Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Адасқан ағымдардың бірі – уаһһабилік

«Уаһһабилік» – екі жарым ғасыр бұрын араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. «Уаһһаби» атауы – осы ағымның негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың көзі тірісінде оның соңынан ерушілерге тағылған айдар. Уаһһабилік тарихта «харижиттік» әрекет ретінде де танымал болған. Өйткені олардың әрекеттеріндегі қатыгездік пен өз ұстанымдарына қосылмағандарды кәпір деп айыптау әрекеттері харижит ақидасының (сенімінің) көшірмесі іспетті. Олар Ибн Тәймияның жолы мен ханбали мәзһабын ұстанатындарын айтқанымен, ханбали мәзһабына қайшы келетін тұстары жетерлік. Уаһһабилер өздерін былай деп сипаттайды:

Толығырақ ...

БІЛІМ МЕН ИМАН

Білім – жаратылыс жұмбағын шешетін илаһи кілт. Онсыз көзіміз көр, құлағымыз саңырау, санамыз қараңғы. Біз, білім-ғылымның сан-түрлі нәзік қыртыстарын еңсерумен табиғат қабаттарын ғана емес, Тәңір Тағаланың күш-құдіретін де толыққанды тани аламыз. Әсілі, Ұлы Жаратушыны тақлид (өзгелерге еліктеу) дәрежесінде танып-білсек те, иман келтіргендер қатарынан саналамыз.

Толығырақ ...

Имамдар бас қосқан алқалы жиын

Апта басында "Иманғали" орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен облыс имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.

Жиналыста күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланып, имамдарға қосымша тапсырмалар жүктелді. «Құспан молда» мешітінің күрделі жөндеу шараларына байланысты өз қызметін тоқтатуына орай, мешіт жамағаттарын өзге мешіттерге бөлу туралы ұсынысын айтты.

Бас имам имамдардың қоғамдық жауапкершіліктерін тілге тиек етіп, «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің ішіндегі қайырлысы болып жіберілдіңдер», – деп келетін Құран аятын мысалға келтіре отырып, имамдық қызметтің елді бірлікке, татулыққа бастаудағы орнына тоқталды. «Имамдық – Алла алдында да, адам алдында да абыройлы қызмет. Сондықтан қызметіміздің абыройлы атқару – дінімізге жасаған құрметіміз», – деді.

 

"Иманғали" орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Дін – тәрбиенің тірегі

Қаңтардың 1-і күні ҚМБД-ның Атырау облысы бойынша жастар ісі секторының жетекшісі Арман Урумбаев Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп оқушыларымен «Дін – тәрбиенің тірегі» атты рухани  кездесу өткізді.

Жиынды мектептегі тәрбие ісінің меңгерушісі, тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Сүйіншалиева ашып, кездесудің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Шарада А.Урумбаев Ислам дінінің ата дәстүріміздің діңгегі екенін айта келіп, халық руханиятындағы орнына тоқталды. Осы ретте адамзаттың абзалы Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тәлім-тәрбиеге толы тұлғалық болмысын оқушылардың назарына ұсынды. «Пайғамбарымыздың хадистерінен тағылым алып, көркем мінез иесі атанудың қажеттілігі өте зор. Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетінің қазақ халқының байырғы даналығымен ұштасып жатқанын ұмытпауымыз керек», – деп оқушыларды діни сауатты болуға шақырды.

Кездесу соңы еркін пікірталасқа ұласты.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Ауыл әкімінің есеп беру жиынына имам қатысты

 Баршамызға  белгілі, қазіргі таңда барлық  деңгейдегі  әкімдер халыққа есеп  беруде. Жыл бойына  атқарылған  жұмыстар мен болашақтағы келелі істер жұртшылық  назарына ұсынылып, ел-жұрттың толғандырып  жүрген көкейтесті сұрақтарына жауаптарын беруде. Әрине, әкім болу, ел-жұртты басқару әркімнің қолынан келер іс емес. Сондықтан дана халқымыз: «Әкім бол, халқыңа жақын бол», – деп жатады.

         Қаңтар айының 26-шы жұлдызында Атырау қаласы,Тасқала ауылы «Кең-өзек» ауылдық округінің әкімі Сәден Сәкенұлы Лұхпанов, округ тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары  Ғұмар Дүйсебаев пен қала әкімі Серік Шапкенов, сондай-ақ, әртүрлі мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, халыққа есеп берді.

Жиынға Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов та қатысып, түйткілді мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдірді.

Жаратқан Жаппар иеміз бір-бірімізге деген ізет-құрметті арттырып, бұл дүниелік, ахиреттік түрлі есеп-қисаптардан жеңіл өтуімізді нәсіп етсін. Тәуелсіз Қазақ елі тыныштық пен береке-бірліктің мекеніне айналып, өркендей берсін.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...

Мен жастарға сенемін

Алаштың  арда  ұлдарының бірі М.Жұмабаев:  «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен  жастарға сенемін», деген. Расында  да  бойында жастық жалыны  лаулаған жастар – ертеңгі ел тірегі. Әрине, аға  ұрпақтың ақылы, батасы мен бағыт-бағдары жас  буын  үшін ауадай қажет. Сондықтан да «жұмыла көтерген жүк жеңіл», – демекші, қоғамдағы түрлі түйткілді мәселені қөпшілікпен бірлесе отырып шешкен абзал.

Осы орайда Атырау қаласына қарасты «Кең-өзек» ауылдық округі, Тасқала елді-мекенінде қаңтар айының 29-шы жұлдызында «Тасқала жастары ұйымы»ҚҚ-ның тұсаукесер рәсімі болып өтті. Кездесуді қор жетекшісі Эльдар Әбежанов ашып, жұртшылыққа қордың алға қойып отырған мақсаттары мен жұмыс жоспарларын  таныстырды. Кездесуге қалалық «Жас Отан» жастар ұйымының жетекшісі Дәурен Сейітқалиев арнайы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қордың тұсаукесер салтанатына Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов қатысып, ағалық ақ тілегін айтты. Сондай-ақ, жуырда дүниден өткен облыс жастарының көшбасшысы, асыл дініміздің жанашыры Асқар Бопылдықов марқұмның рухына арнайы Құран-Кәрім аяттарын бағыштады.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

 

«Мәулімберген» мешіті

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу