайға жазылған...

Адамда таңдау еркіндігі бар. Іс-әрекеттерін тағдырдың зорлығымен емес, өз еркімен істейді. Бір кісі данагөй қарияға келіп:

- Ұстаз, менің маңдайыма намаз оқу жазылмапты, - дейді.

Сонда ақсақал әлгі адамға дәрет алатын жерді көрсетіп былай дейді:

- Жеңіңді түріп мына сумен дәрет ал. Кейін мұнда келіп екі рәкат намаз оқы. Сонда сенің маңдайыңа намаз оқу жазылатын болады.

Иә, жұма күні азан шақырылғанда, мешітке қарай асыққандар мен дәл сол уақытта мейманханаға баратындар өз қалауларымен істейді. «Пешенеге жазған екен, көреміз де» деп айтқандарды шапалақпен тартып жіберсең: «Не істейін, менің пешенеме шапалақ жеу жазылған екен», - деп айтпайтыны сияқты бұл сенімдерінің қате екендігін көрсетеді. Тек қана құлшылық етуден қашып, күнәнің батпағына белшеден бату үшін осылай айтады.

Алла Тағала Құран кәрімде оларға қарата былай дейді: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік етсін, мейлі қарсы келсін» («Инсан» сүресі, 3-аят).

Жоғарыға