Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ауылым – алтын бесігім!

  Адамзат баласы, соның ішінде қарға тамырлы қазақ үшін атамекен, туған жер деген ыстық сөз, киелі ұғымдар. Бойында қазақы қаны бар әрбір азамат үшін кіндік қаны тамған ауылы ерекше қастерлі. Сол себептен болар болар, әр қазақ ара-тұра атакүлдікке барып, ел-жұрттың аужайын біліп, бір аунап қайтпаса көңіл шіркін де көншімейді екен.

  Ақпан айының 2-ші жұлдызында Атырау облысы, Махамбет ауданы,«Ақжайық» ауылы,«Қызыл-үй» орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бәтима Итенқызының  ұйымдастыруымен  «Ибалы адам – иманды қоғам» тақырыбында жоғары сынып  оқушыларының қатысуымен  тәрбиелік  кеш болып өтті.

Кездесуді  мектеп директоры Айгүл Бақиқызы ашып, тарих пәнінің мұғалімі Алмагүл Тілепова жүргізіп отырды. Ғибратты кездесуге 100 жылдық тарихы бар білім ұясының түлегі, Алғабас ауылы, «Мәулімберген»  мешітінің  бас имамы  Мақсот  Бағытжанов және көмекші молда Серік Бәйменов арнайы қатысты.

Шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті діни мәселер қозғалып, түрлі сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Кездесу соңында  мектеп әкімшілігі шара қонақтарына «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі» (Ханифи мазғабы бойынша ), Имам Ағзам Әбу Ханифаның «Әл - фиқһул әкбар»  (Ең үлкен фикһ) атты кітаптарды сыйға тартып, ризашылық сезімдерін білдірді.

Алла Тағала ісімізге береке беріп, ілімімізді арттырсын! Әумин!  

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті.

   

Толығырақ ...

«Мәулімберген» мешітінде теолог сабақ береді

Алла Тағаланың адамзат баласына жіберген ақырғы елшісі, сүйікті пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мұсылман ер мен әйелге білім алу парыз», – дейді. Яғни, әр мұсылман баласы білім иелерінен діни сауаттанып, ілім-білім алуға міндетті. Ыбырай атамыз: «Бір Аллаға сыйынып,   кел балалар оқылық...», – деп өлмес өсиет тастап кетіпті.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен төрт бағыттың бірі , оқу-ағарту болып табылады. Осы бағытта Атырау қаласы, Алғабас ауылы,«Мәулімберген» мешітінде облыстық Дін басқармасының маманы, теолог-ұстаз, «Нұр-Мүбарәк»  Египет  Ислам  мәдениеті  университетінің түлегі Аманкелді Қалдыбайұлы әр аптаның  1-ші  және  3-ші күндері  дәріс оқуды бастады. Дәріске түрлі жастағы шәкірттер қатысып, діни-шариғи дәрістермен сусындауда.

Алла Тағала баршамызға еселеп сауап жазсын.Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті.

Толығырақ ...

«Иманғали» орталық мешітінде Елбасы Жолдауы талқыланды

9-ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында мешіттің ақсақал қарияларымен кездесу өтті.

Жиынды мешіт ұстазы, ҚМДБ-ның Атырау өкілдігі бойынша жастар ісі бөлімінің жетекшісі Арман Урумбаев жүргізіп, Елбасы Жолдауының ұлттық тарихымыздағы алатын орнына тоқталды. Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда ұстанып отырған сарабдал саясатын көпшілікке түсіндіріп, Жолдау бағыттарын атап көрсетті.

Сондай-ақ, Жолдаудың ел бірлігі мен ішкі тұрақтылығын сақтауда алар орны, тіл мен ділдің ұйытқысы болған асыл дінімізді өркендетуде атқаратын қызметі талқыға түсті.

Кездесу барысында қариялар Жолдауға қатысты толғамды пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын айтты. Жиын соңында ел экономикасы, руханияты мен саясатын дамытуға бағытталған Жолдауға қолдау білдіріп, үн қосу, қоғамдық сана қалыптастыру ортақ міндет деген тұжырым жасалды.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Мешіт имамы Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында пікір білдірді

«Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Ардақ Жұмабекұлы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында  Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Достық» үйінде өткен жиынға қатысып, өз пікірін білдіріп қайтты.

         Ол облыс бойынша барлық қоғамдық келісім төрағалары, мүшелері мен мекеме басшылары, саяси партия, діни бірлестіктердің өкілдері қатысқан жиында мешіт имамы Елбасы Жолдауының тарихи маңыздылығын атай келе,

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы орнына тоқталды.

«Елбасы Жолдауы – ұлт тұтастығы мен ел бірлігін сақтауда айрықша маңызға ие құжат. Оның туған тіліміз бен ата дінімізді өркендету ісіне қосар үлесі мол. Сондықтан да Елбасы бастамасын көп болып қолдау – барша қазақ еліне ортақ міндет», – деді ол өз сөзінде. 

         Шараны Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Гүлмира Мүслімқызы жүргізіп, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында баяндама жасады.

         Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Д.Құлжанов «Конституциялық реформалардың бағдарламаларын талқылау», облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Т.Өтегенқызы «Ауылдық округ күні» тақырыптарында баяндама жасады.

Жиын қонақтары бірауыздан Елбасының Жолдауын қолдайтындарын білдірді.

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу