Биыл 19-шы наурыз Раджаб (Ережеп) айының 1-ші күніне сәйкес келеді. Алла ТағалаҚұранКәрімде: «Расында Алла қасындакөктер мен жердіжаратқаннанберіАлланыңкітабындағыайлардың саны он екі. Бұлардыңтөртеуі — құрметтіайлар» делінген.
Құрметтіайларға: зулқағда, зулхиджа, мухаррамжәнеережепайларыжатады. Ережеп – берекеліай. АллаТағалабұл айда жақсылықтыеселепбереді. Бұл ай, хадистеайтылғандай, Алла Тағаланыңайыболыпсаналады. Ережепайы – мұсылманшаайкүнтізбесіндегіжетінші ай. ОданкейінқасиеттіШағбанжәне Рамазан айларыкеледі.
«Ережеп» сөзі араб тіліндегі «ражаба», яғни, ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Бұлай аталуының бірден-бір себебі — арабтар Исламнан бұрын осы айды ерекше ұлықтап, қадір тұтып, барлық жағымсыз істерден іргесін аулақ салған. Ал, Ислам келгеннен кейін Ережеп айының мәртебесі тіпті өсті. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайтын. Бұл айда тәубә етушілерге Алла Тағаланың рахымы мен мейірімі ерекше мол төгіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннатта сүттен ақ, балдан тәтті бір өзен бар. Ол — Ережеп деп аталады. Кімде-кім Ережеп айында ораза ұстаса, Алла Тағала сол өзеннен су ішкізеді», — дейді.
Сондай-ақ, Ережеп айы кіргенде: «Раббым, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» деп дұға ететін болған. Ережеп айында қасиетті екі түн бар. Бұл айдың алғашқы жұмасы Рағайып түні болса, жиырма жетінші түні Миғраж түні келеді.
Сәубан (р.а.) айтты: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) екеуміз бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір кезде қабірлерге қарап, көзіне жас алды. Содан соң маған қарап: «Ей, Сәубан, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп, Алла Тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза тұтқанда немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе, онда бұларға қабір азабы болмас еді», - деді. Сонда мен: «Я, Расулулла (с.ғ.с) , Ережеп айының бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға каффарат болады ма?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Әр мұсылман ең болмаса Ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар», - деді.
Ережеп – мағфират айы, адамдардың күнәлары кешірілетін ай. Сол себепті, ол Алла Тағаланың айы болып есептеледі.
Ал, одан кейін келетін Шағбан айы – шапағат айы, бұл айда бараат кеші, ғибадат түні бар. Сол себепті ол – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айы. Рамазан – тозақтан құтылатын, яғни күнәдан тазарып, құлшылық ететін ай. Сол себепті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар үмбетінің айы болып есептеледі.
Сондықтан, келе жатқан мүбарак бұл айларда қолымыздан келгеншеҚұран оқып, дұға жасап, көп истиғфарлар айтып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып, мүмкіндікті бос өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал.
А. ИСАЕВ
«ЖЫЛЫОЙ МҰСЫЛМАНДАР»
Жылыой аудандық мешітінің Бас имамы.