Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Ерболат Боханов жастармен жүздесті

islam-atyrau.kz/8 наурыз, 2019 жыл.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен қала мешіттерінде жастарға арналған көшпелі дәріс басталғаны белгілі.

 

Жастар жылына орай іске қосылған бұл жоба аясында жастар жамағатына білікті ұстаздар исламдағы өзекті тақырыптар бойынша дәріс оқуда.

Осындай кезекті басқосу Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылының "Мәулімберген" мешітінде өтті. Орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Ерболат Боханов жастарға Зайд әл - Хайр сахаба жөнінде уағыз айтты. "Өз заманында Алла Елшісі (с.ғ.с) оның Алла алдында және Пайғамбар алдында сүйікті көрінетін екі қасиеті - сабырлылық және парасаттылығын жоғары бағалаған еді" деген ұстаз Ерболат Боханов жастарды Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с), сахабалар өмірінен үлгі алуға шақырды.

Уағыз соңында жастар жамағаты үшін айлық дастархан ұйымдастырылды. Барлығы жетпіске жуық жасты қамтыған кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Көп балалы анаға қолдау көрсету мәселесі қаралды

 

islam-atyrau.kz/8 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде көп балалы аналарды жан жақты қолдау шаралары қолға алынып жатқаны белгілі.
 
Осы ретте, Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан "Мәулімберген" мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен жергілікті белсенділер Кеңөзек селосының әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауында болып, көп балалы ана Гүлмира Қадырованың мәселесін көтерді.
 
 
"Қазіргі таңда көп балалы ана Тасқала ауылында үй жалдап тұрады. Әлеуметтік жағдайы өте қиын. Жолдасы кезінде істі болып, қазіргі таңда түзеу мекемесінде жазасын өтеп отыр. Біз ауыл әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауына барып, көп балалы ана Гүлмира Қадыроваға шұғыл арада әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін көтердік. Жағдай біздің бақылауымызда болады. Мұқтаждарға көмектесудің өзі исламның өзегі болып табылады. Ендеше, мұндай жандар біздің назарымыздан тыс қалмауы тиіс" дейді "Мәулімберген" мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.
 
Атырау қаласы, Тасқала ауылы, Кеңөзек селолық округінің әкімі Ернар Өтешқалиевтың қабылдауына барған азаматтардың қатарында "Оралман Жайық" қоғамдық ұйымының жетекшісі Құдабай Қаржауов, қоғам белсендісі Сағытжан Құлмаханов бар.
 
"Мәулімберген" мешітінің баспасөз-қызметі.
 
Толығырақ ...

Атырау: Бас имам бастамасымен кітап оқу клубы ашылды (+ВИДЕО)

 

islam-atyrau.kz/8 наурыз, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Жастар жылына орай орталық "Иманғали" мешіті жанынан жастардың кітап оқу клубы ашылды.

Толығырақ ...