Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қ.Мұңайтпасов мешітінде жұма дастарханы жайылды

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде бас имамы Нартай Сүндетовтың әр жұма сайын жамағатқа арналған арнайы шай дастарханымыз жалғасын тауып келеді. Осы жұма уағызының жалғасы ретінде ұстаз теолог Батырбек Убаев уағыз насихаты барысында қазіргі үммет ахуалына, ақиқат діннің ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып өтті.

Мешіт жамағаты көкейлерінде жүрген түйткілді сұрақтарына қажетті жауаптарын алып, ризашылық білдірді . «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, дәстүрлі дінімізді ұстанып жүрген жамағат қатары да Аллаға шүкір көбейіп келеді. Жаратушы Иеміз баршамызға иман байлығы мен бейбіт күнін баянды қылғай! Әмин!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Иманғали» орталық мешіті

Толығырақ ...

Білікті теолог Қ.Мұңайтпасов мешітінде уағыз айтты

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде білікті теолог Батырбек Убаев жамағатпен кездесіп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мешітімізге бекітілген теолог, ұстазы Батырбек Убаев өз біліктілігімен жамағаттың ойынан шығып, көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауаптарын беріп келеді. Осыныңнәтижесінде ақсақалдар арасында намазға бет бұрған жамағат саны күн санап артуда.

Осы жолғы уағыз да көптің көңілінен шығып, ақсақал қариялар алғыс сезімдерімен бөлісті.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау

        2-наурыз күні Жылой ауданы, Жана Қаратон елді мекеніндегі №23 мектепте «Дәстүрлерді, әдеп ғұрыптарды және ұлттық қағидаларды қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің бас имамы А.Сәрсекеев, ауылдық әкімшіліктен С.Ұзаққызы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Бас имам жастарға дәстүрлі Ислам діні құндылықтары, экстремистік ағымдардың кері әсері, терроризмге қарсы, бейбітшілікті қолдаушы, ең таза дін екендігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

«Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі Ислам дінін толық білмеуінен. Біз жастарымызға Исламды дұрыс түсіндірсек, олар жат ағымдарға ермеуші еді», – деді бас имам.

       Шара соңында мектеп әкімшілігі шара қонақтарына алғыс айтып, алдағы уақытта жүйелі кездесу өткізіп тұруға келісті.


ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Берік болса сенімің – имандылық болар серігің

          1-наурыз күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «Болашақ-Жылыой» колледжінде «Берік болса сенімің – имандылық болар серігін» атты тақырыбында кездесу өтті.

Шараға «Жылыой орталық» мешітінің бас имамы А.Исаев, мешіт ұстазы Сулейменов Дастан, «Қосшағыл» мешітінің имамы Т.Айдарбекұлы, колледж директоры С.Бланова, жасөспірімдер инспекторлары және колледж студенттері қатысты.

Шара барысында имамдар дәстүрлі Ислам дінінің артықшылығы мен иманды ұрпақ тәрбиелеу, діни экстремистік ағымдардың кері әсері, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы, ата-ананың қадірі туралы түсіндірді. Сондай-ақ, сала мамандары да өздерінің ақыл кеңестерімен бөлісіп және жастарды адастырып жүрген уахабизммен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс-тәсілдерін ашып көрсетіп берді.

           Кездесу соңында студенттер өздерін мазалап жүрген сауалдарын дін саласында жүрген мамандарға қойып, тұшымды түрде жауаптарын алды. Келген қонақтарға колледж әкімшілігі атынан алғыс айтып, алдағы уақытта жүйелі кездесу өткізіп тұруға келісті.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Садақа – сараңдықтан сақтайды

Ислам шариғатында садақа сөзінің аясы кең, мағынасы терең. Садақа тек қана тиын-тебенмен өлшенбейді. Әрбір жасаған жақсы ісіміз, айтқан жылы сөзіміз, жылы қабақ танытуымыз да садақа-сауап болып жазылады. Дегенмен де бұқара-халық арасында тұрмыстан қиыншылық көрген, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар да жоқ емес.  

  Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өз хадистерінде жоқ-жітікке садақа берудің, қайырымдылық жасаудың сансыз сауапқа кенелтіп, күнә-кемшіліктен арылуға бастар жол екенін айтады.

Әбу Һурайрадан  (Алла оған разы болсын) Пайғамбар (с.ғ.с.):  «Пенделер таң атырған әрбір күні (аспаннан) екі періште төмен түсіп, оның бірі: «Уа, Алла! (Мал- дүние) жұмсаушыға қарымта бере гөр!»-дейді, ал екіншісі: «Уа, Алла! Сараңды опат ете гөр!», –деп айтады» деген.

Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен Алтынай Құлмағамбетова, Тұрар Хатимуллин, және Қанағат Мақсотова мен Қуандық Дүйсәлиев сынды әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық пакеттері үлестірілді.

Алла Тағала азды-көпті игі амалдарымызды қабыл етіп, сауаптан жазғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, ағайын! Әумин!


ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі.

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті студенттерге қайырымдылық жасады

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінің бас имамы Н.Сүндетовтің ұйымдастыруымен «Атырау мұнай және газ» колледжінде білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп жатқан шара барысында бас имам сөз сөйлеп, Ислам дініндегі қайырымдылық жасау амалының сауапты қадам екенін атап көрсетті.

 

ҚМДБ Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Қарты бардың қазынасы бар

1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, жалғыз басты әже, Ганюшкин ауылының тұрғыны, ардагер ақ жаулықты ана Темірешова Ақбөпе әженің үйіне  Құрманғазы ауданы бойынша Жастар ресурстық орталығының төрағасы Вахитов Бақтияр және «Темірәлі» мешітінің бас имамы Жарқымбаев Нұрлан арнайы барып, хал жағдайын білуге кіріп шықты.

Жастайынан әке шешесінен ерте айырылған әже басынан өткен тауқыметті бір өзі тартқанын, жалғыз ұлы қайтыс болғандығын күңірене отырып баяндады. Колхоз, совхоздың кезінде де көптеген салада еңбек еткен Ақбөпе әжеге көңіліне демеу ретінде азық түлік берілді.

 

ҚМДБ Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Мүгедектер мейірімге мұқтаж

     ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен негізі төрт жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық. Жалпы, қазақ халқының қанында бар ізгі қасиеттің де қайырымдылық екені даусыз дүние. Бұрынғы кездері үлкендер «қол қайырымы жоқ», – деп әлдебіреулерге реніштерін білдіріп жататын. Яғни, қайырдымдылық Ислам шариғаты бойынша да көл-көсір сауапқа да жетелейді.

 ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, осы төртінші жұмыс бағыт аясында облысқа қарасты барлық мешіттерге  «Мүгедектерге қамқор болайық!» атты қайырымдылық акциясын өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Атырау қаласы,Тасқала  ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың мұрындық болуымен бірнеше мүгедек мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді.

  Атап айтқанда,Тасқала ауылы Қатап Жұмиев көшесінің тұрғыны 3-ші топ мүгедегі Гүлзира Әбуқызы Нұрғалиева, «Кең-өзек» ауылдық округі, «Зарослый» бөлімшесінің 2-ші топ мүгедегі Гүлжамал Оразбаева мен Атырау қаласы, Ақжайық тұрғын алабында тұратын 2-ші топ мүгедегі, 75-жастағы Марфуға Қадырова есімді әжейге де қайырымдылық көмек жасалды.

Жаратқан Жаппар иеміздің разылығы үшін жасалған әрбір игілікті істеріміз қабыл болып, Ұлы Рахман еселеп сауап жазғай! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел іргесі биік болғай!  Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...