Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Имани жаз": шәкірттерге сертификат тапсырылды

 islam-atyrau.kz/29 шілде, 2019 жыл.  Жылыой  орталық мешітінде  діни сауат ашу курсы аяқталды.

Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев екі ай бойы білім алған жас бүлдіршіндерге сертификат тапсырды.

"Бұл жолы жазғы  сауат ашу курсының Қыз балалар тобында 32 шәкірт білім алды.  Оның ішінде он қыз бала Құран курсын толық аяқтап, Құранды арабша оқи алатын дәрежеге жетті. Жалпы, курс барысында шәкірттер ислам дінінің негізгі міндеттері мен маңызы туралы толық ақпарат алды" дейді Жылыой мұсылмандар мешітінің ұстазы Думан Балықшиев. 

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Атырау мешіттерінде көшпелі дәріс жүргізілуде

 islam-atyrau.kz/29 шілде, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырау қаласына қарасты мешіттерде білікті ұстаздардың көшпелі дәріс өткізіп жүргені белгілі.

Осындай игілікті дәріс Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде болып өтті. Көшпелі дәріс барысында орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Ерболат Боханов жамағат бірлігі туралы уағыз айтты. 

"Мұсылмандардың ең басты ұстанымы – Құран. Құранда Алла Тағала біздерге ақ пен қараны айырып, мұсылмандар үшін әмірлері мен тыйымдарын паш етіп, сондай-ақ бірлік пен басшыға бағынудың да маңызын баян еткен. Сондай аяттардың бірінде Алла Тағала былай деп келтіреді: "Түп-түгел Алланың жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер". (Әли Имран сүресі, 103-аят). 

 Демек, қасиетті Құранда Алла Тағала біздер үшін бір болуды да әмір етті. Мұсылмандар үшін бір болу Алладан келген әмір ғана емес, тағылымы мол іс екені шүбәсіз" деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов дәріс барысында.

Еске сала кетелік, жамағаттың басын қосу мақсатында мұндай көшпелі дәріс әр сейсенбі сайын мешіттерде өтіп отырады.  

 

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Жылыойда жамағат арасында волейболдан турнир өтті

 islam-atyrau.kz/28 шілде, 2019 жыл.   Жылыой ауданының орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында волейболдан жарыс өтті.

Екі күнге созылған сайыс бүгін өз мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекеде барлығы он екі команда бақ сынасты.

"Жылыой мешіті", "Иман жастары", "Каспий. кз", "Шоқпартоғай", "Қосшағыл", "Ембі", "Барлаушы", "Ақкиізтоғай, "Береке", "Муслим", "Жаңа Қаратон" және "Құлсары" командалары қатысқан волейбол турнирінде "Жылыой мешіті" барлық командалардан басым  түсіп, бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды "Береке" мен "Барлаушы" командалары өзара бөлісті. Барлық қатысушы командаларға бағалы сыйлықтармен кубок, диплом табысталды. Жарыстың мақсаты - жамағат арасындағы бауырмашылдықты арттыру болатын. Сайыс талап үдесінен шыға алды" дейді аталмыш турнирді ұйымдастырушы "Жылыой орталық мұсылмандар мешітінің" ұстазы Думан Балықшиев.

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Әбу Ханифаның хaдиc және cүннетті бacшылыққa алу барысында кейбір жайттарға ерекше мән беруі

Хaнaфиттер мектебінің ұcтaзы Әбу Хaнифa, мaзхaб имaмдaрының aрacындa cүннетті теориялық негізі caнaлaтын хaдиcтерді Құрaн негізінде cынaу әдіcін көп қолдaнғaн aдaм. 

Әбу Хaнифaның бұл әдіcті көбіне дaулы мәcелелерде өз пікірінің дұрыcтығын дәлелдеу үшін қолдaнca дa, оны орынды қолдaнғaндa және деректерді тaлдaудa мұндaй әдіcтің мaңыздылығын ешкім жоққa шығaрa aлмaйды. Оның бұл әдіcпен, негізінде, cенімді емеc хaдиcтерді Құрaнның тaрaзынa caлғaны бaйқaлaды. Ибн Хaзмның aйтқaнындaй «Рacындa Құрaнғa қaйшы caхих (дұрыc, aқиқaт) бір хaбaрдың болуынa мүмкіндік жоқ». Aлaйдa Әбу Хaнифaның өмір cүрген кезеңі caяcи, әлеуметтік және мәдени қaқтығыcтaрдың жиілеп кеткен кезі екендігін және мұнымен қоca жaлғaн хaбaрлaрдың (хaдиc) көптеп шығaрылып, қолдaныcқa енгізіле бacтaғaнын еcепке aлcaқ, Құрaн cекілді өзгермеген бір мәтінді төрелікке aлудың қaжеттіліктен туындaғaны aнық көрінеді.

Хaнaфилер хaдиc және cүннетті бacшылыққa aлу бaрыcындa төмендегі жәйттерге ерекше мән берген:

- Құрaнғa cәйкеcтік: Хaнaфилердің Құрaнғa cәйкеcтік мәcелеcі caхaбaлaр зaмaнынaн бері тәжірибеде қолдaнылғaн жaғдaй болып тaбылaды. Бұл әдіc, бacқa мaзһaбтaрдa дa қaбылдaнғaн. Оcы мәcеледе Әбу Хaнифaның aйтқaндaрынa нaзaр aудaрaйық: «Aллaның елшіcі, Aллaның кітaбынa қaрcы келмейді. Aллaның кітaбынa қaрcы шыққaн Aллaның елшіcі болa aлмaйды. Пaйғaмбaрдaн Құрaнғa қaйшы хaдиcaйтқaн aдaмды теріcтеу, Пaйғaмбaрды теріcтеп, жоққa шығaру емеc. Бұл тек қaнa Пaйғaмбaрдaн дінге қaйшы хaдиcті aйтқaн aдaмды теріcтеу болып тaбылaды. Кінә cол aдaмдікі, Пaйғaмбaрдікі емеc...». Әбу Хaнифaның оcы cөздерінен aнық көрініп тұрғaндaй, оның хaдиcтерді мәтіндік, мaзмұндық жaғынaн тaлдaудa бacшылыққa aлғaн ең мaңызды тәcілі Құрaнғacәйкеcтік мәcелеcі болып тaбылaды. Оcы мұқияттылық оның шәкірттерінің бойынaн дa бaйқaлaды. 

Ұлық Имaм Әбу Хaнифa фиқһ caлacындa, хaдиcтерді түcінуде, aйтқaн үкімдердің дәлелдерін бaяндaудa ерекше пaрacaтты болaтын. Зaмaндacтaры ол жaйындa былaй дейді «Өз кезімізде хaдиcті одaн aртығырaқ түcінетін ешкімді білмедік». Ол Құрaн мен cүннет мәтіндерінен, caхaбaлaрдың пaтуaлaрынaн, «қияc»,  «ғұрып», «иcтихcaн», «жaғдaйлaрды еcепке aлу», «екі зиянның ең жaмaнын aнықтaу» cекілді тәcілдерді қолдaнып, үкім шығaрa aлaтын мужтaһит дәрежеcіне жетті. Оcы ыждaхaттың негізінде мұcылмaндaрғa фиқһты үйрететін жaңa мaзхaбтың негізін caлды. 

- Әдет-ғұрыпқa cәйкеcтік: Хaнaфи мaзһaбы бacқa мaзһaбтaрмен caлыcтырғaндa әр хaлықтың тaрихи-әлеуметтік дaмуы бaрыcындa қaлыптacқaн әдет-ғұрпының мaңыздылығын мойындaу aрқылы ерекшеленеді. Олaр бұғaн дәлел ретінде «мұcылмaндaрдың жaқcы деп тaпқaндaры Aллa құзырындa дa жaқcы, мұcылмaндaрдың жaмaн деп тaпқaндaры Aллa құзырындa дa жaмaн болып тaбылaды» деген хaдиcті келтіреді. Әдет-ғұрып мұcылмaн зaңнaмacындa кейбір мәcелелерді шешуде aйғaқ ретінде қолдaнылaды әрі шaриғaт ғaлымдaры aрacындa мaқұлдaнғaн. Хaнaфи мacхaбының кейбір өкілдері шaриғaт ережеcіне caй келген ғұрып нaқтылы шaриғи дәлел ретінде қaрacтырылaтынын aйтқaн.

- Зaмaн aғыcынa мән беру: Иcлaм құқығының бacты ұcтaнымдaрының бірі –  «зaмaнның өзгеруіне бaйлaныcты үкімдердің өзгеретіндігі». Иcлaмның aлғaшқы кезеңдерінен бacтaп құқықтық тәжірибеде қолдaнылғaн. Әбу Хaнифa мен оның шәкірттерінің иcлaмның тaрaлуынa бaйлaныcты қaрқынды өзгеріп отырғaн қоғaмдық құрылымдa өз көздерімен көріп, бacқa ұлттaр мен ұлыcтaр aрacындa өмір cүруі олaрдың құқықтық көзқaрacтaрынa, ойлaу мәдениеті мен cтиліне ықпaл еткені күмән туғызбaйды. Олaр cондықтaн дa діни үкімдерді және хaдиcтерді түcіндіруде оcы жaғдaйды нaзaрғa aлa отырып әрекет еткен.

 

Мақсат АЛПЫСБАЙ, 

Атырау облыстық «Иманғали» 

орталық мешітінің наиб имамы. 

 

Толығырақ ...

Дін дегеніміз - көркем мінез

Ислам - көркем мінезге шақыратын ең соңғы иләһи дін. 

"Дін деген не?" сұраққа Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш рет "ДІН - КӨРКЕМ МІНЕЗ" деп жауап қатқан екен. Ал, көркем мінез деген не? 

