Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

МЕЙІРІМНІҢ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛҒАЙ!

 Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді қауым!

Баршаңызды исі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын. Айт мейрамы құтты-берекелі болғай! Әр отбасына амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Толығырақ ...

Атырау мешіттері Құрбан айтқа дайындалуда

Атырау  облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен мұнайлы өлкедегі барлық мешіттер қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындықты бастады.

          Бүгін облысқа қарасты барлық мешіттерде тазалық жұмыстары жүргізілді.  Мәселен, бір ғана орталық "Иманғали" мешітінің ішкі және сыртқы  тазалығына "Иман жастары" қозғалысының еріктілері атсалысты.

          Осындай игі жұмыс Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте де жалғасты. Мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесіп, қураған шөптерді жұлып, ауланы тазалап, су сеуіп, біраз жұмыстар атқарылды.

 

                    Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...

Бас имам жастармен жүздесті

Атырау облысының Бас имамы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Батыржан қажы Берденұлы жергілікті жас буын өкілдерінен құралған «Иман жастары» ұйымының мүшелерімен кездесті.

          Жүздесу кезінде ислам өркениеті, білім мен ғылымның ислам дініндегі ролі мәселесі сөз болды. Және де Бас имам жастармен кеңесе отырып, ұйымның алдағы жұмыс жоспарларына да бағыт-бағдар берді.

          «Дін мен ғылым секілді екі үлкен тақырыпты қаузамас бұрын «Ислам қандай дін?» деген сұраққа жауап іздесек, исламның адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін екендігіне көз жеткіземіз. Дінімізде құлшылық, мәдениет, білім-ғылым, құқық, саясат, жанұя, экономика да қамтылған. Ислам өз алдына үлкен мәдениет. Адамзаттың өмір сүру конституциясы. Қасиетті Құранның  «Оқы!» деген әмірімен басталуы да көп нәрсені байқатады» деген Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров исламның негізгі іргетасы – оқу-ағарту болып табылатындығын атап өтті.

 

          Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу