Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Иманғали» орталық мешітіне жас ұстаз қызметке қабылданды

«Иманғали» орталық мешітіне жас ұстаз қызметке қабылданды

ҚМДБ-ы төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Иманғали» орталық мешітіне жас ұстаз, дін саласының маманы Бегалиев Еламан қызметке қабылданды. Бұл туралы 2-маусым, қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жұма намазына жиылған жамағатқа мәлім етті.

Е.Бегалиев – Тараз медресесінде білім алған діни оқу ордасының түлегі. Осыған дейін «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорында қызмет еткен. Өкіл имам Еламанның болашағынан үміт күттіретін жас маман екенін айтып, ұстаздық қызметіне сәттілік тіледі.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Балалар мерекесі курс шәкірттеріне ерекше көңіл-күй сыйлады

Балалар мерекесі курс шәкірттеріне ерекше көңіл-күй сыйлады

Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мектеп жасындағы ұл және қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастағаны белгілі. Аллаға шүкір, аз ғана уақытта ұл балалар курсына 60-қа тарта ұл бала тіркеліп, қазіргі таңда күніне екі мезгіл кезекпен білім алуда.

Осы орайда 7-17 жас аралығындағы ұл балалар курсының жетекшісі, мешіт ұстазы, наиб имам Артық Жұмабекұлы  1-маусым халықаралық балалар күнін атаусыз қалдырмай, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Арабша әріп танып, Құран үйренсем деп мешіт табалдырығын аттаған балаларды сабақтан кейінгі уақыттарда мешіт ауласындағы батутқа ойнатып, түрлі тәттілер мен сыйлықтар тарту етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Үміт еткен көзімнің нұры – балам...

Үміт еткен көзімнің нұры – балам...

Қасиетті Рамазан айының басталуымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен мектеп жасындағы ұл және қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастағаны белгілі.

Міне, аз ғана уақыт ішінде 7-17 жас аралығындағы қыз балалардың арабша сауатын ашып, Құран үйретуді қолға алған ҚМДБ-ы Атырау өңірі  бойынша Әйел-қыздар секторы 1-маусым халықаралық балалар күнін атаусыз қалдырмады.  Яғни, 2-маусым, қасиетті жұма күні «Балалар – жүрек жемісі, көздің нұры» атты білім сайысын ұйымдастырып, Ислам негіздері және пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) балалық шағы туралы білімдерін сынға салды. Сондай-ақ, курстың ашылу салтанатында үй тапсырмасы ретінде жаттауға берілген «Піл» сүресі жатқа сұралды.

50-ге тарта шәкірт қатысқан шараға мешіт ұстаздары Айжарқын Түзелова, Бибінұр Қармысқызы, сонымен қатар, Алла үйінде іс-тәжірибеден өтіп жатқан «Нұр-Мүбәрак» университетінің 3-курс студенті Шаттық Серікқызы жетекшілік етіп, болашақ бойжеткен ару қыздарымызға сыйлықтар тарту етті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...