Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Зинеден Құрасұлы» мешітінде Наурыз мерекесі атап өтілді

21-Наурыз күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде ауданның бас имамы Құрметқали Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі – халық берекесі» атты тақырыпта Наурыз мерекесі атап өтілді. Мешіт ауласында 120 адамдық киіз үй тігіп мерекелік дастархан жайылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Мәди Рахымұлы, ардагерлер Бектенов Мұрат, Сапаров Кәки, аудандық мәдениет үйі басшысы Роза Ибыраймқызы, мекеме басшылары және мешіт жамағаттары барлығы 100 ден астам адам қатысты.

Күй мен термелер шырқалды. Ауданның имамы Қ.Бақтығұлов бірлік, сабырлылық, шүкіршілік туралы уағыз-насихат айтты. Күй мен термелер шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Мәди Рахымұлы, ардагер аға Бектенов Мұрат, Кәки Сапаров т.б өз тілектерін білдіріп, ауданның бас имамы Қ.Бақтығұловқа ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Зинеден Құрасұлы» мешіті

Толығырақ ...

Шоқпартоғай ауылында Наурыз тойланды

         Наурыз айының 20-жұлдызында Шоқпартоғай ауылында Ұлыстың ұлы күні Əз Наурыз тойланды. Ұлттық мерекеміз ұлықталды. Ауыл әкімі Е.Елеусінов , «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады.

         Ауыл халқы орталыққа жиылып, төл мерекеде думандатты. Жастар əн салып, би билеп, ұлттық өнерден, ойындардан керемет көріністер көрсетті. Ауылдағы əр саланың озаттары марапатталды. Ақ жаулықты аналар, қария қарттарымыз жастардың мерекелік сыйына разы болып, баталарын берді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

"Шоқпартоғай" мешіті

Толығырақ ...

Қосшағыл ауылында Наурыз мерекесі тойланды

         Наурыз айының 19-жұлдызында Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында Наурыз мерекесі тойланды.

         Мерекелік шарада ауыл әкімі А.Ідрисов, «Жылыой орталық мешітінің» бас имамы А.Исаев, Жылыой, аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаев, қала әкімі Ш.Кеким, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, «Қосшағыл ауылдық» мешітінің имамы Теңел ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, жамағатқа жылы лебіздерін білдірді.

         Наурыз мерекесіне арнайы наурыз көже пісіріліп, ұлттық дәстүрді жаңғыртатын қойылымдар, бесікке салу дәстүрі көрсетілді. Мектеп оқушыларының шырқай салған әндерін тамашалаған жамағат дастарханнан дәм ауыз тиді.

         Ауылдың ақсақалды, аталары мен әжелері ұлттық киімдер киіп, шашу шашты. Жастарға алғысын айтты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, "Қосшағыл" мешіті

Толығырақ ...

"Иманғали" орталық мешіті Наурыз көже сайысында үздік атанды

Ұлыстың ұлы күні, 22-наурыз мейрамында ҚМДБ-ы мұнайлы өңірдегі өкілі Батыржан Берденұлы басқарып отырған "Иманғали" орталық мешіті облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, "Жүректен жүрекке" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен "Наурыз көже" сайысында жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Толығырақ ...

"Иманғали" орталық мешіті Наурыз мерекесін атап өтті

22-наурыз күні "Иманғали" орталық мешіті ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атап өтті. Күн мен түн теңескен жыл басы әз-Наурыз мерекесін көпшілікпен бірге тойлау үлкен мәртебе. Бірін-бірі құшақтай қарсыласып, көрісе амандасқан ағайынның қуанышы - күллі елдің қуанышы. Мешіт ауласына қадам басқан жамағаттың ыстық ықыласы мен жадыраған жылы жүзі осыны аңғартқандай еді.

Толығырақ ...