Бас имам Батыржан Мансұров «Иман нұры» бағдарламасының арнайы мейманы болды
- Бөлім: Жаңалықтар
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан Мансұров «Қазақстан – Атырау» жергілікті телеарнасында қонақта болды.
Бірнеше жылдан бері көрерменге тікелей эфирде көрсетіліп келе жатқан «Иман нұры» бағдарламасына бас спикер ретінде шақырылған Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров «дін және қауіпсіз әлем» тақырыбында сұхбат өрбітті.
«Расында, дін дегеніміз – жеңілдік. Діннен асып түсем деп тыраштанған адам бәрібір түбінде діннен жеңіліс табады. Ендеше, әр істе тура һәм орта жолды ұстаныңдар. Әр істі мейлінше кемеліне жеткізіп орындауға тырысыңдар. Міне, сонда қуана беріңдер…». Бұл – ақырғы Елші Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) сөзі, ислам дінін қиындатуға, құлшылық мәселесінде шамадан тыс тыраштануға, әсірелікке бой алдыруға болмайтынын меңзеп тұр емес пе?! Мұндай жағдай орын алғанда адамды діннен бездірері сөзсіз. Олай болса, исламда ізгілік жасау, қамқорлық, мейірімділік үстемірек. Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні. Және ислам - ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған әлемдік дін» деп атап өтті Бас имам Батыржан қажы Берденұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.