Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам және отбасы жылына орай, уағыз-насихат өтті

Еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың биылғы жылды «Ислам және отбасы жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте тағылымды шара өтті.

«Неке пайғамбарлар сүннеті» тақырыбында өткен шарада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің Бас имамы Ардақ Жұмабекұлы ерлі-зайыптылардың міндеттері, отбасы құндылықтары мәселелері төңірегінде кіріспе сөз сөйлеп, уағыз-насихатты одан әрі Атырау қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің Бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жалғастырды.

Екі жүзге жуық жамағатқа дастархан жайылған тағылымды шара соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Құспан молла мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталған мешіттің Бас имамы Эммат Ғұмаровтың бастамасымен аз қамтылған отбасы, жалғызбасты санаттағы отыз адамға азық-түлік пакеті тапсырылды. 

             Қайырымдылық пакеттерін мұқтаж жандарға арнайы тапсырған «Құспан молла» мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров мұсылманның мұсылманға көмектесуі, жалпы, адамзат арасындағы көзге көрінбейтін бауырмалдылық қасиетті дамыту – исламда құпталатын ең сауапты амалдардың бірі екендігін айтты. «Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы» деп атап өтті Эммат Ғұмаров.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Толығырақ ...

Аналарға құрмет көрсетілді

Атырау қалалық Құспан молла мешіті аналарға құрмет көрсетті. Құлшылық үйі жанынан ашылған сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірт аналардың басын қосқан Құспан молла мешітінің Бас имамы Эммат Ғұмаров кездесу барысында ислам дініндегі әйел-аналардың роліне, маңызына тоқталды.

 «Ана -  баланың алғашқы мектебі» деген сөзді білеміз, себебі сәбилік кезеңдегі ананың рөлі өте үлкен. Яғни, ана баланың мінез-құлқы мен тәрбиесінде маңызды роль атқарады.  Адамзат тарихындағы барлық дана, ғұламалар, ғалымдар, сахабалар олардың барлығы да анасының қолында өскен сәбилер болған. Барлығының бастауы – Ана» деп атап өтті Бас имам Эммат Ғұмаров.

Кездесу соңында шәкірт аналардың барлығына «Тәпсір тұнығы» және «Дін мен дәстүр» кітаптары тапсырылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданы жамағатымен жүздесті

        Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына келді.

       «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің жамағатымен жүздескен мүфтият өкілі Алтынбек Ұтысханұлы «Салиқалы әйелдің сипаты»,  «Отбасы және ислам» тақырыптарында уағыз айтты.

          «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер әйел кісі бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза тұтса және ар-намысын қорғап, күйеуіне бойұсынатын болса, онда оған: «Жұмаққа қалаған қақпасынан кір» деген. Демек, салиқалы әйел қашанда шаңырақтың негізгі ұйытқысы, отбасының шамшырағы, саналы ұрпақ жалғасының кепілі болып қала береді» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.


     «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...

Атырауға мүфтияттың бөлім жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы келді

Атырауға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы іс сапармен келді. Жұмыс сапары барысында аталған мейман орталық «Иманғали» мешітінде жамағатпен бірге намаз оқып, жастармен кездесті.

Кездесу барысында мүфтияттың бөлім жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы «Ислам және отбасы» тақырыбында уағыз айтты. «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген» деген спикер одан әрі еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораздың «Өзгеруді өзіңнен баста» деп аталатын бастамасының мәнін түсіндірді. «Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді» деп баяндаған. Дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды» деген Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сөзін келтірген спикер Алтынбек Ұтысханұлы рухани жаңғыру бастамасының мәні туралы да кеңінен айтып өтті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.


Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу