Он жеті отбасыға қаржылай көмек берілді
- Бөлім: Жаңалықтар
Бүгін «Иманғали» орталық мешітінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған он жеті отбасының әрқайсысына 15 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Қайырымдылық шарасын Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ұйымдастырды. Және де ол әр мұсылманды қайырымдылық, ізгілік, адамгершілік сынды игі қасиеттердің көркемдеп тұратынын айтты.
Алла үйі қашан да мұқтаж жандарға қолдау білдіріп келеді. Бір ғана Рамазан айында 300-ге жуық отбасыға азық-түлік пакеттері табыс етілді. Қасиетті ораза кезінде 45 отбасыға қаржылай көмек берілді. Осындай игілікті істердің қамкөңіл жандарға демеу болатыны қуантады.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз-қызметі.
