Мешіт жамағаттары ауызашар берді
- Бөлім: Жаңалықтар
Алла Тағалаға мың сан шүкір, биылғы жылғы Рамазан айының оразасы да ортадан ауып, бұйырса барша мұсылман баласы күнә-кемшіліктерден арылып, сансыз сауаптарға ие болмақ. Сол себептен де жамағаттар сауап жинаудан жарысып, түрлі игі амалдармен айналысуда.
Маусым айының 15-17-күндері Атырау қаласына қарасты Алғабас ауылы жастары мен «Мәулімберген» мешітінің жамағаттары ауызашарлар берді. Ауызашарға мешіт жамағаттары, әсіресе жастар мен жас жеткіншектер көптеп қатынасты.
Жалпы, қайбір қоғамның болсын болашағы бойларында күш-қуаты тасыған жастарға байланысты екені бесенеден белгілі жағдай. Биылғы Рамазан айының бір ерекшелігі де ауыз бекіткен жастар мен жас жеткіншектердің қарасының мол болуы көңіл қуантады. Алла Тағала сол ізімізден ерген іні-қарындастарымыз- адастырмай,хақ жол мен жүріп,құлшылық-ғибадатты Имам Ағзам Әбу Ханифаның мәзһабымен өтеуді нәсіп еткей! Жаратқан ие баршамыздың парыз болған ораза- ларымызды қабыл етіп, береке-бірліктерімізді арттырғай! Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы
бойынша өкілдігі,
«Мәулімберген» мешіті