Ораза жайындағы сұрақ-жауаптар
- Бөлім: Сұрақ-жауап
1.Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
1.Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Мамырдың 17-не күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының алғашқы күні басталды.
Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітін кеңейту жұмыстары қолға алынуда.
Қасиетті Рамазан қарсаңында басталған игі іске «Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Mақсот Бағытжанов бастамашы болып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Қайырлы іске мешіт жамағаты кеңінен қолдау білдіріп отыр.
«Асылында, өмірге келген әр пенде сауапты іске, ізгі амалға асық болуы керек. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр. Имам Мүслимнен келген хадисте мынадай бір жолдар бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері» дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келетін, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы. Сондықтан, мешіт ғимаратының кеңейтілуі заман талабынан туған қажеттілік болып отыр» дейді «Мәулімберген» мешітінің Бас имамы Mақсот Бағытжанов.
Еліміздің барлық мешіттерінде қасиетті ораза қарсаңындағы діни рәсімдер басталды. Орталық "Иманғали" мешітінде Құптан намазынан кейін Тарауих намазы оқылды.
Құлшылық айы басталар қарсаңында жамағаттың басын қосқан Тарауих намазынан бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан қажы Мансұров қасиетті Рамазан туралы уағыз айтты. "Алланың қалауымен санаулы сағаттардан соң сағына күткен берекеті мен шапағаты мол Қасиетті Рамазан айы да келді. Берекелі айда Алла Тағала жақсы көретін сауапты амалдарды жасап, Алланың сүйікті құлдарының қатарынан орын алуды барша мұсылманға нәсіп еткей. Баршаңызға кәміл иман, Алладан шынайы түрде қорқатын жүрек, қабыл болатын дұға, таусылмайтын таза ризық, шынайы тəубе мен Алланың алдында қабыл болған амалдарды тілеймін!" деген Бас имам Рамазанның кереметі туралы көптеген аят, хадистерге түсінік беріп өтті.
Сондай ақ, Бас имам Батыржан қажы Берденұлы Рамазан айында Тарауих намазын өткізуге және Құран оқуға арнайы шақырылған қари Садық Чордукты жамағатқа таныстырды.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.
Атырау өңіріне сапары барысында Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің "Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығы" мекемесінің директоры Айнұр Əбдірасылқызы орталық "Иманғали" мешітінде әйел жамағатымен кездесті.