Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тасқала ауылындағы "Рауан" балабақшасы мен Мəулімберген мешітіне ағаш егілді

 

islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мəулімберген мешіті Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығымен бірлесіп, ағаш егу акциясына қатысты.

Жас көшеттерді отырғызу акциясы Тасқала ауылындағы "Рауан" балабақшасы ауласы мен Мəулімберген мешіті ауласын қамтыды.

Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов бас болған акцияға жергілікті жамағат белсенді атсалысты.

Акция соңында қайырлы амалға атсалысқан баршажамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен жарық көрген "Дəрет алу жəне намаз оқу үлгісі" кітапшасы таратылды.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі

Толығырақ ...

Бас имам Батыржан Мансұров қайырымдылық сөресінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты

 

 islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров қайырымдылық бағытындағы азық-түлік сөресінің ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысты.

 Бүгін Атыраудағы СМП-163 ауданында орналасқан "Лидер" көтермемаркетіне қайырымдылық сөресі қойылды.

  "Қоғамдағы мұқтаж жандар кейде үйіне тиісті азық ала алмай қалады. Осындайда бұл жерге келіп, ол азаматтар керегін ала алады. Бұл игілікке атсалысушылар, яғни өз қалауымен садақа жасаушылар өзіне және отбасы үшін сауап арқалайды. Адам баласы таңнан кешке дейін садақа жасауы керек екен. Ол буын садақасы, сөз садақасы, қаражат садақасы болуы да мүмкін. Асылында, садақа адамды жетпіс түрлі пәледен сақтайды" деген Бас имам Батыржан Мансұров барша азаматтарды сауапты амал жасауға шақырды.

Шара барысында Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров жұртшылықты рақымды Рамазан айымен құттықтады.

Сөре мұқтаж жандарға қызмет көрсететін болады. "Нұрай" қайырымдылық қоры және "АсуҮміт" қайырымдылық қоры, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бірлескен үшжақты жоба аясында осылайша Атырау қаласы бойынша 7 - 8 сауда нүктесінде қайырымдылық сөрелері қойылады.

 "Біздің мақсатымыз - қасиетті Рамазан айында жұртшылықты қайырымдылық істерге үндеу. "Лидер" әмбебап маркеті желісінің клиенттері отбасына азық алып тұрып, осы сөреге кез-келген тағам түрін қойып кете алады. Бұл жерден кез келген уақытта мұқтаж жандар азық-түлік ала алады" дейді "Нұрай" қайырымдылық қорының жетекшісі Болатбек Қоңырбаев.

 Еске сала кетелік, ресми шараға Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Серік Қамидолла және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

 

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

 

Толығырақ ...

Әйел жамағаты үшін оразаның қадір-қасиеті туралы уағыз айтылды

islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен орталық "Иманғали" мешітінде дәріс сағаты болып өтті.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шарада Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров ораза ұстау тәртібі, қасиетті айдың қадірі туралы уағыз айтты.

"Оразаның ең маңызды ерекшелігі мен оның негізгі мақсаты – адамның нәпсісін игеруге, тәрбиелеуге көмектеседі. Адамның ерік жігерін, күшін арттырады. Таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын секілді нәрселерден нәпсісін тежей білген адам кез келген сәтте күнәлі істерден де нәпсісін ауыздықтай алады. Ораза тұту адамды ұстамдылыққа, сабырлылыққа, сөзіне берік әрі ісіне ұқыпты болуға тәрбиелейді" деп атап өтті Бас имам.

 

Жетпіске жуық жамағат жиналған шарада одан әрі орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Айша Түзелова оразаны бұзатын нәрселер, қасиетті Рамазанға әйел жанының дайындығы сынды өзекті тақырыптарды қамтыған уағыз айтты.

 

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...

Атырау мешіттері жаппай ағаш егу акциясына атсалысты

islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, бүгін Атыраумешіттері жаппай ағаш егу акциясына қатысты.

Атырау қалалық Құспан молла мешіті және облыс орталығындағы Әт - Тақуа мешіті жамағаты бірлесіп, №19 балабақша ауласына отыз түп ағаш екті.

Табиғат анаға қамқорлық көрсетіп, жас ұрпақ үшін өнегелі істі жалғағандардың қатарында Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт жамағаты да бар. Бірлік ауылындағы "Балақай" балабақшасы ауласына бүгін 25 түп ағаш отырғызылды. "Бұл шараға Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы ұжымы да атсалысты" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ ...

Бас мешіттің жамағаты сексен түп ағаш отырғызды

islam-atyrau.kz/27 сәуір, 2019 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, бүгін Атыраудағы екі білім ордасына сексен түп ағаш отырғызылды.

 

19 мектеп гимназиясы мен30 мектеп гимназиясы ауласына жас көшеттерді отырғызуға Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы тікелей қатысып, өзгелерге үлгі көрсетті. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген өсиет бойынша амал еткендердің қатарында орталық "Иманғали" мешітінің үлкендер жамағаты да бар.

 

 

 

 Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі.

Толығырақ ...