Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмір тарихы – жастардың назарында (фото)

Адамзаттың асылы, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай «Иманғали» орталық мешітінде біраз игі шаралар қолға алынды. Әсіресе, жастарға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір тарихын жақын таныту мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлының қолдауымен іске асқан жас жамағатты кітап оқуға жұмылдыру бастамасы қайырлы бастамалардың бірі болды.

Толығырақ ...

Исатай ауданында Мәуліт мерекесі өтті

17-ші қаңтар күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен рухани кешке ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы арнайы қатысып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Мәуліт айының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы уағыз  айтты.

Құранмен ашылған тағылымдық кеште пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір тарихына байланысты бейнебаян көрсетіліп, салауаттар айтылды. Діни өлеңдер шырқалды. Салауаттар айтылды.

Шараның марапаттау бөлімінде аудан әкімі Т.Сұлтанбековтің атынан бас имам Батыржан Берденұлы, имам атынан Алла үйіне жанашырлық танытып болып жүрген бір топ жамағат «Алғыс хатпен» марапатталып, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. 

Кеш соңында пайғамбарды (с.ғ.с.) ұлықтауға жиналған жамағат Мәуліт дастарханынан дәм ауыз тиді.

 

ҚМДБ Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі,

 

«Зинеден Құрасұлы» мешіті

Толығырақ ...

Мешіт ұстазы А.Түзелова семинарда баяндама жасады

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелова Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен

«Әлемнің нұры – әйелдер» атты семинар-тренингке қатысып, «Исламдағы әйелдің орны» тақырыбында баяндама жасады.

         А.Түзелова баяндама барысында асыл дініміздің әйел баласына ерекше құрметпен қарайтынын айта келіп, оның өз бастауын қасиетті Құраннан алып жатқанын тілге тиек етті. «Айталық, Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде «Раббысы Мәриям анамызды дұрыс қабылдап, әсем өсімдіктей, құлпырған гүлдей өсіріп, жетілдірді», – дейді. Демек, дініміз әйел адаммен әдемі мәміле жасауды бұйырады. Бұл ретте әйел баласы бала кезінен-ақ игі тәрбие алып, Құран насихат еткендей гүлдей нәзік мінез иесі болуы – міндетті. Себебі, қыз  бала – болашақ хайырлы ұрпақ анасы, иманды қоғамның негізін қалаушы тұлға. Өкінішке қарай, қазіргі таңда қыз балаларымыз жаратылыс болмысына сай тәрбие ала алмай, қазақ отбасылары рухани дағдарысты бастан кешуде. Қыздарымыз оң жақта жүкті болып, жетімдер саны артуда. Алла Тағала арам деп санаған некесіз қатынастан туған тексіздердің қатары көбейіп, ар-ұяттың үлгісі болған қыздарымыздың қадір-қасиеті төмендеуде. Екіншіден, қоғамда етек алған діни алауыздық отбасындағы аналарымыз бен қыздарымыздың арасындағы туыстық қарым-қатынасқа сызат түсіруде. Шындығында, дінде жоқтығын бетке басып, ата-анаға қарсы келу, безу, отбасыны тастау – Ислам шариғатында жоқ нәрсе. Дініміз жұмақтың ананың аяғының астында екенін айтып, ананы құрметтеуге шақырады», – деді ұстаз өз сөзінде. Осы орайда ол сахаба аналарымыздың өмірін үлгі етіп, шара қонақтарын парасатты әйел болуға үндеді.         

Орталық басшысының орынбасары Г.Қожағұлова жүргізген семинар жұмысы орталық  псиxологы С.Нұрбекованың психологиялық тренингтері арқылы өз жалғасын тапты.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

 

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Құрманғазы ауданы Мәуліт мерекесін атап өтті

Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің ұйымдастыруымен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өмірге келген айы – Мәуліт мерекесіне орай рухани шара өтті.

Құранмен ашылған шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Сисатов сөз сөйлеп, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Шара барысында мешіттің бас имамы Н.Жарқымбаев жиналған жұртшылыққа қасиетті Мәуліт айының мән-маңызын түсіндірді.

Сондай-ақ, кеште С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары діни әндер шырқап, рухани-тағылымдық мәні зор қойылымдар қойылды.

 

ҚМДБ Атырау өңірі бойынша

 

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Тағылымдық мәні зор кітаптар таратылды

Бүгінгі  таңда ізгілік ұйытқысы болған дін төңірегінде кереғар көзқарастар орын алуда. Құран мен сүннет сынды қос қайнар көзі бар Ислам дінінің пенделік көзқарастан қашан да биік болғаны, Алла Тағала тарапынан қорғалып келгені де адамзатқа аян.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бір хадисінде: «Үмметімнің түрлі көзқараста болуы – игіліктен», – деген. Алайда, қазіргі таңда мұсылман үмметінің сүннетке қайшы келіп, ел арасына іріткі салуы жақсылықтың нышаны емес. Міне, осының алдын-алып, елді бірлікке шақыруда діни-шариғи тақырыптарда жарық көрген кітаптардың маңызы орасан зор.

Солардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті діни мәселе ақида мен фиқһ болып тұр. Осы ретте, қаңтар айының 13-ші жұлдызы, қасиетті жұмадан кейін Атырау қаласы, Тасқала ауылы, «Мәулімберген»  мешіті  жамағатына, Имам Ағзам Әбу Ханифаның: «Әл-фиқһул әкбар» яғни, «Ең үлкен фиқһ», «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі, Ханафи мәзһабы бойынша», «Саяси-кәламдық және фиқһтық мәзһабтар тарихы» (авторы – Ақмарал Сатыбалдиева) секілді өте құнды кітаптар тегін таратылды.

Шара барысында бас имам Мақсот Бағытжанов  аталмыш еңбектерге аз-кем түсініктеме беріп, жамағатқа ілім-білім алудың маңыздылығын айтты.      

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

«Мәулімберген» мешіті

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу