Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев дәрігерлермен кездесті

  islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл.   Дін және жастар. Атырау қаласындағы тіс дәрігері мамандарымен өткен кездесу кезінде осы тақырыпта уағыз айтты.

«Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсенді кезеңі. Өмірдің шыңы, қайрат-жігерге толы, жалындаған шақ. Тепсе темір үзер күш-қуаты тасып тұрған тәуекелге толы кезең. Бұл жаста адам зерттелмеген жаңа көкжиектерді анықтауға, биік армандарға жетуге тырысады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды» деген.

Басқа бір хадисте:

«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, бір нәрсемен шұғылданбастан бұрын бос уақыттың, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастық шақтың, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біліңдер» деген. Демек, жастық шақты пайдалы ілімге, елге көмегі тиетін іске арнағанымыз абзал» дейді ұстаз Ержан Қағазғалиев.

Кездесу соңы еркін форматтағы сұрақ-жауапқа ұласты. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Мәулімберген мешітіндегі асар: жалғама құрылысқа жамағат атсалысуда

islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл.  Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешіті жанынан жалғама ғимарат тұрғызу жұмысына тұтас жамағат атсалысуда.

Бұл туралы islam-atyrau.kz-ге Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов хабарлады.

«Бүгінгі таңда шаруашылық қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, әр жұма сайын жамағат бірлесіп, құрылысқа асарлатып атсалысуда. Бұл  жерде жамағат бірлігі айқын көрінеді. Сауапты істе біріге амал жасап жатқан бауырларымызға Алла разы болсын» дейді Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Атырау: Орталық мешітте кітап оқу клубының мүшелері кезекті сынақтан өтті

islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл.  Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен жастар жамағаты арасында кітап оқу клубы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жастар жылына орай іске асырылып отырған жобаның ерекшелігі сол, бұл бастама жастардың өз уақытын тиімді бағалауына имандылық пен білімді қатар игеруге үлкен мүмкіншілік болмақ.

Жуырда аталмыш клубтың мүшелері кезекті сынақ тапсырды. «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» кітабы бойынша сынақ тапсырған жастар ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.

Келесі кезеңге өту үшін клуб мүшелеріне «Ислам әдебі» кітабы тапсырылды. Жастарға аталмыш кітапты оқып тауысуға бір ай мерзім беріліп жатыр. Осы кезеңде жастар кітапты жан-жақты саралап, зерттеуі тиіс.

«Әр сынақ сайын шәкірттердің білімі баллдық жүйемен бағаланады. Мақсатымыз жастарды ана тілімізде кітап оқуға баулу, осындай қызықты үрдіс арқылы, жастардың діни ілімін көтеру" дейді жоба туралы орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.

Еске сала кетелік, кезең-кезеңнен тұратын топтық сынақ аяқталған кезде жеңімпаз деп танылған шәкіртке кіші қажылыққа жолдама беріледі.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Садақа – тозақ отынан құтқарады

    Садақа беру – ағайын мен көрші-қолаң арасында сүйіспеншілік пен береке-бірлік орнататын сауапты іс.

Садақа беру – жамандық пен қайғы-қасіреттен және тозақ отынан құтылуға себеп болады, байлығына байлық қосатын, Алла Тағаланың адамдарға міндеттеп бұйырған ізгі амалдардың бірі. Сансыз сауапты амалды тек өзіміз үшін ғана емес, ана-анамыз бен ұрпағымыз, туыстарымыз үшін қабір азабынан қорғану мақсатында жасаймыз.

    Садақаны тек мұқтаж жандарға берілетін ақша деп түсінуге де болмайды. Әрбір қайырымды іс пен жақсы сөз де садақа. Кім өзгелерді жақсы көрсе, сол адамды Алла тағала да сүйеді. Садақа – ол жомарттық, ал, жомарттық – Алланың ең ұлы қасиеті. Сондықтан садақа беру жетпіс түрлі пәледен құтқарады. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз: «Бізге садақа беруге асығуымызды бұйырды, себебі, садақаны бақытсыздық аттап өте алмайды», - дейді.

