Періштелер жүретін жерде жүрейік \ ұстаз Ермек Көкірекбаев
- Бөлім: Медиа дәрістер
Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті
24 тамыз, жұма күні орталық "Иманғали" мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа Құрбан айт мерекесі туралы дайындалған брошюралар таратылды.Көрнекі құралда қасиетті мерекенің мәні, маңызы туралы ақпарат жазылған. Сондай-ақ, құрбан малға қойылатын талаптар туралы да мәліметтер алуға болады. Жиналған жамағат мереке алдындағы тосын сый үшін, мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
«ИМАНҒАЛИ» орталық мешітінің баспасөз қызметі
Мақат ауданы қарасты Доссор селосында орналасқан «Сатен Шәмек» мешітінде балалар арасында Құран оқудан жарыс болып өтті.
Шара барысында мешіттің бас имамы Батыр Бердіқұлов Құран-Кәрімнің қасиеті туралы әңгімелеп, оны оқу әрі, жаттап алудың маңызы жөнінде айтты.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ақсақалдар жағы балалардың оқу мәнеріне, алғырлығына ерекше разылықтарын білдірді.
Айта кетелік, «Исра» сүресінің, 9-аятында «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді» деген жолдар бар.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
«Мектепке жол-2017» акциясына орай,Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров әлеуметтік жағынан әлжуаз топтың балаларына тосын сый жасады.
Оқушыға қажетті киім-кешек, аяқ-киім, оқу құралдары салынған сөмкелерді табыс еткен бас имам Эммат Ғұмаров балаларға оқуда сәттілік тіледі. Және әр баланың қоғамнан өз орнын табуына білімнің ерекше ықпал ететіндігін атап өтті. Жабырқай келіп, жадырап қайтқан аналар мейірімділік сыйлаған мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетелік, жалғыз басты аналар, мүгедек жандар, аз қамтылған отбасылар қамтылған қайырымдылық акциясы мешіт жамағаты тарапынан түскен садақа негізінде жүзеге асты.
Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің әкімшілігі.
Атырау қаласындағы «Дина» сауда орталығында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнес өкілдері «Мектепке жол» акциясына атсалысты.
«Дина» ЖШС намазханасының имамы Мұнархан Әлімовтің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасында көмек негізінен жалғызбасты және көп балалы отбасыларға, мүгедек жандар тәрбиелеп отырған балдырғандарға көрсетілді. Қамқорлыққа разы болған ата-аналар «Жаратқан Иеміз екі дүниенің бақытын берсін!» деп игі тілектерін жаудырды.
«Дина» ЖШС сауда орталығы намазханасы әкімшілігінің хабарлауынша, Шара барысында қайырымдылық барлығы 27 отбасыға көрсетілді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.