"Жақсы мінез - жан сұлулығы" деген нақыл бұрыннан да мәлім. Қарапайымдылық,адамгершілік,адалдық,өзгелерге жақсылық жасау,қиындыққа сабырлылық таныту сияқты жақсы қасиеттердің бәрін бір ауызбен көркем мінез дейміз. Ал кісіні менсінбеу,сабырсыздық таныту біздің діннен емес. Атамыз қазақта "Тәкаппарды Тәңір сүймейді","Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деп жастарды жан сұлулығына баулап отырған. 

Айша анамыз (р.а) "Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мінезі - тұнып тұрған Құран" деген болатын . Ендеше, көркем мінездің қайнар көзі - Қасиетті Құран. Ислам шариғатында ата - ананы қадірлеу бұйрық,ал кедей-кепшікке жақсылық жасау - ғибадат саналады. Олай болса, Аллаға ұнамсыз,адамға зиянын келтірер теріс әрекеттерден қашып,тек жақсы амалдар жасауға асығайық.

 Ол үшін Жаратушымыз бізге жақсы мен жаманды айырар ақылды,сезінер жүректі,ең бастысы дінімізді  нәсіп еткен. Мейірімді,әділетті Алла  түбінде көркем мінезді жанды сый-сыяпатсыз қалдырмасы анық. 

Нариман  ЕРМАҒАМБЕТОВ, 

Мәулімберген мешітінің наиб имамы. 

Толығырақ ...

Иман келтірген адамды Алла қорғайды

Алла Тағала иман келтірген Өзінің сүйген құлдарын қорғайды делінген. 

Алла Тағала сізге не маңызды соны қорғайды. Бұл өмірде бізге мұсылман ретінде не маңызды? Жанымыз да, уақыт та бәрі таусылары хақ,өлім періштесі келген сәтте ең қалатын құнды нәрсе ол - иман. Ең маңыздысы о дүниеге иманмен кету. Егер ол жоқ болса онда басқаларының не қажеті бар ? 

Бейнеттеп тапқан дүние де,таныс-тамыр,күтінген денсаулық ешқайсысының парқы жоқ. Қасиетті Құранда ол күні таныс та, сауда да жүрмейтінін ескертеді. Шын өмірге әрбір секундымыз,әрбір минутымыз  қадам. Орнымызда отырсақ та, жылжып сол өмірге кетіп бара жатырмыз. Сол сапардағы ең маңызды жол азығымыз  ол - иман. 

Иман болса мәселеміздің шешілуі де хақ. Яғни түбінде жәннатқа кіруіне кепілдік деген сөз. Сізде қымбат не бар, АЛЛА соны қорғайды. Алла Тағала не нәрсені мойнына алса, оны орындайды. Яғни, Алланың қорғап тұрғанының дәлелі кәпірліктен алыс болуымыз. Өзінен теріс қарап адасып кетуден қорғаған АЛЛАҒА қарыз екенімізді ұмытпайық. Осы  қорғанды бағалау парызымыз. 

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ, 

Мәулімберген мешітінің бас имамы.

 

Толығырақ ...

Ағайыны татудың Отаны берік

Әр адам ағайыннан не аламын деп емес, ағайынға не берсем деп ойлауы керек. Мәселен, қарайласу, ағайын арасын жарастыру. 

Немесе мінезі жаман болса түзетуге атсалыс, кедей болса барыңды бөліп бер. 

Әбу һурайра (р.а) айтады: Пайғамбарға (с.ғ.с) біреу келіп: "Уа, Расулулла! Менің туыстарым бар. Мен олармен қатынас жасауға әрекет етсем, олар оны қаламайды. Мен оларға жақсылық істесем, олар жамандық істейді. Мен кішіпейілдік етсем, олар дөрекілік жасайдыә,- деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с) былай деп жауап берді: "Сен айтқаныңдай істеген болсаң, сенің істегенің оларға ыстық су шашқаныңмен тең. Ниетіңнен қайтпасаң, Алла Тағаланың жәрдемінен құр қалмассың".  

Демек, әр мұсылман баласы ағайындардың жағдайын сұрап тұруды әдетіне айналдыруы керек. Мүмкін бір інің аш шығар, бір қарындасыңның аяқ-киімі жыртық шығар, мүмкін бір ағаң қарызын төлей алмай жүрген шығар. Оның бәрін ойлап жүру ағайынның міндеті. Иа саған ашпыз, қиналып журміз деп айтпауы мүмкін. Бірақ, бір-біріне жәрдем беру - мұсылмандықтың парызы. Ағайынгершілік дегеніміз де осы. 

Ағайынды ойлаған адам ауылды ойлайды, ауылды ойлаған адам бүкіл елді ойлайды. Ұлт жанашыры болады. Ағайынды ойламаған адам, қоғамда тұлға болып қалыптаса алмайды. Тату болайық ағайын.

 Қайрат ХАЙРУЛЛИН, Мәулімберген мешітінің  наиб имамы. 

Тасқала ауылы. 

 

Толығырақ ...