Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Әт-тақуа» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

Желтоқсанның 13-і күні Атырау қалалық «Әт-тақуа» мешітінде ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың  туған айы – Мәуліт мерекесіне орай «Адамзаттың абзалы – Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани-танымдық шара өтті.

Айта кету керек, "бұл – «Әт-тақуа» мешітінің Мәуліт мейрамына байланысты ұйымдастырып отырған ең алғашқы шарасы». Пайдаланылуға 2003 жылы берілсе де, мешіт тарихында тұңғыш рет Мәуліт кешін өткізіп, мешіт жамағатымен бірге пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтау туралы бірінші болып бастама көтеріп отырған бас имам Өсімхан Аманбайұлы шараны ашу барысында осылай деді. Және алдағы уақытта дәстүрлі түрде тұрақты өтіп тұратынын айтты.

Алыс-жақын жамағаттың басын қосқан дастархан басындамешіт найб имамы,теолог Серікжан Еншібайұлы адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айналасын сеніміділігімен тәнті етіп, көркем мінезімен баураған ізгі қасиеттері туралы уағыз айтып, өнегелі өмірінен мысалдар келтірді.

Теолог сөзін жалғаған бас имам Өсімхан Аманбайұлы «Көркем мінезді толықтыру үшін жіберілген» пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  өнегеге толы мүбәрак өмір жолынан үлгі алып, мінезді көркемдеу, сүннетіне сай амал етіп, салауат айту – ардақты елшінің (с.ғ.с.) шапағатына қауыштыратын ізгі қасиет екенін айтты. Сондай-ақ, жамағатты пайғамбарын (с.ғ.с.) сарқылмас сағыныш, асқақ махаббатпен әр дайым естен шығармай, сүннетінде шектен шықпас ізгі, салих құлдардан болуға шықырды.

Шара соңында «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары» атты дұғалар кітабы және ардақты елшінің «Қоштасу құтпасы» жазылған естелік бетшелер (буклет) жамағатқа сыйға тартылды.

ҚМДБ Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі, «Әт-тақуа» мешіті 

Толығырақ ...

Атырауда белгілі дінтанушы Смайыл Сейітбек уағыз-насихат айтты

Сәрсенбі күні орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілі Смайыл Сейітбек бесін намазынан кейін уағыз-насихат айтты.

 Уағыз тақырыбы – адамзаттың асылы, екі дүние сардары пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) және оның өміріне арналды. «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен өнеге боларлық қасиеттерін білу, өмірде қолдану маңызды мәселе болмақ. Бұл жолы пайғамбардың (с.ғ.с.) көршілерімен, басқа дін өкілдерімен қарым-қатынасы жайында сөз қозғамақпыз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолы, сүннеті, жоғарыда айтқанымыздай, тек кейбір элементтерге, сыртқы сипатқа ғана бағытталмаған. Мысалы Хз. Омардың бір қойды сойып, жұбайынан: «Мұның етінен еврей көршіге бердің бе?» деп сұрағанда, жұбайы: «жоқ!» деп жауап береді. Сол кезде Хз. Омар: «Алла елшісінің: «Жәбрейіл маған көрші туралы жиі ескерткені соншалық, мен көршіні мұрагер ете ме деп ойладым»» дегенін жеткізеді.(Бұхари, Әдеп, 28; Мүслим, Бирр, 140, 141) Демек, исламның жалпы адамға деген көзқарасының, қандай діннің өкілі болмасын адам болғаны үшін құрметке лайық екендігінің үлгісін пайғамбардан артық ешкім көрсете алмаса керек» деп атап өтті ол.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Артық Жұмабекұлы Томарлы әкімдігіндегі кездесуге қатысты

Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылының әкімдігінде Атыраудағы жергілікті ақсақалдар алқасымен, жастар қанатымен арада кездесу өтті. Басқосуға Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Артық Жұмабекұлы арнайы қатысты.

Ел бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы мәселесі сөз болған жиында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Артық Жұмабекұлы жаназа және жерлеу рәсімі кезінде атқарылатын рәсімдер, садақадағы қарапайымдылық туралы айтып, әсіресе, жамағатты дастархан мәзірінде аста-төктікке жол бермеуге шақырды. Ал, жастар қауымын мешіт үйлерінде атқарылатын бұқаралық, мәдени, рухани сипаттағы шараларға белсене қатынасуға үндеді.


Орталық «Иманғали» мешітінің      
баспасөз қызметі. 


Толығырақ ...