Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Аялы ағаш – саялы

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті нің жамағаты имамымыз Н.Сүндетовтың  ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні «Аялы ағаш саялы» тақырыбына сай  мешіт алдына жаңа көшеттер  отырғызды.

Мешітіміздің айналасына тазалық жұмысы жүргізіліп, көшеттер суғарылды.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Жылыой аудандық орталық мешітде имамдар бас қосты

        17-сәуір күні Жылыой ауданы орталық мешітінде аудандық көлемде жинын өтіп, шараға Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Изимов, Атырау облысы қалалық мешітінің бас имамы  Ғұмаров Эммат, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог- маманы Батырбек Убаев, Жылыой ауданының бас имамы А. Исаев және ауданға қарасты, ауыл имамдарымен басқосу өтті.

Күн тәртібінде қаралған жұмыстар мешіттің құжаттары, ауылдық имамдардың жалақылары, мешіттерге ұстаздар жетіспеушілігі сынды бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық орталық мешіті

Толығырақ ...

Білікті теологпен кездесу

17-сәуір күні «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ-ның теологы Батырбек Убаев  «Жылыой мұсылмандар» орталық мешіті жамағатымен жүздесті. Кездесу барысында Б.Убаев «Ата-ананаға құрмет» тақырыбында уағыз айтты. Сөз барысында «Адам баласының Алла Тағала алдында дәрежесін көтеретін амалдардың бірі – ата-ананы құрметтеу. Бұл ретте  Құран Кәрім«Раббың,  өзіне  ғана құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық  жасауларыңды  парыз етті», – десе, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ана ашуында», – деп, ата-ананың  разылығын алуды өсиет етеді.

        Сондай-ақ құптан намазынан алдында 300 -ге жуық жамағатқа теолог Батырбек Убаев  «Амалдардың ең жақсысы азда болсада үнемі жалғасын тапқан амал» атты тақырыпта әсерлі уағызын айтты. Кездесу соңында Жылыой аудандық мешіттің бас имамы А.Исаев арнайы уақытын бөліп келген ұстазға жылыойлық мұсылмандар атынан алғыс айтты. Дін жолындағы жауапты қызметіне береке тіледі.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық орталық мешіті

 

Толығырақ ...

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізген зардабы

 

17-сәуірі күні Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылдық округі «Ырыс» спорт кешенінде «Деструктивті ағымдардың қоғамға тигізетін зардабы» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараның мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жат ағымдардан сақтандыру, отбасылық дәстүрлі құндылықтарды насихаттау жұмыстарын жүргізу.

 

Шараға облыстық Дін істері басқармасы «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Әбішова Дина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігері Жұмағалиева Эрика, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Құлсымақов Мейіржан, аудан депутаты Балжігітов Ситжан, ауыл әкімі Елеусінов Ерболат, Атырау ІІБ-нан және «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы – мектеп мұғалімдері мен оқушылары, ауыл тұрғындарын қамтыған кездесу өтті. Шара шымылдығын ашқан Е.Елеусінов, жастардың діни сауатты болуы деструктивті ағымдардан сақтанудың бір тетігі екенін жеткізе келе, әлеуметтік желілер мен діни әдебиеттер оқыған кезде дәстүрлі дінімізге қайшы дүниелерге аса мән беру керектігін атап өтті.

 

Теолог маман М.Рахматуллаұлы өз сөзінде бүгінгі таңда елімізде ақпарат құралдарынан беріліп отырған деструктивті діни ағымдардың қызметі жайлы мәліметтерге көңіл аудару азаматтық міндетіміз екенін айтты.

 

Деструктивті діни ағымдар тек азаматтардың өміріне ғана емес, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардабын тигізіп отыр. Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы инстанциялар еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделі, – деді теолог. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі», - деп ұлағатты сөз айтқанын тілге тиек етті.

 

Сондықтан мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды, - деп сөзін қорытындылады М.Құлсымақов. Жиын соңында діни тақырыпта сұрақтар қойылып, өз ойларымен пікір алмасылды.

 

Толығырақ ...