Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тағылымды шара жетпіске жуық әйел жамағатының басын қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау өкілдігі Құрбан айт мерекесін тың форматта атап өтті.

Ұстаз Зарина Жөкенованың басшылығымен ұйымдастырылған шарада қасиетті мереке құрметіне мешіттің әйел жамағаты мейрамханада бас қосты.

Халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара қасиетті Құран-Кәріммен басталды. Бұдан соң ақ жаулықты аналар шашу шашып, мерекенің сәнін аша түсті. Әйел жамағатын шара кезінде Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы құттықтап, Құрбан айт мерекесінің татулықтың, ізгіліктің символы екендігін атап өтті.

Мерекелік шара аясында шәкірттер тұнған өнегеге құрылған тағылымды көріністер қойылып, аналарға құрмет көрсетті. Жүректен жарып шыққан жыр жолдары оқылды. Сонымен бірге, әйел жамағаты арасында өткен Құран жарыс мерекенің сипатын аша түсті. Жетпіске жуық адам қатысқан шарада жамағатқа тойбастар сыйлығы таратылды.

«Бұрын діни мерекелер мешіт немесе медресе ішіндегі шаралармен шектелетін. Бұл жолғы шара ауқымды аудиторияны қамтуымен, әрі жаңаша штрихтарды енгізуімен ерекшеленіп отыр. Бүгінде діни мерекелер жалпы халықтық сипатқа ие болды» дейді әйел жамағаты.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Сатен - Шамек» мешітіндегі мереке

Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде орналасқан «Сатен - Шамек» мешіті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.


                        Доссор кентіні
ң жамағаты таң сәріден мешітке ағылды. Айт намазының алдында Доссор «Сатен - Шамек» мешітінің Бас имамы Батыр Бердіқұлов Құрбан шалудың және Құрбан айт мейрамын атап өтудің маңыздылығын, тарихын уағыз-насихат қылып айтып өтті. Және жастар арасындағы ауызбіршілік, елімізге деген жанашырлық жөнінде де ойқозғады.
                      Сондай а
қ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлыныңқұттықтауын Доссор кентінің жамағатына жеткізді.
                      Мешіт жама
ғаты мешіт ауласында тігілген киіз үйде мерекеге арнайы даярланған айттықтан дәм ауыз тиді. Құран оқылды. Үш күнге созылған айт мерекесі кезінде әлеуметтік жағдайы төмен, мүгедек, мұқтаж жанұяларға, барлығы отыздан астам отбасыларына құрбан малыныңеті таратылды.
                      Айта кетелік, «
құрбан» - араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Демек, бұл лайықты ізгі істер жасау арқылы, Жаратқанға жақындау деген сөз. Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - «Құдайға құлшылық ниетімен ереже-шарттарын ескере отырып, мал шалу».


                     «Сатен - Шамек» мешітіні
ң баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Жастар қасиетті Құранды жатқа айтты

Мақат ауданына қарасты  "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешіті жасөспірімдер арасында Құран жарысы байқауын өткізді.


             Бай
қауға Доссор кентінің жас қарилары, Мақат кенті, Жылыой ауданының Құлсары қаласы және Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан жас буын қатысты. Мұнайлы өлкеге Түркия елінен арнайы шақыртылған ұстаз Хусейн Кая және "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешітінің имамы Батыр Бердіқұлов қазылық еткен Құран жарысы өте тартысты, қызғылықты жағдайда өтті.
            Бірнеше турдан т
ұрған бәсеке кезінде Құранды қырағатпен оқуда Ізгілік Әбубакр барлық қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды талассыз иемденді. Қасиетті Құран Кәрімнің бір парасын жатқа айтудан Әлібек Асхатұлы бірінші орынды,Әлфараби Батырұлы екінші орынды иемденді.
           
Құранның жарты парасын жатқа айтуда Бексұлтан Ерболұлы үздік шықты. Екінші орын Әлинұр Әлденұлына бұйырды. Құранның жиырма      сүресін жатқа айтуда МұхаммедАли Досжанұлы бірінші орынға, Мәди Досжанұлы екінші орынға лайық деп танылды.
           Шариғатта
"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп және үйреткендерің" деген. Ендеше, ілім ізденуші адамның ең әуелгі міндеті - Құранды жаттау екендігі сөзсіз. Егер біз ертеректегі ізгі мұсылмандарға қарасақ, олардың барлығының Құран мәтінін толық жаттауға өте қатты көңіл бөлгендігін байқаймыз. Өйткені, Құран күллі әлемдегі ілім мен ғылымның негізі. Құранды толық жаттап біткен соңғана олардың шариғаттың басқа салаларына өткендігі Құран жаттаудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Бірақ, қазіргі таңда ілім ізденуші көпшілік мұсылмандардың Құран іліміне, оны жаттауға аз көңіл бөліп, шариғаттың басқа салаларын жетік меңгеруге тырысып жүргеніне куә болып жүрміз. Сол себепті, Құран жарысын өткізу арқылы, жасөспірімдерді ынталандыруды көздедік" дейді "Доссор мұсылмандар Сатен Шәмек" мешітінің имамы Батыр Бердіқұлов.
                 Айта кетелік, сайыс
қорытындысымен жүлде иеленген жасөспірімдердің барлығы қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға Мақат ауданы мешітінің имамы Дәурен Нұржанұлы арнайы қатысып, Құран оқу, ілім алу тақырыптарында ой-пікір өрбітті.


             Орталы
қ "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу