Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Орталық мешітте аға буын алқасы құрылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойыншаөкіл имамы Батыржан Мансұров жамағатпен жұмыстың жаңаша форматын іскеқосты.


            А
қшам (Мағриб) намазынан кейін, "Иманғали" орталық мешітінде аға буынның басын қосқан Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы қазақ даласында тарихи жолменқалыптасқан мұсылмандық мектеп, "Үлкенге ізет, кішіге құрмет" көрсетудіөсиет еткен қазақ халқының тамаша болмысы, тәлім-тәрбие жолы туралы ойқозғады.
           "Т
ұтас бір ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, азаматын атқа мінгізіп, жақсылығын асырып отыратын ақсақал аталардың" мешітте де орны бөлек. Өйткені, мешіт – Алланыңүйі. Нұр үйі. Ізгіліктің бастауы, тәлім-тәрбие ордасы. Осы ретте ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с) мұсылманның мұсылманға бауыр, айна екенін айтып, бауырмалдықты өсиет еткенін де атап өткеніміз жөн. Олай болса, мойнымызға жүктелген осынау міндет біздің мешітімізде салтанат құрып, келер буын – жас жамағатқа бір атаның баласындай татулық, достығымыз үлгі болуы тиіс» деген Бас имам Батыржан Мансұров аға буынның жас жамағат алдындағы жауапкершілігін атап көрсетті.
               Еркін форматта
өткен басқосу барысында аға буын жастармен арадағы ынтымақты арттыру ісіне бел шеше кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. Нәтижесінде мешітте аға буынның алқасы құрылды. Ондағы мақсат – құлшылықүйінің ішкі-сыртқы тәртібін қадағалау, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда жастарды жұмылдыру. Мешіттіңқайырымдық бағыттақолға алатын игі бастамаларын жүзеге асыруға белсене араласып, қоғамдық шараларды өткізуде жас жамағатқа қолдау білдіру.


             Орталы
қ "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...

Екі жүз балаға оқу құралдары таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен, бүгін екі жүзге жуық балаға оқу құралдары табыс етілді.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында өткен шара кезінде бүлдіршіндерге сөмке толы оқу құралдарымен бірге, Құрбан айт құрметіне тәттілерден дайындалған пакеттер де таратылды. Негізінен аз қамтылған, көп балалы, яғни, әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін отбасы балаларын қамтыған акция кезінде мектеп оқушыларына сыйлықты Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының өзі арнайы тапсырды.

«Халқымызда «Берсең, балаға бер» деген тамаша тәмсіл бар. Бала – еліміздің болашағы. Олар сәби кезінен ізгілікті, жанашырлық, қамқорлықты сезініп өсуі тиіс. Және ислам дінінде балаларға мейірім таныту, махаббатын арнау –сәбидің жеке тұлға ретінде қалыптасуына, тәрбиесіне,  ықпал ететіндігі ерекше айтылады» дейді өкіл имам Батыржан Мансұров.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды

«Жылыой мұсылмандары» орталық мешіті жазғы сауат ашу курсы маусымын қорытындылады.

 

 «Имани жаз-2018» атты мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсының жабылу салтанатымен шәкірттерді «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінің Бас имамы Арман Исаев құттықтады.

 

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар» деген. «Имандылық - қоғамды игілікке толтыратын ізгі құндылық. Ислам адам баласын тал бесіктен жер бесікке дейін білім алуға үндейді. Мешітте имандылық әліппесі жыл сайын өткізіліп келеді. Жеткіншектеріміздің жазғы демалыс уақытын бос өткізбей имани, рухани білім алуына  себепкер болған шәкірттердің ата-аналарына айырықша алғысымды білдіремін» деді Жылыой ауданының Бас имамы Арман Исаев.

 

Бұдан соң шәкірттерге сертификат тапсыру рәсімі өтті. Айта кетелік, жазғы маусым кезінде шәкірттер ахлақ, дәстүр тақырыптарында ілім алды.

 

 

       «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінің баспасөз – қызметі.

 

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу