Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылойда «Мектепке жол» шарасы өтті

«Мектепке жол» қайырымдылық шарасы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде де өтті. Оған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Б. Мансұров, Жылыой аудан әкімі орынбасары Н.Өмірбаев, Қажылыр төрағасы Ж. Тұрмағанбетов, аудан имамы А.Исаев қатысты. Бас қосу өкіл имамның құран оқуымен ашылды.

«Мешіт жұмысыныңнегізгі төрт бағытының бірі – қайырымдылық іс-шараларын өткізу. Әдетте, өмірдің өзі сынақтан тұрады. Алла Тағала біреуге байлық беріп сынайды. Енді бірін жоқшылықпен сынайды. Осының бәріне сабырлық қажет» деген өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы, оқушылар жақсы білім алса, еліміздің тірегі болатынын айтты.

Акция аясында әр оқушыға оқу құралдарымен қатар сөмке де берілді. Кейбір жанұялардың тұрмыс жағдайының төмендігі ескеріліп, мектеп киімдері қоса табысталды.

Айта кетелік, ислам бейбітшіліктің, сонымен бірге, ілім мен ғылымның діні.  Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!»  деген.

«Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...

Жылыой мешітінде енді қасапхана жұмыс істейді

Атырау облысының Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде  қазіргі заманға сай жабдықталған қасапхана ашылды.

 Мешіт жанынан ашылған қасапхана ірі қара және қой малын союға арналған. Замануи қондырғыларымен жабдықталған мал сою орны жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен салынды.

Қосымша ғимараттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы «Адал мал сою асыл дініміздің талабы, Құрбан айт қарсаңында ашылған бұл ғимараттың маңызы ерекше. Алла Тағала осы ашылған орынның берекеті мен жақсылығын нәсіп еткей» деп дұға оқыды.

Айта кетелік шараға Жылыой ауданы әкімі орынбасары Нұрадин Өмірбаев, жергілікті жамағат, қажылар қатысты.

Толығырақ ...

Құрбан айт қарсаңындағы кездесу

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Атырау қалалық Құспан молла мешіті әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін «Берекет» мейрамханасында дастархан жайды.

Көп балалы, жалғызбасты аналар, мүгедек жандардың отбасылары қамтылған қайырымдылық шарасына қырық бала, отыз ата-ана қатысты. Балалар үшін ойын алаңында аниматорлар, сайқымазақтар өнер қөрсетті. Құрбан айт  мерекесінің құрметіне балдырғандарға сыйлықтар да табыс етілді. Ал, ата-аналарға азық-түлік пакеттері тапсырылды.

Шараға арнайы қатысқан Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, облыстың бас имамы Батыржан Мансұров балалармен сұхбат құрды. «Құрбан айт дегеніміз не? Үлкендер бір-бірін неге құттықтайды? Құрбандыққа мал неге шалынады?» деген сынды бас имам тарапынан қойылған сұрақтарға балалар жауап беріп жатты.

Үш баланың анасы Айнұр Төлеуова «Иманғали» орталық мешітіне, қалалық Құспан молла мешіті ұжымдарына қамқорлығы үшін разылығын білдірді. Шара соңында эстрада әншісі Бейбіт Көшқалиев келіп, балаларға «тосын сый» жасады. Сондай-ақ шарада «иләһи» әндер айтылды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.

 

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу