«Мәулімберген» мешіті ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды
- Бөлім: Жаңалықтар
Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылындағы «Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Мақсот Бағытжановтың бастамасымен «Ағашты жердің ырысы мол» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акция кезінде жамағатмешіт ауласы мен көшелерге көшеттерді отырғызып, жас ұрпаққа тамаша үлгі көрсетті. Көшеттер Алғабас ауылындағы «Роза Медикал» мекемесінің ауласына да отырғызылды. «Жақсы істің жаршысы болу - барша мұсылманға тән қасиет. Әрі, қоршаған ортаны қорғау да біздің міндетіміз. Тау, су, Жер анамен бірге, адамзат атаулының таза ауамен тыныстауына жағдай жасап отырған жасыл желек біткеннің барлығы - Алланың берген ең үлкен нығметтерінің бірі» дейді жамағат.
«Мәулімберген» мешітінің баспасөз - қызметі.
