Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ханафи мәзһабының фиқһтағы орны

Алла Тағала Адамзат баласына мейірімін төгіп, Пайғамбарлар жіберіп, соның ішінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қасиетті Құранды насихаттады. Нәтижесінде мыңдаған сахабаларды тура жолға салып, тәрбиелеп кетті.

Ардақты сахабалардың ізін жалғастырып, Ислам дінін дүние жүзіне жайған атақты табиғиндер болды. Солардың арасында шоқтығы биік Имам ағзам Әбу Ханифа еді.

Қазіргі уақытта дүниежүзінде шамамен 48 пайыз мұсылман осы Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабымен амал етуде. Жалпы, Орталық Азия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия, Ресей, Кавказ, Қазақстан аумағындағы мұсылмандар осы мәзһабты ұстанып, тату-тәтті өмір сүруде.

«Фиқһ» сөзі араб тілінде «түсіну», «терең ұғыну» деген мағы- наларды білдіреді. Ал, діни термин ретінде ол – шариғат үкімдерін зерттейтін ғылым – деген мағынаға саяды.

Фиқһ ғылымының негізгі дереккөзі қасиеттіҚұран мен Сүннет болып табылады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шайтанға қарсы мың құлдан бір фақиһ (дінді терең меңгерген кісі) артық» деген.

«Шындығында, Әбу Ханифа Ислам тарихында аты әмбе жұртқа танымал көрнекті тұлға.Барлық мұсылман үмметі оны үлкен ғалым екендігін бірауыздан мойындаған.

Имам Зәхаби кітабында «Әбу Ханифа діни мәселерді терең білуші Фақиһ һәм имам. Риуаяттарды үйренуге ерекше мән берген. Осы мақсатта сапарға жиі шыққан. Фиқһтағы терең мәселелерді зерттеу бойынша алдына жан салмаған рай саласында шоқтығы биік тұлға. Бұл салада адамдар оған тәуелді» десе, тағы бір жерінде «Әбу Ханифаның фиқһ пен оның терең мәселелерін талдауда имам екендігін барлығы мойындайды. Бұл – зәредей күмәнсіз ақиқат» деген. («Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы» кітабы. 142-ші бет)

Яғни, Имам Ағзам Әбу Ханифа секілді ұлы ғұламалар Ислам дініне өлшеусіз үлес қосты. Жалпы, шариғи мәлесені шешу үшін Әбу Ханифаның фиқһ әдіснамасында қолданған дәлелдері төмендегідей:

Құран кәрім.

Сүннет.

Сахабалардың сөздері.

Ижма.

Қияс.

Жоғарыда байқағанымыздай, Имам Ағзам Әбу Ханифа Ислам шариғатына, жалпы асыл дінімізге соның ішінде фиқһ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, үлкен ғұламалардың тарапынан жақсы пікірлерге ие болған көрнекті ғалым һәм зор тұлға. Және өзінен кейін жүздеген ғалым - шәкірттерін тәрбиелеп кеткен ұлы ұстаз екенін айтып кеткіміз келеді.

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ,

«Мәулімберген» мешітінің имамы, Тасқала ауылы.

Атырау қаласы.

Толығырақ ...

Қазақстандағы дін атын жамылған жат ағымдар:

Еліміздегі діни ахуалды баршамыз біліп те, көріп те жүрміз.

Қазіргі таңда бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып саналатын Ислам дінінің атын жамылған псевдасалафи ағымының өкілдері сан қилы бүліктер шығаруда. Олар өздерінің әртүрлі мақсаттарын Ислам дінінің атын жамылып, жүзеге асырып жатқандығы қынжылтатын жағдай.

Қазіргі таңда еліміздегі псевдосалафи ағымының лидерлерін атар болсақ:

Мадхали бағытының уағызшылары – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың еліміздегі уағызшылары – Ділмурат Абу Мухаммад, Октам Зауырбеков, Тайыржан Ибрагимов.

Суруритбағытының өкілдері – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың уағызшылары – Дарын Мубаров, Дидар Ахмат.

Такфир бағытын жақтаушылар – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани.Олардың уағызшылары – Халил Абдужаппаров.

Хаддадия бағытын ұстанушылар – Ибн Таймия, Ибнул-Қайим, Мухаммед ибн Алдулуаххаб, Абдулазиз Ибн Баз, Мухаммед ибн Салих аль- Усаймин, Салих аль-Фаузан, Насриддин Албани. Олардың уағызшылары – Тағамбаев Берік,Руслан Абу Ибрахим.

Жоғарыда аты аталған уағызшылар Ислам дінінің қаймағын бұзып, елімізді адастырып, бүлік шығаруда. Бұлардың негізгі мақсаты – бейбіт өмір емес, керісінше еліміздің билігіне, байлығына қол сұғып, іштен ыдыратып, тыныштығымызды бұзу. Сол себепті айбынды қазақ елінің тұрғындары өзімізді және отбасымызды, бауырларымызды, қарындастарымызды діни жат ағымдардан сақтанайық!

Мұхиддин ОМАРОВ,

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

жапа шеккендерге көмек көрсетуорталығы»

қоғамдық қорының теолог маманы

Толығырақ ...

Ғұрыптың шариғаттағы орны

Күллі әлемді Құдіретімен билеуші, Әлемдердің Раббысы, сіз бен бізді жоқтан бар етіп жаратқан, мейірімі шексіз Алланың атымен бастаймын.

Әрі біздерге тура жолды көрсетіп, хақ пен жалғанды, адал мен арамды үйретуші сүйікті Елшіміз, ардақты Пайғамбар Мұхаммедке Алланың сәлемі мен игілігі болсын. Бүгінгі күнімізде шариғат шеңберінде толассыз сауалдар түсіп жатады. Алайда солардың арасында кеңінен сұралып жатқан ғұрып мәселесі. Бабаларымыздың ұстанған дәстүрі мен ғұрпын бүгінгі күнде шариғат шеңберінде қарап көруді жөн санадық.

Қайсыбір қоғамды алып қарасаңыз да, адам өмір сүргеннен кейін әр-түрлі менталитет (белігілі бір өмір сүру қағидасы) қалыптасары сөзсіз. Бұлардың арасында әр халықтың өзіне тән дәстүрлері бар. Дегенмен, барлық дәстүр шариғатқа сай деп кескінді айта алмаймыз. Алла Тағаланың адамзат баласына қойып берген жолы, сызып берген белгілі қағидалары бар. Солардың арасында шариғаттың құптағандары мен тыйым салғандары бар.

Жалпы, ғұрып мәселесінде де шариғат кеңінен қарайды. Себебі, бұл мәселе адамдардың өмір сүру ережесіне негізделген жол. Имам Абдулла бин Ахмед Насафи әдет-ғұрып жайлы:

الْعُرْفُ وَالْعَادَةُ: مَااِسْتَقَرَّ فِي النُّفُوسِ مِنْ جِهَةِ الْعُقُولِ وَتَلَقَتْهُ الطّبَاع السّلِيمَة بِالْقُبُولِ

«Әдет-ғұрып: ақыл тұрғысынан адамдардың көңілінен орын тапқан және адамның табиғаты құптаған ғұрып», - деп анықтама береді. Ал, ханафи ғұламасы Ибн Абидин:

«Әдет – қайталау сөзінен алынған. Қайта-қайта орындала берумен ел арасында танымал және қалыптасқан жайт», - деген.

Жалпы, әдет-ғұрыптың дұрысы да, бұрысы да бар. Сондықтан, әдет-ғұрыпқа бір жақты қарауға болмайды. Ендеше, әдет-ғұрып мәселесін кеңірек түсіну үшін Ислам тарихындағы бір-екі оқиғаға тоқтала кеткеніміз жөн болады. Бұл Үмму Һани Фахита Әбу Талибқызы бин Абдумутталиб бин Һашим есімді әйелдің оқиғасы. Бұл әйелдің тегіне қарап ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере ағасының қызы және Әлидің қарындасы екенін білеміз. Ислам дінін қабылдамай тұрып Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) мүшріктердің қорлауынан үнемі қорғап жүретін. Үмму Һани Фахита Фатх күні мұсылман болды. Осы күндері бір оқиға орын алды. Бұл тарих беттерінде мәңгіге сақталып қалды. Һижраның сегізінші жылы Pамазан айында Алла Тағала Пайғамбарына үлкен жеңіс сыйлады. Бұл қасиетті Мекке шаһарының фатхы еді. Бұл күні адамдар лек-легімен мұсылман болып жатты. Бәну Махзум руынан екі мүшрик Үмму Һанидің үйіне қашып келіп, жансауғалады. Олардың ізінше Әли келіп, оларды өлтірмек болды. Алайда қарындасы ол кісілерге қорған болатындығын жеткізді. «Жиуар» яғни қорған болу, қорғау жаһилиет дәуірінен бері қалыптасқан әдет-ғұрыптың бірі еді. Болған оқиғаның мән-жайын айтып жөн сұрамақ болып Үмму Һәни Пайғамбарға (с.ғ.с.) барды. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) шаңырағы биіктеу жерде орналасқандықтан Фахитаны көре сала:

مَرْحَباً بِأُمِّ هَانِئٍ

«Уа, Үмму Һани! Қош келдің!»деп қарсы алды. Үмму Һани: «Уа, Алла Елшісі! Мен қайын жұртымнан екі кісіге қауіпсіздік уәде етіп, қорған болдым. Алайда, Әли оларды өлтірмекші», - деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.):

قدْ أَجَرنَا مَنْ أَجَرتِ يَا أُمَّ هَانِئ

«Сен қорған болған адамдарға біз де қорған болдық», - деді. Міне, бұл Бұхариде жазылған оқиға. Демек, Алла Елшісі (с.ғ.с.) осы сөздерімен жаһилиет дәуірінен бері келе жатқан «Жиуар» әдет-ғұрпын Исламға қайшы емес екенін айтуда.

Ата-бабаларымыздың ұстанған әдет-ғұрпының да түп негізі шариғатқа байланған. Қазақ салтындағы құда түсу, адамдармен жақсы мәміледе болу, «көрші ақысы, тәңір ақысы» деп, белгілі меже қоюы да, Алла Тағаланың мына аятына негізделсе керек.

«Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты». ("Мәида" сүресі, № 2 аят).

Ардақ АБДИРАМАНОВ,

Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің Бас имамы,

Жұлдыз ықшам ауданы, Атырау қаласы.

Толығырақ ...