«Қапан қажы» мешітінде Әйел-қыздар секторының басқосу жиыны өтті
- Бөлім: Жаңалықтар
«Қапан қажы» мешітінде «Әйел-қыздар» мектебінің басқосу жиыны өтті
Жылыой аудандық орталық мешітінің бас имамы А.Исаевтың қолдауымен құрылған аудандық «Әйел-қыздар» мектебінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Әйел жамағатымен жұмыс жасап келе жатқан сектор «Әжелер кеңесін» құрып, мектеп жұмысын жандандыру, сондай-ақ, ҚР Қажылар қауымдастығы Құлсары филиалының төрайымымен кездесу ұйымдастыру, жастарға өнеге болу мақсатында жұма сайын дөңгелек үстел ұйымдастыруды қолға алып еді.
Осы орайда сәуір айына жоспарланған кезекті дөңгелек үстел "Туысқандық қарым- қатынас" тақырыбында өтті. Шара соңында аналарымыз дөңгелек үстел тыңдармандарымен еркін пікір алмасып, отбасы берекесін сақтаудағы әйел адамның жауапкершілігін баса көрсетті.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті