Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті

Қаңтар айының 21-і күні қалалық «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті. Жұмыскер мөлтек ауданы мешітінде өткен жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жүргізіп отырды.

Жиын барысында ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы сөз сөйлеп, «Ислам дініндегі достық» тақырыбында уағыз айтты.

Бас имам Ислам дінінің бауырмалдық діні екенін айта келе, дініміздегі достық тақырыбында сөз қозғады. «Дініміз бойынша адамдардың бір-біріне сүйіспеншілік танытуы, бауырына қолдау көрсетуі – бауырластық үлгісі. Осы орайда «Мұсылман – мұсылманның айнасы» екенін естен шығармаған абзал. Бұл – пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті», – деп жамағатты бауырмал болуға шақырды. 

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

 

баспасөз қызметі, «Әт-тақуа» мешіті

Толығырақ ...

Мәйітті кебіндеу тақырыбында емтихан қабылданды

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының Атырау өкілдігі бойынша жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелованың мәйітті кебіндеу рәсіміне арналған шеберлік дәрісін өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Дәріс негізінде мешіт жанындағы сауат ашу курсы шәкірттерінен емтихан қабылданып, нәтижесінде халыққа қызмет ететін кебіншілер тобы құрылатынын да ескерткен едік.

Міне, аталған бастаманың алғашқы қадамы – шәкірттер мәйітті арулап, кебіндеу, жаназа үкімі тақырыптары бойынша емтихан тапсырды. Емтиханға мешіттің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, ұстаз Айжарқын Түзелова қатысып, шәкірттердің аяқ алысына баға берді. 

Алдағы уақытта шәкірттер топқа бөлініп,осы тақырып бойынша ашық сабақ өткізеді. Осылайша марқұмды арулап және кебіндеу рәсіміне қатысты салттармен етене танысқан шәкірттер топырақты өлім жағдайында кебіндеу қызметіне жол тартпақ.

Алла тағала қадамдарын сауаптан жазсын!

 

Гүлбану Нұрымқызы,

Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Мешіт ақсақалдары жұма шайында бас қосты

«Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, аузы дуалы қарияларға құрмет көрсетіп, ақ батасын алу – ұлттық дәстүріміз. Қазақ – қашан да үлкеніне құрмет, кішісіне ізет білдіріп, сыйластықтан аттамаған халық. Осы өнегесі мол көне салт, ата дәстүр «Иманғали» орталық мешітінің назарынан тыс қалмады. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров жұма сайын қариялардың басын қосып, дастархан жаюды дәстүрге айналдырды. Осы ретпен бүгін мешіт қариялары (жамағат) жұма шайында бас қосты.

Жиын соңында қариялар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы, дініміздің өркендеп-өсуіне тілектес ниеттерімен бөлісті.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу