Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Құлшылық еткен халықтың қарасы көп

Жобалай қарасақ, бұл түні жас-кәрісі бар жеті мың шамасында жиналған бұқара «Иманғали» орталық мешітінің іші мен сыртында Қадір түнін қарсы алды. Алдымен жамағат болып құптан және тарауих намаздары оқылды.

Мұсылман жұртшылығы қадірлі кешпен құттықтауға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев арнайы келді. Қала әкімі қасиетті түнді қадірлеп келген ағайынды өз атынан құттықтап,мешіт жамағаттарының ынтымақ-бірлігін ұйытып отырған өкіл имамға рахметін білдірді.

Мұнан соң ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы өзі бастап және мешіттің діни қызметкерлері жалғап «Ораза айының абзалдығы және Қадір түнінің мән-маңызы» тақырыптарында уағыз-насихат өрбітті.

Мешітке келген бұқара халыққа діни тақырыптарда сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ұтымды жауап берген кісілерге қадір түнінің құрметіне бағалы сыйлықтар табысталды.Сондай-ақ, нәпіл намаздар оқылып, құлшылыққа еркі уақыт берілді. Мешітке келген халыққа 2 000 орынға арналған дастархан жайылып, сәресі тамағы ұйымдастырылды.

Айта кетейік, «Иманғали» орталық мешітінде өткен Қадір түні облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Атырау облыстық «Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Қадір түініндегі ауқымды ауызашар

Қадірі артқан Қадір түнін Атырау жамағаты жылдағыдай ынта-жігермен қарсы алды. Дәлірек айтсақ, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен біршама игі істер атқарылды.

Қадір түнін өткізуге келетін халыққа арнап, «Иманғали» орталық мешіті аулаға құрған киіз үйлердің санын жылдағыдан да  артып, биыл алты қазақы үй тікті. Аталған қазақы үйлерде мыңнан астам мешіт жамағаттары және қала тұрғындары келіп ауыз ашты.

Ауызашар дастарханында аймақтың өкіл имамы «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров және наиб имамдар қадір түнінің қасиеті тақырыбында уағыз-насихаттар жасады. Ауызашарға ағыла келген ағайындар да қадір түнін кең ауқымда атап жатқан мешіттің бас имамы Б.Берденұлына және қызметкерлерге шексіз ризашылықтарын білдіріп, елге деген жылы лебіздерін айтты.

 

Ауызашар соңында Құраннан аят оқылып, сауабы марқұмдарға бағышталды. Сондай-ақ, жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметшісі.

Толығырақ ...

Рамазан айында Құран Кәрімнен жарыс өтті

                Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз хадисінде айтады: «Сендердің ең қайырлыларың - Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің». Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды үйренуді бұйырып оны өзгеге үйреткеннің мәртебесі Ұлы Алланың алдында жоғары екенін айтып кетті. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды Құранды үйренуге, діни білім алу қажет екенін жеткізу үшін ауданымызда Қасиетті Құран Кәрімнен сайыс өтті.Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінің жастар жамағаты ұйымдастыруымен Қасиетті Құран Кәрімнен жарыс өткізіліп, жарысқа Оразұлы Абдулхайир ұзтазбен Жарсуат ауылы «Жарсуат» ауылдық мешітінің имамы Рспаев Құраштың Рамазан айында басталған сауат ашу курсында сабақ алған шәкірттер сынға түсті. Аталмыш сайысқа 23 шәкірттер қатысып, сайыс өте тартысты болып, сынға түскен шәкірттер өз білімдерін толықтай жеткізе білді. Қасиетті Құраннан сүре оқытып, қосымша діни сұрақтар қойылды. Сайыста Жұбан Әбілқайыр, Мұратұлы Ризабек, Ғайным Еркебұлан ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарды бөліп алды. Жүлдегерлерді құттықтау қағазы мен құңды сыйлықтар беріліп, қалған шәкірттерге алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды. Осындай жақсы шаралар көп болып, келер жастар білімді болып, білімдеріне сай амал етулерін бір Алладан сұраймыз.

 

                                                                                                               Индер ауданы баспасөз қызметі

Толығырақ ...

«Мың айдан да қайырлы», - Қадір түні!

   Жаратушы  Жаппар иемізге сансыз шүкірлер мен Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) - ға сансыз салауаттар болсын.Ұлы да Рахымды Алла Тағаламыз біздерді Исламның тура жолына салып, соңғы Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның үмметінен қылып, «он екі айдың сұлтаны» болған қасиетті Рамазан айы және де ақихат кітабы-Құран Кәрім түскен қасиетті Қадір түнін нәсіп етті.

Алла Тағала Қасиетті Құран-Кәрімде:

«Қадір түні мың айдан да қайырлы»,-дейді.Жалпы, бұл түннің қадір-қасиетін айтып тауыса алмаспыз.Тек қана қана мың айды математикаға салып есептеп қалсаңыз сексен үш жылдан астам уақыт шыға келеді екен. Яғни, бұл дегеніңіз   бір қарияның ғұмыры емес пе?  

  Тәуелсіз Қазақ елі де қасиетті Қадір түнін зор қуанышпен қарсы алды.ҚМДБ-ға қарасты үлкенді-кішілі барлық мешіттерде игілікті шаралар өтікізілді.Сол секілді Атырау қаласы, Тасқала (бұрынғы Алғабас) ауылы «Мәулімберген» мешіті де осы берекеге толған түнді лайықты қарсылады.Қасиетті Қадір түні мешітке келгендер- дің «қарасы» көп болды.Соның ішінде жастардың басым болуы жүрекке қуаныш сезімін ұялатты.Бас имам Мақсот Бағытжанов бастаған мешіт қызметкерлері қон- ақтарға аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. Сол кештің ауызашары мен таңғы сәре- сін ОҚО-ның тумалары Асқар мен Мейірлан есімді қос азамат көтеріп алды.Алла Тағала азаматтарға разы болып, еселеп сауап жазғай.

 Жамағаттар Құтпан мен Тарауық, үтір уәжіп намаздарын оқып демалып, ақсақал- дар бір-екі шыны тәтті шәйларын ішіп, орта буын менен жастар жағы Құран ашып, нәпіл намаздарын оқып, тәпсі тартып,газет-журнал қарап Қадір түнінің әрбір сәтін қалт жібермеді.Осыдан кейінгі кезекте асыл дініміз – Ислам  тарихынан жамағат-  тарға сұрақтар қойылып, нәтижесінде мешіт ақсақалы, қандас бауырымыз Өтеш атамыз құнды сыйлықты (жаңадан жарық көрген «Мұғалім сәни») қанжығасына байлап кетті.Сәресіне дейінгі уақытта мешіт имамы М.Бағытжанов ғибратты оқи- ғалардан әсерлі уағыз - насихат айтып, жамағаттар ерекше разылық танытты.Таң намазынан бұрын барша жамағат мешіттен «ауыз бекітіп», намаздарын оқып,кел- есі Рамазан мен Қадір түніне аман-есен жеткізуін бір Алладан тілеп тарқасты.Ұлы Жаратушы иеміз Қазақ елінің іргесін берік етіп,мәртебесін биіктете берсін.Әумин! 

«Мәулімберген» мешітінің

 

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Биылғы қасиетті Қадір түні Жарсуат ауылдық мешітінде кең көлемде аталып өтілді.

             Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шарипінде: «Айлардың сұлтаны — Рамазан, күндердің сұлтаны — жұма, түндердің сұлтаны  — Қадір түні» - дегендей, осы жылғы Қадір түні, хадисте айтылғандай ерекешеліктермен келді. Осы кеште Жарсуат ауылдық мешітінде ауыл тұрғыны, кәсіпкер Құмаров Жаңай ораза ұстаушыларға ауыз аштырды. Ауыз аштыруға ауыл әкімі Н.Әзғалиев, бас маман Т.Тасқарин, және ауыл жамағаттары қатысты. Қасиетті Қадір түнінде мешіт 130 дан аса жамағатпен толығып, Құтпан, Тарауих, Нәпіл намаздары оқылып, Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Қ.Рспаев пен Нұр-Мубарак университетінің 3-курс студенті Е.Сағынов жамағатқа уағыз-насихаттар айтып,  діни сұрақтар қойып, сыйлықтар берілді. Жамағатқа мешіттен сәресі беріліп, таң намазын оқып тарқасты.  

Жарсуат ауылдық мешітінің

баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Атырау облысы,Жылыой ауданы,Шоқпартоғай ауылындағы «Қапан қажы» мешітіндегі Қадір түні есте қалатын оқиғаларға толы болды.

Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған Қадір түні «Қапан қажы» мешітіне мұсылман қауымы жиналды. Мешітте ине шаншар жер жоқ. Жасы да, кәрісі де, осы түні мешітке ағылды.

Шоқпартоғай ауыл тұрғыны  М.Балжігітов жиналған жамағат пен барша халықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады. 

«Мешітте емін-еркін құлшылық етуіміз, осындай мол нығметке бөленуіміз – Алланың қалауыман ауызбіршілігіміздің арқасы. Бірлік болса – дініміз өркендейді, қоғамда тыныштық орнаса – жақсылықтар мен игіліктерге бөленеміз. Рамазан – мейірім, кешірім айы. Бір-бірімізге мейірімді бола білейік, бауырлар. Қадір түнінің әрбір минутын жақсылықпен өткізейік. Алла тағала дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін!» – деді.

Мешітте жамағат Қадір түніне дайындықты ауызашардан-ақ бастап кетті. Қадір кешіне жиналғандар биылғы жылы күннің ұзақтығы мен ыстық болғанына қарамастан, парыздарын қиналмастан өткізіп жатқандарын айтады. Биыл бірінші рет ораза ұстаған 56 жастағы Жұмабай есімді жігіт Қадір түнінде таңғы сәресіге дейін көз ілмей отырғанын айтты. «Бұрын әр нәрсені сылтау етіп ораза ұстамаушы едім,  бірақ ауыз бекіткеннен кейін оның еш қиындығы жоқ екенін сездім. Енді намаз оқып, құлшылық етуге ниеттеніп жүрмін», – дейді ол. «Қапан қажы» мешітінде Құран,хадис, «Менің алғашқы оразам» атты шығарма бәйгесі,араб әріптерін тез жинаудан, діни сауат ашып жүрген шәкірттер арасында жарыс ұйымдастырып жеңімпаздарға С.Балжігітов сыйлықтармен марапаттады.

         Айта кетер жайт зейнеткерлікке шыққан 83 жастағы Жақсылық,Оңғарбай,Жеңіс қариялар әлі күнге дейін ораза ұстайды. «Ораза ұстап келе жатқаныма 18 жыл болды. Ауыз бекіткен сайын ерекше қуат аламын, бойымда сергектік пайда болады. Кезінде Кеңес Одағы тұсында бүгінгі күндегідей ораза ұстап, имандылықты насихаттау мүмкін болмады. Ал қазір мешітке келген жастарды көріп, көңіл қуанады», – деді бізге ізгі ниетін жеткізген ақсақалдар.

         Мешітте бас имам Жамбыл Ыбыраш Қадір түнінің қасиеті мен қадірі жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ, жиналған жамағатқа Қасиетті түннің әр сәтін тиімді пайдалану қажеттілігі айтылып, мешіттегі үлкен экраннан  ораза жайында бейне фильмдер мен бағдарламалар көрсетілді.

Сонымен қатар «Қапан қажы» мешітіне жиналғандардың басым бөлігі жастар. Мешітке,  сыймаған халық сыртта уағыз тыңдап, бірі кітап оқып жатты.

 

Сондай-ақӨмірінде бірінші рет ораза ұстаған 35 дың үстінде ауыл тұрғындары болды.Олардың Рамазаннан алған әсерлерін,бұрынғы өмірлерімен ұштастырып айттқанда еріксіз көзге жас келді.

Шоқпартоғай ауылы «Қапан қажы»

мешітінің баспасөз қызметі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу