Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Махамбет ауданында қайырымдылық акциясы өтті

  islam-atyrau.kz/30 қараша, 2019 жыл.  Махамбет ауданының орталық мешітінде Мәуліт мерекесінің құрметіне қайырымдылық акциясы болып өтті.

Бір сәтте жиырма отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді. Негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасылар қамтылған шара осылайша қамкөңіл жандарға жүрек жылуын сыйлады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттары қатарында қайырымдылық саласы да бар. Мешітіміз мейілінше қамкөңіл жандардан қамқорлықты аяған емес. Мәуліт ізгіліктің, рақымның, адамгершіліктің айы. Себебі, бұл қасиеттер әркез Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) бойынан табылған ізгі қасиеттер. Біз Мәуліт айының құрметіне осындай акция ұйымдастыру арқылы, қоғамға ой тастағымыз келді" дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы. 

 

  

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Махамбет ауданында Мәуліт кеші болып өтті

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Махамбет ауданының орталық мешітінде Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш болып өтті.

Іс - шараға Атырау облысының орталық мешітінің ұстазы Ерболат Боханов арнайы қатысып, қасиетті айдың ерекшелігі туралы уағыз айтты.

"Мәуліт негізінен арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Күллі адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегеге толы өмірі мен мағыналы өсиетін, тағылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс.

 Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың жолы. Әлемдердің Раббысы қасиетті Құранда пайғамбар хақында: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят), - деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (с.ғ.с.) өнеге алуға шақырады: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнінде үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят).

Мәуліттің мереке ретінде атап өтілуі  ислам ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болған" дейді ұстаз Ерболат Боханов.

Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлының ұйытқы болуымен өткен шараға қырыққа жуық жамағат қатысты. 

 

 

     

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Бас имам Доссор мешіті жамағатына уағыз айтты

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Бүгінгі Мақат ауданына сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы  Доссор ауылына барып, аталмыш елдімекендегі Сәтен-Шәмек мешітіне барды.

Мешіттің бүгінгі ахуалымен, тыныс - тіршілігімен танысқан ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы құлшылық үйінің тұрақты жамағатымен де кездесті.

Кездесу барысында исламның негізгі мақсаты, өңірдегі діни ахуал, жастар тәрбиесі, әсіресе, рухани құндылықтарды тереңінен насихаттау мәселелері көтерілді. Сондай ақ, Бас имам қоғамды жат ағымнан сақтандыру тақырыбын ерекше қозғады.

"Қазақ жат ағым деп текке атамаған. Ағым су сияқты, ағып кетеді. Демек, біз жат ағым мәселесі толықтай шешілетін кезеңге де қол жеткіземіз. Қазіргі уақытта қазақ руханиятын кеңінен насихаттап, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру маңызды" деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас  имамы Алтынбек Ұтысханұлы. 

 

 

 

        Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Мақат ауданында жұма уағызын жүргізді

 islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Мақат ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті орталық мешітте жұма намазын өткізді.

Орталық мешітте жергілікті жамағатпен жүздескен Бас имам басшыға бағыну тақырыбында уағыз айтты. «Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген мына хадис шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді. Бұл халықтың өз басшысына бойсынуы қажеттігін дәлелдейтін хадис.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көзін көрген мұсылман үмбетінің үлгі тұтар тұлғалары сахабалар ел тізгінін ұстаған басшыларға сөзге келмей бойұсына-тұғын. Билікке бойұсыну ісіне аса мұқият болған-ды. Әсіресе, ел ішінде бүлік шыға қалса елді ымыраға шақырып, ел басшысы халифаға қолдау көрсететін. Басшыға бойсұнып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгеннің ауызбірліктің арқасында ғасырлар бойы билеп келген алпауыт мемлекеттер Византия мен Парсы империясын тізе бүктірді. Ғылым мен өнерді дамытып дүниелік саланың бәрінде жетекшілік жасады. Бұл ненің нәтижесі? Бұл басшыға бағынып жұмыла жұдырық болғанның нәтижесі» деп атап өтті өз сөзінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

 

         

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Толығырақ ...

Бас имам Мақат жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды

            islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Мақат ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Мақат аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын таныстырды.

«Ислам этикасы – көркем мінез-құлық нормалары мен имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік сынды көптеген рухани құндылықтардан тұрады.

Бүгінгі қоғамның мұсылмандары ислам этикасын, ондағы адами құндылықтарды ұстана білуі қажет. Осындай тәлімі мол тұғырнамалар арқылы қоғамдағы тұрақтылық сақталып, рухани кемелдену жүзеге асады» деді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин жүргізген кездесу барысында.

            Еске сала кетелік, кездесуге зиялы қауым өкілдері, сала мамандары және жастар қатысты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам Мақат ауданының әкімімен кездесті

  islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бүгін Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.

Мұнайлы өңірге сапар Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкинмен кездесуден басталды. Кездесу аясында негізінен Мақат ауданындағы діни ахуал, жергілікті жұртшылық арасында рухани құндылықтарды насихаттау мәселелері талқыланды.

Сондай ақ, қос тарап өңірдегі білікті дін мамандарының санын арттыру, білім ошақтарымен арадағы байланысты нығайту мәселелерін де ортаға салып, өзара ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты.

 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...

Бас имам алқалы жиын өткізді

 islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.   Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Атыраудағы қала және аудан имамдарына жиын өткізді. Жиынға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысты.

Жиын барысындағы алдағы жылды атқарылатын жұмыстардың жобасы талқыланды. Және имамдарға облыс бойынша атқаратын жұмыстары бойынша міндеттер бекітілді.

«Қоғамда діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және рухани тұтастықты сақтауда имамның қызметі зор. Дерттің алдын алып, қоғам өмірін үйлесімділікке келтіретіндер де имамдар. Сондықтан да, діни лауазымдардың нақты атауын жасау да қажетті мәселелердің бірі» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Толығырақ ...