Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қабір – ақыреттік мекен

Адамзат жаратылғаннкан бері неше замандар өтпеді?! Өткен ұрпақтың орнын келер ұрпақ басып, замана ағысы тоқтаусыз соқпақ жолмен бірнеше ғасырды артқа тастады. Бізге дейінгі буындар, бізден кейінгі буындардың баратын жері бір, ол – Алланың есеп күні. Бұл дүние жалған пәни деген ата-бабаларымыз жалған өмірден бақилыққа аттанып кете барды. Иманның алты шартының бірі қайта тірілетін күнге сену. Қайта тірілетін күнге дейінгі әлемді барзах әлемі, яғни қабір әлемін айтады. Бізден бұрын өткен адамдардың барлығы қабір әлемінде қайта тірілетін күнді күтіп жатыр. Әлбетте, өлім – әрбір тірі адамның бұл пәни дүниедегі соңғы сәті, осыған байланысты Алла Тағала Рахман сүресінің 26-27 аятында: «Бүкіл жер жүзіндегілер жоқ болады. Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт  Раббыңның жүзі ғана қалады», – дейді.

Сондай-ақ, қабір о дүниеге кірер есік. Пайғамбар (с.ғ.с): «Әлбетте қабір – Ақыреттегі алғашқы мекен» деп айтқан. Хазреті Осман ибн Аффан (р.а) қабір басына барған кезде көзінен жасы парлап жылайтын еді. Бірде одан «Жұмақ пен тозақ жайлы айтқан кезінде жыламайсың да, қабір басына келгенде неге жылайсың?» деп сұрапты. Сонда Осман (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әлбетте қабір мекен жайлардың алғашқысы. Егер иесі қабір азабынан құтылса, қабірдегі жағдайлардан жеңілірек болады, ал құтылмаса одан да қиын кейінгі сынақтар болады» деп айтқанын естіген едім», депті. Тағы бір хадисте: «Расында қабір жұмақтың бау бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр»  деген. Өлім анығында барлығымызға келіп жетеді. Өлімді әрбір тірі жан еріксіз мойындайды. Өлімнен кейінгі өмірді адамдардың көпшілігі мойындағысы келмейді немесе аса қатты мән бермейді. Бірақ Аллаға шынайы иман келтірген адам қалтқысыз сенеді. Аллаға сеніп бірақ қабір әлеміндегі жағдайларға сенбесе, иманы кәміл болмайды. Бұл – дүние бізге сынақ алаңы, белгілі бір уақытқа дейін тұрақтайтын мекен. Алла Тағала Құран Кәрімнің Зариат сүресінің 56 аятында: «Біз жындар мен адамзатты өзіме құлшылық қылу үшін жараттым», – деген.  Бұл дүниедегі келу мақсатымыз Алланы тану, Оған құлшылық ету. Ертең қабірге түскен уақытымызда бізбен бірге тек жақсы және жаман істеріміз кіреді.

Келесі бір хадисте: «Мәйіт қабірге көмілгеннен кейін біреуі Мункәр, екіншісіНәкир деп аталатын қара көк түсті екі  періште келеді де, қабірдегі кісіге: «Анау Мұхаммед (с.ғ.с.) деген кісі жайында не айтасың?»деп сұрайды. Ол: «Ол Алланың құлы және Елшісі. Алладан басқа  тәңір  жоқ,  Мұхаммед  Оның  құлы  және  Елшісі екендігіне куәлік етемін»,деп жауап береді. Бұдан кейін екі  періште:  «Біз  сенің  осылай  айтатындығыңды  біл- ген едік»,дейді. Соданкейінолароныңқабірінжетпісқұлаш  кеңейтеді.  Кейінірек  ол  мәйіттің  қабірін  жарыққылады. Еңсоңындаперіштелермәйітке: «Жат, ұйықта»,  дейді. Періштелероған: «Сентөсектесболған (әйелің) жәнеең  көпжақсыкөргенкісіжағынанояндырылатынмахшаркүніне  дейінұйықтайбер», дейді. Егерөлгенкісімунафиқболса,  періштелергебылайдепжауапбереді: «ЕлдіңМұхаммеджайындабірнәрселерайтқанынестідім. Мендесоларсияқтыайттым. Оданбасқаештеңебілмеймін». Періштелероған: «Осылайдейтініңдібілгенедік», деседі. Соданкейінқара  жерге: «Мынаадамдысығаалғаныңшасық», дейді. Қаражеронысыққансайынсығатүседі. Сыққандығысоншалық, сүйектерісырқырапкетеді. Әлгібейбақмахшаркүнінедейінқабірдеосылайазапшегеді» (Тирмизи, Жәнәиз – 70).

Алла Тағала барша мұсылмандарды қабір азабынан, тозақ отынан сақтасын!

 

Нұрлан Жарқымбаев,

Құрманғазы ауданы

«Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Теолог жұма намазын өткізді

18  ақпан жұма күні Шапағат деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету қоғамдық қорының теолог маманы Еламан Бегалиев Құрманғазы ауданы, «Темірәлі» мешіті нің жамағатына «Ақыретке иман келтіру» тақырыбында жұма уағызын айтты.

 Жұма күні кешке құптан намазының алдында «Ілім алудың маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың діни сұрақтарына тұщымды жауап берді.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

Құрманғазы ауданы, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Атырау селолық мешітінде дінтанушы уағыз айтты

Ақпан айының 18-і күні Дамбы ауылы «Атырау селолық мешітіне» құптан намазының алдында мысырлық шейx Абдулазиз келіп, уағыз айтты.

 Уағыз тақырыбы Ислам дініндегі бауырмалдық тақырыбына арналды.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

Атырау селолық мешіті

Толығырақ ...

«Имандылық – инабаттылықтың айнасы»

 

          13 ақпан күні Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон елді мекеніне қарасты №8 кітапханада «Имандылық – инабаттылық айнасы» тақырыбында  мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылы, «Нұрқас-Сатыбалды»  мешітінің бас имамы А.Сарсекеев қатысып, Ислам дінінің артықшылығы, имандылық және инабаттылық турасында, исламдағы бала тәрбиесі, діни экстремистік ағымдардың кері әсері, білім алудың маңыздылығы және ата-ананың қадірі туралы түсіндірді.

Мектеп оқушылары өздерін мазалаған сұрақтарын келген имамға қойып тұшымды жауаптарын  алды. Кітіпхана  ұжымы жасөспірімдерге тура жолды насихаттағаны үшін  мешіт имамына өз алғыстарын білдірді.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

 Жылыой аудандық орталық мешіті

Толығырақ ...

Мешітке садақа берді

«Темірәлі» мешітінің тұрақты жамағаты, дін Ислам жолында аянбай қызмет жасап жүрген апамыз Жандыбаева Айгүл Қаламғалиқызы мешітке 12 метр дастархан мен ыдыс аяқ, қасық кесе  садақа ретінде тарту етті.

 Алдағы уақытта мешіттен берілетін ас ауқатқа пайдасы тиер деген үмітпен Айгүл апамыз әрдайым мешіт десе аянып қалмайтын ізгі жанның бірі.

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

 «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Қайырымдылыққа үлес қос

Атырау селелолық Дамбы мешіті «Қайырымдылыққа үлес қос» атты акция аясында өз қызметін бастап та кетті...

Акция аясында ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарту етілді. Алла Тағала садақаларымызды қабыл етіп, күн санап мұсылман үмметінің саны арта бергей!

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

 Атырау селолық мешіті

Толығырақ ...

Қарты бар үйдің қазынасы бар...

Күллі мақтаулар мен мадақтаулар, ұлықтау мен дәріптеулер бізді жоқтан бар еткен, біздерді тура жолға салып, мұсылман қылған Ұлы Жаратшыға лайық, салауаттар мен сәлем екі дүние сәруары ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға  (с.ғ.с) болсын.

Баршамызға белгілі бүткіл мұсылман әлемі сүйікті  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)-ның туылған күні Мәуліт мерекесін атап өтуде. Жалпылай алғанда, Мәуліт мерекесінің мән-мағынасы өте зор.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы  Батыржан Берденұлы Мансұровтың бастамасымен қантар айының 27-ші жұлдызында, облыстық  М.Өтемісов  атындағы драма театрында  Атырау жұртшылығының қатысуымен «Пайғамбарым – ардақтым» атты Мәуліт кеші аталып өтті. Айта кетерлігі, театрда ине шаншар жер болмады. Осы мерекелік кеш аясында асыл дінімізге өз үлестерін қосып жүрген бір топ адамдар «Алғыс хатпен» марапатталған болатын. Олардың қатарында «Мәулімберген»  мешітінің ақсақалдары Жүсіп ата Дүйсебаев пен Қайрош қажы Қуанұлы да болатын.

Осы ретте Алғабас ауылы «Мәулімберген» мешітінің бас имамы  Мақсот Бағытжанов, наиб имам Ізбасар Қабдырахманов, көмекші молда Серік Бәйменовтер ақсақалдарға құтты болсын айта барып, ақ баталарын  алып қайтты.

Қазақ халқы: «Сыйласаңдар қартыңды, жарылқаймын жалпыңды»,-деп бекерден-бекер айтпаса керек. Ұлы Даланың ұлағатты абыздары аман болсын, ағайын! Әумин!

 

ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

«Иманғали» мешітінде молдалар сынақтан өтті

16-ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде қария молдалар сынақ тапсырды. Еске сала кетейік, бұған дейін ел арасында халыққа қызмет етіп жүрген молдалардың екі айлық білім жетілдіру курсында ілімдерін шыңдап жатқанын хабарлаған болатынбыз. Аталған сынаққа осы курс тыңдаушылары қатысып, жаназа дұғалары, мәйітті арулап, кебіндеу тақырыптары бойынша емтихан тапсырды. 

Курстың алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталған Артық Жұмабекұлы молдаларды курсты бітіру қуанышымен құттықтап, «тал бесіктен жер бесікке дейін ілім іздеуді міндеттеген асыл пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті бойынша ілімді көркейту – ниет, құлшылықты көркейтумен тең ізгі іс. Өйткені, Ислам діні – адамзатқа алдымен оқуды бұйырып, сауаттылық пен парасаттылықты талап ететін өркениет діні. Тіпті дініміз өлімді жерлеудің өзіне ерекше мән береді. Яғни, топырақты өлім мен торқалы тойды өткізудің де өз әдебі бар. Айталық, жантәсілім еткен марқұмды арулап, кебіндеу және оның жаназасын шығару – тірінің өлілердің алдындағы ақырғы ақыларының бірі. Сондықтан да оның сүннетке сай орындалуы – молдалар үшін үлкен жауапкершілік», – деді. 

Артық Жұмабекұлы, Мұрат Мұстафаев, Арман Урумбаев «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамдары қабылдаған емтиханға 15 молда қатысып, жақсы білім нәтижесін көрсетті.

Емтихан қорытындысы келер аптада, жұма күні ақсақалдарға арналған «Жұма шайында» жарияланып, молдаларға арнайы сертификаттар табыс етіледі.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу