"Рамазан - Зекет айы"
- Бөлім: Жаңалықтар
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) зекет шығарудан мал-мүліктің кемімейтіндігін, керісінше, көбейіп, береке даритындығын айтқан.
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) зекет шығарудан мал-мүліктің кемімейтіндігін, керісінше, көбейіп, береке даритындығын айтқан.
3 шілде күні "Иманғали" орталық мешітінде күндізгі Құран хатым батасы берілді. Облысымыздың бас имамы Б.Берденұлы бір айы бойы хатымнан қалмай келіп жүрген жамағатпен бірге Алладан екі дүние жақсылығы мен еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, келесі Рамазан айына аман-есен жетуіміз үшін дұға жасады.
Хатымға қатысқан жамағат ақсақалдар мен ақ жаулықты қажы апалар, қариға шексіз алғыстарын білдірді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
Рамазан – Құран түскен ай. Бұл айда Құранды толығымен тарауихта және кітап жүзінен оқып шығу сүннет амал.
«Иманғали» орталық мешітінде 02 шілде күні, тарауих намазында сенбі күні Құран хатым батасы жасалды. Рамазан айының алғашқы тарауих кешінен басталған Құран хатым қасиетті айдың 02 шілдесінде тәмамдалды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының әсерлі жасаған дұғасына жамағат көз жастарына ерік берді.
Мешіт жамағатын қасиетті Рамазан айында әсерлі қырағатымен ұйытып, тарауих намазына имамдық еткен Түркия мемлекетінен келген Осман Тигли мен Еркінбек Керімбекұлы қариларға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
Кімде-кім рамазан айында кедей – кепшік, жетім-жесірге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алланың мол сауабына кеңелері сөзсіз. Бұл туралы Қасиетті Құрандағы Ниса сүресінің 127-ші аятында «Қайырдан не істесеңдер, Алла оны күдіксіз біледі» делінген. Жылына бір рет келетін, сауаптары еселеніп берілетін мүбәрәк – Рамазан айында қайырымдылық жасау үлкен сауапты іске жатады. Осындай қайырымдылық жасау мақсатында Индер ауданы, Жарсуат ауылының тұрғыны Азербаев Наурызғали ағамыз жанұясымен бір қойды садақа етіп, ауыл тұрғындары Ханым әже, Жұмашев Сағын отбасыларына табыстады.
Индер аудандық
мешітінің баспасөз қызметі
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қасиетті Рамазанның ерекшелігі мен маңыздылығы жайлы, кез келген адамның бұл қасиетті айда Алланың сыйына бөлену мүмкіндігі бар екенін айтқан: cоның бірі «Кімде-кім ораза тұтқандарға ауызашар берсе, Алла оған мол сый береді және ораза ұстаушының сауабындай сауап береді» - деген.
Міне, осындай қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін Атырау қаласы мен аудандық мешіттерде ораза тұтқан жандарға Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» орталығы ауызашар дастархандарын ұйымдастырып келеді.
29 маусымда Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде ораза ұстаған 100-ге жуық адамға ауызашар дастарханы жайылды. Ауданға арнайы барған «Шапағат» орталығының теологтары Айбек АТАШЕВ пен Мейіржан Рахматулла ауызашар дастарханына жиналған дүйім жұртты Рамазан айымен құттықтап, ынтамақ-бірлігі жарасқан қазақ еліне бейбітті күндері көп болғай деген жүрек жарды тілектерін білдірді.
Сонымен қатар теолог М.Рахматулла тарауих намазына жиналған жамағатқа «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру» мақсатында әсерлі уағыз жүргізді.
Қайырлы істердің куәсі болған аудан тұрғындары мен аудандық Бас имам М.Қожахметов Атырау облысы Дін істері басқармасына және «Шапағат» орталығына шексіз ризашылығын білдірді.
Жылыой мұсылмандар орталық мешітінде Қадір түнінде орталық мешітте шамамен 7-8 тегін такси жүрді. Тұрғындар еріктілердің тегін қызметіне таңырқай қарады.
Ұлыстың ұйытқысына арналған өңірде сауапты тірліктер көп. Соның бірін халықты тасымалдайтын жекеменшік такси ұжымы қолға алды. Жекеменшік «НҰР такси» серіктестігі бас имам А,Исаевтың жетекшілігімен, қадір түнінде жолаушыларды тегін тасымалдады.Бүгінгідей қымбатшылық заманда адамдардың көңіл-күйін көтергенге, дүниеде жақсы адамдар көп, олардың бір-біріне бауыр екендігін ұқтырғанға не жетсін. Жекелеген қоғамдық көлік басшыларының қайырымдылық іс-шарасына басқалар да үн қосып жатқандығы қуантады» – дейді. Құран Кәрімде Алла тағала:
«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» -деді.
"Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз"- деп ата- бабаларымыз қайырымдылық жасауды біздерге өсиет етіп кеткен. Мұндай ізгі іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жылыой орталық мешіттің
баcпасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айында Жылыой аудандық орталық мешітінде Жылыой ауданының әкімі М.Шапиықұлы ауданның белді азаматтарына ақсақалдар және жамағатқа ауызашар берді.Аудан әкімі ораза ұстап жатқан тұрғындарға тілегін айтты.Ауызашарға әкімнің орынбасары Нұраддин Жұмаұлы, қала әкімі Шәкір Кикен, ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Кадиров, ауданның белді азматтары және ақсақалдар мен ақжаулықты аналар және мешіт жамағаты қатысты. Жылыой аудандық орталық мешітінің Бас имамы А. Исаев жамағатқа оразаның қадір-қасиеті, ораза ұстаудың пайдаларын, Қадір түнін ғибадат құлшылықпен өткізуді жәнеде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!» -деген сөзін жамағатқа жеткізді. Бас имам А. Исаев аудан әкімі М.Шапиықұлына алтын түсті Құран кітап сыйға тартты. Қадір түнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деп дұға жасаған:«Уа, Алла! расында, Сен –Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», – деген.
Міне, рамазан айы осындай қадір-қасиетімен ерекшеленген. Рамазан айында ауызашар дастарханы әрбір күні жайылып, өз жалғасын табатын болады.
Жылыой аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
Рамазан айында жасалып жатқан қайырымдылық шаралар 3-шілде күні де өз жалғасымын тапты. Нақты айтсақ, ҚМДБ «Зекет» қорының және «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен орталық мешітте тұрмысы төмен отыз отбасыға зекет малы табысталды.
Әлеуеті қиын жандарды мешітке жинаған бас имам Б.Мансұров рамазан айының қайырым айы екеніне тоқталып, оразаның қадір-қасиетін түсіндірді. Мұнан соң аймақ өкілі өңірдің З»екет» қорындағы өкілі Нұрым Есмұқан мен бірге мұқтаж кісілерге зекет табыстап, қайырымдылық жасады. Соңында мұқтаждардың жанұясына дұға жасады.
Зекеттен үлес алған жандар өкіл имам Б.Берденұлына және «Зекет» қорының аймақтағы өкіліне ризашылықтарын білдірді.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
Бүгінде әркімнің құлағына шалынып, санасына сақталған, астарында сан алуан сауалы бар күрделі пікірдің бірі – үмбеттің жетпіс үш топқа бөлінуі. Ислам әлеміннің сонау алтын дәуірінен бүгінге дейін, тамыры хадиске байланған осы пікірді өзінің саяси мақсатына пайдаланған жікшіл топтар мен саяси ұйымдардың саны көбеймесе азайған жоқ. Себебі, хадистің мәтіні хадис жинақтаушы (асхабу – сүнән) ғалымдардың кітабында әртүрлі жолдармен жеткізілген.