     Әр күн сайын Алланың періштелері арасынан екеуі жерге түсіп: «О, Құдайым, жомарттың шығынын толтыра көр», - десе, екіншісі: «О, Құдайым, сараңды шығынға ұшырата көр» - деп дұға жасайды екен. Садақа беру байлықты кемітпейді, керісінше молайта түседі. Анда-санда қайыршы, мұқтаж адамдарға жолығу – алланың бізге жіберген сыйы һәм сынағы. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз: «Бізден қайыр, көмек тілеуші міскін адамдар жын емес, ол Алла тағаланың адамдарға берген игілік байлығын қалай пайдалануға келген періштелер болуы мүмкін», - дейді. Осы туралы сахих хадистерде былай айтылады: Алла тағала періштелерінің бірін діндар ер адам бейнесінде, екі көзінен айырылып зағип болған, таздықтан иістеніп әурелеген және алапес ауруынан қиналған үш адамға жіберді. Олар Жаратушы Иемізге ауруларынан айықтыру үшін мал, дәулет беруін өтініпті. Дұғалары қабыл болған үшеуі ауруларынан айығып бай болады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін баяғы періште ішерге асы, киерге киімі жоқ, таз, алапес, зағип болып, қайыр сұрайды. Ал олар бейшара қайыршыға жиіркенішпен қарап, садақа бермейді. Субхана Алла тағала ниетіне қарай бұрынғы аурулары мен бейшаралықтарын өздеріне қайтарады.

      Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз: «Қайырымдылық істерді және оны жасаушыларды сүйіңдер, Алланың атымен ант етемін, ақиқатында ізгілік пен молшылық соларда», - деген екен.

       Садақа – тозақ отынан құтқарады. Алла тағала қайыршы мен міскін жетімдерге қол ұшын берген құлына қуана қарайды. Қасиетті Құранда: «Шын мәнінде малдарың, балаларың сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындағы. Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақтанса, міне олар, құтылушылар», - делінеді «Тәғабун» сүресінің 15-16 аяттарында. « Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла тағала оны толық біледі», - дейді («Әли Ғымран» сүресі, 92-аят).

      Барлық байлық – Жаратушы Иеміз Алла тағаланікі. Алла байлық берген пенделерінен көмек сұрап, жәрдем тілегендерді жақтырмаушыға өзінің оған дайындаған ризығын тоқтатады. Сауапты амалдарды орындап, садақа беріп, қайырымдылық жасауға асығайық.

 

Жайлыбек КЕНЖЕАЛИЕВ,

Хан Ордалы Сарайшық селолық

мұсылмандар мешітінің имамы

Махамбет ауданы.

Толығырақ ...

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысы өтіп жатыр

  islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл. Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі өткен кезден бері 16 жыл өтіп отыр. Сол сәтте қонақжай қазақ жері алғаш рет бейбітшіл, достық пейілді және жемісті конфессияаралық диалогты жүргізу үшін ашық алаңға айналған болатын. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болды. Өткен жылдары Қазақстанның орасан зор ядролық қару арсеналынан бас тартуына бастамашы болған, бүкіл әлем мойындаған бітімгер, Тәуелсіздік жылдары ішінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықтың тірегіне айналған елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын ең ірі әлемдік діндер мен конфессиялардың басшылары қолдады», - деді отырысты ашқан Сенат спикері.

Сонымен қатар, ол Елбасының конфессияаралық диалог өткізу туралы идеясын сол сәтте барша әлем қызу қолдағанын еске салды. «Содан бері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің стратегиялық салмақты әрі көрген бастамасы өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Жаңа мыңжылдық басында ең жоғары деңгейде конфессияаралық ашық диалог өткізу нағыз революциялық іс еді. Ал бүгінгі күні ірі әлемдік конфессиялар басшыларының Еуразия кіндігінде кездесуі ізгі дәстүрге айналды», - деді Дариға Назарбаева. Айта кетейік, бүгінгі отырыста Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен Хатшылық қызметінің келешегі туралы пікір алмасылады. Содан кейін 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар талқыланады.

 

 

 

Толығырақ ...