Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ершат Оңғаров Жылыой жамағатымен кездесті.

   Жылыой ауданы «Жылыой Мұсылмандар» мешітінде республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшысы Е. Оңғаров «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында уағыз жүргізді.
          Кездесу барысында спикер дәстүрлі исламды қазақ даласына тарату мәселесі туралы ой қозғады. Қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағатын біріктіру жолындағы қызметі туралы баяндап, кездесу соңында сұрақ-жауапқа кезек берілді. Жылыой жамағатына уақытын бөліп келген исламтанушы ғалым Е. Оңғаровқа Бас имам А.Исаев ризашылығын білдірді.
          "Жылыой Мұсылмандар" мешітінің
                баспасөз қызметі.


 

Толығырақ ...

Рамазан айындағы қайырымдылық

 Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз.

          Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық  мешітінің ұжымы және кәсіпкерлердің қолдауымен құлшылық үйінде қайырымдылық іс-шара жүзеге асты. Іс-шара барысында  аз қамтылған он отбасыға азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетілді. Шараның басты мақсаты Рамазан шарапатын сездіріп, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

           Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек.  Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты» деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелуге асыққанымыз абзал.  

 

«Жылыой мұсылмандар» орталық

мешітінің баспасөз - қызметі

          

                                                                                                 

 

 

 

Толығырақ ...

Ата – ананың қадірі

Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَى"" وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٌ ﴿١٣﴾"
"Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы".
Ия, Алла Тағала баяндағандай, адам баласының бар болуы, өсуі, өнуі, жапырақ жайуы, барлығы ата – ананың бастауымен болады. Ана сөзі әр нәрсенің бастауы деген ұғымда да қолдануы осыдан болар. Және адазаттың ұлтқа, тайпаға бөлінуі де олар өз тектері арқылы бірін – бірі танып білулері үшін ғана болмақ. Ешқандай ұлттың басқадан артық жері жоқ, болсада тек тақуалықпен әрі ізгі – салихалы амалдарымен болмақ.
Осы тұста Абай атамыздың мына жыр шумақтары ойымызға келеді: Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Алла Тағала Құран Кәрімде бірнеше аятта біздің ата – анамызға деген құрмет пен мәмілемізді былай деп түсіндіреді.
وَقَضَى رَبُّكَ أَلاَّ تَعْبُدُواْ إِلاَّ إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلاَهُمَا فَلاَ تَقُل لَّهُمَآ أُفٍّ وَلاَ تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلاً كَرِيمًا ﴿٢٣﴾
"Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَاثُونَ شَهْرًا حَتَّى إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ ﴿١٥﴾

"Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені, шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзет. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын” деді.


وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَى وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ ﴿ ١٤﴾
"Адамдарға ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ»
Бұл сүрелереден Алла тағаланың адам баласына ата – ананы қадірлеуді, сыйлауды оларға қызмет жасау сияқты міндеттерін ұқтырды. Ал, олар тірі не о дүниелік болып жатса, оларға былайша дұға жасауды бұйырды:
وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُل رَّبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا ﴿٢٤﴾
Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”
Бірақ, бүгінде кей жастардың әке – шешемен деген қарым-қатынасын көріп қайғыға түсетінің де рас. Бір жақта енесімен шығыспаған келін, бір жақта анасына (зейнетақысына) сеніп соны аңдып жүрген ездер. Бір жақта сөз ұқпай, кеше намаз бастап бүгін ата – анасына сен кәпірсің, тағы басқалай сөгістер айтып олардың көңілін қалдырудан қорықпайтын ұл-қыз бар. Алланың разылығынан қалай үміттенеді, оны елестету қиын. Пайғамбарымыздың (с.а.у) "жәннат аналардың аяқ астында" деп айтқанын біле тұра Алланың құзырында не деп ақталмақ? Ал, Алла Елшісі (с.а.у) хадистерін былайша топтастыра отырып, ата – анамызға деген міндеттерімізді баяндап өтейік:
Біріншіден, Ата – анаға жақсылық жасау – Алланың ең сүйікті амалдарынан. Алла Елшісінен (с.а.у) бірде Абдулла ибн Масуд былай деп сұрайды: Амалдардың Аллаға ең ұнамдысы қайсысы дегенде, уақытында оқылған намаз дейді. Одан кейін ше дейді. Ата – анаға жақсылық жасау дейді. Одан кейін ше дегенде Алла жолында жасалаған күрес, - деп жауап қайтарған.
Екіншіден, Ата – ананың қызметі Алла жолында соғысқанмен тең. Адулла ибн Амр жеткізеді: Бір жігіт Пайғамбарымыздан (с.а.у) соғысқа шығуға рұқсат сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у) "ата – анаң тірі ме?" дейді. Жігіт "ия" деп жауап бергенде, "Олардың алдында да соғысу бар", - дейді. Яғни, оларға жасалған қызметті Алла жолында күресумен тең қойды. Кісі ер жетіп, өзі балалы-шағалы болғанда солармен әуре болып, ата-анасын ұмыта бастайды. Бұл үлкен қателік.
Үшіншіден, Алланың разылығы ата – ананың разылығында. Бұл жайында пайғамбарымыз (с.а.у) Алланың разылығы ата – ананың разылығында, Алланың ашуы ата – ананың ашуында, - деп түсіндірген.
Бірде пайғамбарымыз с.а.у үш рет : Мен сендерге күналардың ең үлкендері жайында хабар берейін бе? - деді. Сахабалар: Әрине, - деп жауап қатты. Сол кезде Алла елшісі с.а.у : Аллаға серік қосу, ата – анаға ақ (ренжіту) болу, - деді. Бұл сөзді жамбастап отырып айтты да дұрыстап отырды сөйтіп былай деді. Назар аударыңдар өтірік сөйлеу, назар аударыңдар жалған куәлік беру, - деді.
Дастан СҮЛЕЙМЕНОВ,
«Жылыой Мұсылмандар" орталық мешітінің
ұстазы.

Толығырақ ...

Бас имам мейірбан болу жайында уағыз айтты

Кеше Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы, филология ғылымдарының phd докторы Мансұров Батыржан Берденұлы тарауық намазына жиналған жамағатқа "Пайғамбарымыз салла Аллаһу алейһи уә сәлләмнің мейірбандылығы" туралы уағыз жүргізді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу