Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Имани жаз": шәкірттер арасында ілім сайысы өтті

 islam-atyrau.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы кезінде Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте білім алған шәкірттер дәрісі қорытындыланды.

«Құран», «Ахлақ», «Әдеп», «Сира», «Дұғалар» тақырыптары бойынша ілім алған бүлдіршіндер арасында жазғы курс қорытындысы есебінде білім сайысы болып өтті.

Сайыс екі кезең бойынша жүрді. Бірінші кезеңде шәкірттер игерген тақырыптары аясындағы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ислам тақырыбына арнап өз қиялдарымен сурет салды. Сайыс қорытындысымен шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен сертификат табыс етілді.

Еске сала кетелік, «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы бойынша Жұлдыз мешітінде барлығы 35 шәкірт білім алды. Балаларға Астана медресесінің шәкірті Қуаныш Оразғалиевтың ұстаздық еткенін атап өткеніміз жөн. Бұған дейін мешіт шәкірттердің облыс орталығындағы Тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасауына мүмкіндік туғызған еді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырау: Әйелдер-қыздар секторының өкілдігі сертификат тапсырды

 islam-atyrau.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  Орталық «Иманғали» мешітінде жазғы сауат ашу курсында білім алған шәкірттерге сертификат тапсырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған шарада екі айға жуық ілім алған шәкірттер марапатталды.

«Сауат ашу курсы кезінде шәкірттер «Құран әліппесі», «Сира» бойынша ілім алды. Сонымен бірге, Алланың 99 көркем есімін жаттау, әр мұсылманның қорғаны болған дұғаларды жаттау бойынша да ұдайы сабақ жүргізіліп отырды. Біздің мақсатымыз иманы берік, саналы ұрпақ тәрбиелеу» дейді мешіт ұстазы Аружан Айтбаева.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Доссор ауылындағы «Сәтен - Шәмек» мешітінде Құран жарысы өтті

islam-atyrau.kz/14 тамыз, 2019 жыл.   Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде орналасқан «Сәтен - Шәмек» мешітінде Құран жарысы өтті.

Жазғы сауат ашу курсында оқыған шәкірттер арасында өткен білім додасына қатысушылар Құран-Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша өзара сынасты.

Тартысты өткен бәсекеге Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев арнайы қатысты. Бас мешіттің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев төрағалық еткен жарысқа Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Хусейн Кая, «Мақат аудандық» орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов және «Сәтен-Шамек» мешітінің имамы Батыр Бердиколов қазылық жасады.

Білім бәйгесі кезінде шәкірттер Құранның 30 парасын, 29 парасын және 28 парасын, сонымен бірге, «Дұха» сүресі мен «Нас» сүрелерін мәнерлеп оқу бойынша өзара бақтарын сынасты. Сайыс қорытындысында жүлдегерлер арнайы диплом және сыйақылармен марапатталды.

 

 

       

 «Мақат аудандық» орталық  мешітінінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...