Адасқан ағымдар \ ұстаз Серікжан Еншібайұлы
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
12-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті ауласында ауызашар дастарханы үшін арнайы құрылған киіз үйлерде ҚР қажылар қауымдастығы Атырау филиалы ұжымы, жалпы қажылар қауымына ауызашар берілді.
Ауызашар дастарханында ҚМДБ-ның бас имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы сөз сөйлеп, қасиетті Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы тағылымды уағыз айтты.
Қажылар атынан ҚР-ның Қажылар қауымдастығы Атырау филиалының төрайымы Жұмагүл қажы Нәсиқызы сөз алып, қашан да игі істердің ұйытқысы болып келе жатқан мешіт ұжымына алғыс сезімін білдірді.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті Рамазан айының орзасын тұтып, Жаратқан иеден жарылқау тілеп жатқан күллі мұсылмандардың ризалығы мен дұға-батасын алу мақсатымен түрлі мекемелер, қоғамдық қор мен бірлестіктер, дәулетті азаматтар жарыса ауызашар беруде. Әрине, бір Аллаға иман келтірген әрбір саналы мұсылман ақиреттегі сауабының мол болғанын қалап, осындай қасиетті айларда қапы қалмауға қам-қарекет жасап бағады.
Осынау отыз күн Оразада тағы да бір оңды істің орайы келіп, Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, мешіт жамағаттарына арнап ауызашар берді.
Ауызашар дастарханына аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қайырғали Сүйіндікұлы Азилов, «Шапағат» деструктивті ағымдардан жапа шеккендерге көмек» ҚҚ-ның теологы, белгілі дінтанушы Серікжан Еншібайұлы, мешіт жамағаттары қатынасты.
Мешіттің бас имамы Мақсот Бағытжанов мәртебелі меймандарға жылы лебізін айтып, діни уағыз-насихат пен ақжарма тілегін жеткізді.
Құптан намазының алдында «Жас Өрен» жастар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен діни-шариғи викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, жамағаттар белсене атсалысты. Теолог Серікжан Еншібайұлы жамағаттарға тұщымды уағыз-насихат айтып, жастардың жат ағымдарға еріп арандап қалмау- ларына ерекше алаңдаушылық танытып, имамдарға бағынуға шақырды. Мешіт жамағаттары бір адамдай имамға ұйып, құлшылықтарын өтеп тарқасты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті
9 маусым күні Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітіне «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Серікжан Еншібайұлы келіп, «Зекет – мал-мүлік тазалығы» атты тақырыпта жамағатқа уағыз айтты.
Теолог маман қасиетті Рамазан айында құлшылық жасап, зекет, садақа берудің сауапты амал екенін айта келе, қазақ қоғамындағы діни ахуалға тоқталды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Темірәлі» мешіті, Құрманғазы ауданы
Рамазан айы – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рамазан айының шарапаты мен сауабы тек ораза ұстаумен ғана шектелмейді. Бұл айда жасалған амалдарымызға еселеп сауаптар жазылмақ. Сауабы мол ізгі амалдың бірі – ораза ұстаған адамға ауыз аштыру.
Осы орайда, Жылыой аудандық Шоқпартоғай ауылы «Қапан қажы» мешітіне қамқоршы болып жүрген Қапан, Ырысты қажылардың ұрпақтары 9 маусым күні «Шоқпартоғай» банкет залында120 жамағатқа ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Дастарxан басында «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш «Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай!» - деп жамағатты Рамазан айымен құттықтай келе, тағылымды уағыз айтты.
Сондай-ақ, «Бақай» коорпарациясының директоры М.Балжігітов Рамазан айында кешірімді болудың артықшылығын, қасиетін жеткізді. Елібай, Құлымжан, Қайырқос ақсақалдар ризашылығын білдіріп, батасын берді. Сондай-ақ, мешіттің бас имамы Ж.Ыбыраш ауызашар дастарханын ұйымдастыруға мұрындық болған Балжігітовтер әулиетіне алғыс айтып, жамағатты ауызбіршілікке шақырды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Қапан қажы» мешіті, Шоқпартоғай ауылы
Дана халқымыз «Туған ай, тураған етпен бірдей», – деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Күні кеше ғана басталаған қасиетті Рамазан айын да орталап қалыппыз. Алла Тағала барша мұсылманға күш-қуат беріп, ұлық айдың парыз оразасын сансыз сауаппен өтеп шығуды нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан айында барша мұсылмандар ақшам намазы кірісімен, ауыздарын ашып, бір-біріне игі тілектерін арнап жатады. Сондай игі амал Атырау қаласы, Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешітінде болып өтті. Мешітіміздің бас имамы Мақсот Бағытжанов бастаған мешіт ұжымы мамыр айының 8-інде ауыз бекіткендерге дастархан жайды. Айта кету керек, Асылбек есімді бауырымыз ауызашарға қаржылай көмектесіп, азаматтық танытты. Алла Тағала ниеттерімізді қабыл, мұраттарымызды асыл еткей, ағайын! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті
Қаламыздағы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі мен «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша ұжымы ауызашар ұйымдастырды. Айта кету керек, ұстаздардың басым бөлігі биылғы жылы Алла разылығы үшін ауыз бекітіпті.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін ауызашарға «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ержан Беріш шақырылып, дастархан басында ғибратты әңгімелер қозғалды. Е.Беріш ұжымның береке-бірлігі, ауызбірлігіне қатысты тағылымды уағыздар айтты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі