Айт мейрамына орай интернат балаларына дастархан жайылды
- Бөлім: Жаңалықтар
25-маусым күні Атырау селолық мешітінде Ораза Айт мейрамына орай қаладағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім, жартылай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға құрмет ретінде дастархан жайылды. Дастархан шығынын қайырымқол жамағат көтеріп, қамкөңіл балаларды сыйлықтармен қуантты.
Дастархан басында мешіт имамы Санат Ускенбаев сөз сөйлеп, балалар елдің болашағы екенін айтты. Жылы лебізімен ананың аялы алақаны, әкенің ыстық құшағына сусап жүрген балалардың маңдайынан сипады. Бауырына тартып, қамқор пейілін танытты.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі
бойынша баспасөз қызметі,
Атырау селолық мешіті