Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы айлық дастарханға қатысты

Белгілі исламтанушы ғалым, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұнайлы өңірге екі күндік жұмыс  сапарын Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қорытындылады.

         Құптан намазынан кейін аталмыш мешітте айлық дастархан ұйымдастырылды. Жергілікті жамағаттың басын қосқан кеште ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы рухани жаңғыру, сана тазылығы, рухтың биіктігі, ел бірлігі тақырыптарын қозғады.

         "Ислам дінінде мұсылман адамның тән тазалығына қоса, рухани тазалығы да сақталу керек. Сол үшін де асыл дінімізді насихаттай бастаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол кездегі азған қоғамды үш жағынан тазалаған болатын. Біріншісі – жүректерді Алладан өзге нәрселерге табынудан тазалады. Екіншісі – ғибадат тазалығы, яғни  намаз, ораза, қажылық, зекет арқылы күнәлардан тазаласа, құлшылықта орындалатын дәрет, ғұсыл арқылы тәнді тазалады. Үшіншісі – өтірік, ғайбат айтпау, біреудің ақысын жемеу, тәкаппар болмау сияқты көркем мінез тазалығы" деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Жастар жамағатымен жүздесуде білім алу мәселесі талқыланды

Атырау өңіріне жұмыс сапары аясында белгілі ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы  жергілікті "Иманғали" орталық   мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" еріктілерімен жүздесті.

         Елбасының бастамасымен биылғы жылдың жастарға арналып отырғаны белгілі. Бұған дейін Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен  жастар жылына орай, арнайы жұмыс жоспары жасақталған болатын. Осы ретте, аталмыш кездесудің  өтуіне де аймақтың Бас имамы Батыржан ұстаз Берденұлының ықпал жасағанын атап өткеніміз жөн.

         Кездесу барысында ұстаз  Қабылбек Әліпбайұлы "Иман жастары" еріктілерімен арада білім алу тақырыбын қозғады.

         "Ілім алу әрбір мұсылман  ер мен әйел кісіге парыз. Алла Тағала алғашқы  Құран аяттарын уахи еткенде: "Оқы!  Жаратқан Раббыңның атымен оқы!"  деген.  Сондықтан, болашақ жастардың қолында.  Кез келген қоғам дамуы үшін, қай сала болмасын білім жолында шынайы ықылас қажет" деп атап өтті.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Сұлтан Бейбарыс мешітінде уағыз айтқан ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ел бірлігін нығайтуға шақырды

Мұнайлы өлкеге жұмыс сапары аясында белгілі исламтанушы ғалым, республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесті.

         Бесін намазына дейін уағыз-насихат жүргізген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы  ел бірлігін сақтау, жас ұрпақ тәрбиесі тақырыбын тереңінен қозғады. "Адам қандайда бір нәрсеге арқа сүйеп, сенім артпай өмір сүре алмайды. Сондықтан, біздің мемлекетіміз де өз азаматтарының наным-сенім бостандығына еркіндік беріп отыр. Мұны біз тарихтан алған сабақ деп бағалаймыз. Иә, қазақ халқының ата діні – Ислам. Біз Ислам дінін ұстанып қана қоймадық, Ислам өркениетіне белгілі бір дәрежеде үлес қостық. Бұған Орта Азия, бұрынғы Мауеренаһр аймағынан шыққан көптеген ғалымдарды дәлел етуге болады. Қай кезеңде де біздің ата-бабаларымыз дінді ел бірлігін ұйыту, ұрпақты адалдық бағытында тәрбиелеу жолында ұстанды" деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.

         Уағыз соңында ұстаз мешіт жамағаты тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...