Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Оразадағы қайырымдылықтың сансыз сауабы бар...

Оразадағы қайырымдылықтың сансыз сауабы бар...

Құдіреті күшті Алла Тағала қасиетті Құран-Кәрім аяттарында күллі мұсылман баласына Рамазан айының парыз болған оразасын ұстауды бұйырса, ардақты Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өз хадистерінде оразаның ұшан-теңіз сауаптарға жетелейтін амал екенін ұғындырған.

 Алла Тағалаға мың сан шүкір,ораза тұтушы жамағат саны жыл өткен сайын артып, тарауық намаздарына қатысуда. Алланың оразаның сауабын өзім беремін деген таудай сауабына ие болуда. Әрине, отыз күн оразаның өз қиыншылықтары бар. Әсіресе, қырық күн шілдеге тап келген қазіргі кезде ораза тұтушыларды шөлдің қинайтыны шындық. Міне, тарауих намазында жамағатты сумен қамтамасыз етіп, сауабын алу мақсатында қайырымқол азаматтар «Мәулімберген» мешітіне 19 литрлік құтыдағы таза судың бірнеше данасын табыстады.

Жаратқан иеміз баршамыздың тұтқан оразаларымыз бен берген садақаларымызды қабыл етіп, еселеп сауап жазғай! Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі көрсетілді

Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі көрсетілді

           Қасиетті Рамазан айында «Жылыой мұсылмандар» мешітінде құптан намазының алдында жиылған жамағатқа әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу үлгісі үйретіліп жатыр.

Алла тағала Құранда: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ иілушілермен бірге иіліңдер», - деп бұйырған. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаз жайында былай дейді: «Кімде-кімнің есігінің алдында бір өзен болып, сол адам өзенде күніне бес рет жуынса кірден із қалар ма екен?», Тыңдап отырғандар: «Ешқандай кір қалмайды», –деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Міне, бес уақыт намаз да осыған ұқсайды. Алла Талаға намаз арқылы күнәларды тазартады», –деген.

Рамазан айында намазды жаңа бастаушылар көптеп келетіні мәлім. Осы сәтті ұтымды пайдаланып жүрген мешіттің наиб имамы Б.Сағындықов тарауих намазына жиналған жамағатқа намаз оқу үлгісін көрсетуде. Бұл үрдіс қасиетті айдың соңына дейін жалғасатын болады. Намаз үлгілеріжастарды жат ағымға емес, дәстүрлі дінді ұстануға шақырады.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой орталық мешіті

Толығырақ ...

Облыстық дін саласы мамандарына ауызашар берілді

8-маусым күні «Иманғали» орталық мешітінде облыстық Дін істері басқармасы мен Ақпараттық талдау орталығының ұжымына ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Ауызашар дастарханын ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, дін саласы мамандарын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Облыстық Дін істері басқармасы басшысының орынбасары М.Ізғалиев бастап келген  дін саласы мамандарының атынан Батырбек Убаев, Мейіржан Құлсымақов сынды теологтар сөз сөйлеп, өкіл имамға, мешіт ұжымына ризашылық сезімдерін жеткізді. Сондай-ақ, Алланың мейірімі түскен қасиетті айда жасаған құлшылық, тұтқан оразаларының қабыл болуына тілектестік ниеттерін білдірді.

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...