Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жазғы сауат ашу курсының қыздар тобы бой сергіту сапарын ұйымдастырды

28-маусым күні жазғы сауат ашу курсының қыздары «Байзар» ойын-сауық орталығына барып, бой сергіту сапарын ұйымдастырды. Курс шәкірттеріне ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының мүшесі, мешіт ұстазы  Бибінұр Урбисинова мен мешітте іс-тәжірибеден өтіп жүрген Шаттық Серікқызы жетекшілік етіп, олардың көңілді демалуына ықпал етті.

Ұстаздар шәкірттерді «Байзар» сауда орталығының дәмді тағамдарымен құрметтеп, сыйлықтар тарту етті.

 

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған шара

26-маусым күні қасиетті Ораза Айт мейрамына орай жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне (қыздар тобы) арналған «Қош бол, Рамазан» атты мерекелік шара болып өтті. Шараны мешіт ұстазы, наиб имам Артық Жұмабекұлы ашып, Ислам сынды имандылыққа бастайтын хақ жолының қасиетін ұғынатын жастардың көбеюі ел ертеңі үшін теңдессіз бақыт екенін айтты. Сондай-ақ,  уыздай жас қыз балаларды алда тұрған өз өмірлерінің кеңістігін хайырлы біліммен толтыруға шақырып, өзінің ағалық кеңестерімен бөлісті.

Шара барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының мүшесі, мешіт ұстазы  Бибінұр Урбисинова иман шарттары, бес парыз, Рамазан айынан кейін келіп жеткен Айт мейрамының қадір-қасиеттеріне арналған викториналық сұрақтар қойып, шәкірттердің бір айлық білімдерін сынға салды. Мешітте іс-тәжірибеден өтіп жүрген Шаттық Серікқызы өз өнерлерін ортаға салған шәкірттерге сөзжұмбақ шешкізіп, шара қызығын арттыра түсті.

Шара соңында курс шәкірттеріне Құран кітабы мен хакім Абайдың «Қара сөздері» атты еңбегі сыйға тартылды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

«Дина» сауда орталығы намазханасындағы Ораза Айт мейрамы

25-маусым күні Ораза Айт мерекесіне орай «Дина» сауда орталығы намазханасында Айт дастарханы жайылып, жамағаттың басы қосылды. Мұсылман мен мұсыманның бауырмалдық, татулығын арттырып, достығын нығайтатын Айт мейрамына жиылған жамағат бір-бірін сағындырып жеткен Айт мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.  

Айт дастарханының басында намазхана имамы Мұнархан Шапенұлы сөз сөйлеп, Айт мерекесінің қадір-қасиеті туралы уағыз-насихат айтты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

 

«Дина» сауда орталығы намазханасы

Толығырақ ...

Қайырымдылық – қайырлы іс

Дінімізде мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу  қайырлы іс болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде былай дейді: «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды», - деп мұқтаждың қажетін өтеуге үндеген.

Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміз мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі. Сонымен қатар, Мүфти хазіреттің Рамазан айына байланысты берген арнаулы тапсырмасының маңызды мазмұны болып саналады.

Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша айлардың сұлтаны болған Рамазан айына орай  «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің Бас имамы А.Исаевтың бастамасымен мешіт ұжымы және кәсіпкерлер бірігіп 70-ке жуық отбасыға азық-түлік таратып, қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция Жылыой ауданындағы  әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтыды.

Пайғамбарымыз (а.ғ.с) бір хадисінде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам бізден емес» деп қайырымдылық жасауды бізге өнеге еткен. 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық орталық мешіті

Толығырақ ...

«Қапан қажы» мешітінде Айт намазы оқылды

25-маусым қасиетті Ораза Айт мейрамына орай "Қапан қажы " мешітінде Айт намазы оқылды. Мешіттің бас имамы Жамбыл Ыбыраш Айт намазының алдында Айт намазының оқылу ретін түсіндіріп, аз-кем уағыз-насихат айтты.

Айт намазынан соң, айт дастарханы жайылып, жамағат астан ауыз тиді. Балаларға батуттар құрылып, тәттілер таратылды. Қасиетті мерекені осындай кең көлемде атап өтуге атсалысқан мешіт жамағатына Алланың нұры жауғай!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

 

«Қапан қажы» мешіті

Толығырақ ...

Нұр шашқан арайлы айт мерекесі

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде айт мерекесіне орай дастархан жайылып, жамағаттар арасында ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Қазақша күрес, арқан тарту, гір тас көтеру, ләңгі тебу сияқты ойындарына  жамағаттар  ұйымшылдықпен белсене қатысты. Ауызбіршілік пен ынтымаққа баулитын шара көптің көңілінен шығып, жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар таратылды.

Мұсылман бауырлар арасында ұлттық дәстүрді ұмытпайтын азаматтар көбейе берсін!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

«Қ.Мұңайтпасов» мешітінде қариға құрмет көрсетілді

Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде қасиетті Рамазан айы бойы тарауих намазын өткізіп, құран хатым еткен түркиялық хафыз Абубакір ұстазға мешіт имамы Н.Сүндетовтың ұйымдастыруымен құрмет көрсетіліп, қазақы салт дәстүріміз бойынша шапан жабылды.

Жамағат өз разылықтарын білдіріп, сөз соңында мешіт ақсақалдары тілектерін айтып, қимастықпен қоштасты.  Алла тағала баршамызды келесі рамазан айында жүздесуімізді нәсіп еткей!

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

 

қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

Тұрғызба ауылында Ораза Айт намазы оқылды

Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылдық мешітінде Ораза Айт намазы оқылды. Айт намазының алдыңда уағыз-насихат айтылып, Тұрғызба ауылдық мешітінің имамы А. Есқайыров Айт намазының оқылу тәртібін түсіндірді.

Мешіт имамы және жамағаттың ұйымдастыруымен мешіттің алдына ағаш үй құрылып Айт дастарханы жайылып, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Балаларға батуттарда ойын қызығына батып, сыйлықтар алып, қуанысты.

 Спорттық шаралардан жүлделі орын алғандарға арнайы сыйлықтар берілді. Бұл іс-шараға «Жылыой орталық» мешітінің Бас имамы А. Исаев арнайы шақырылып, құрметті қонағы болды. Бас имам келген халыққа, ауыз біршілік, ынтымақ турасында уағыз айтып, Ораза айт мерекесімен құттықтады. Ауыл ақсақалдары, ана-аналар, жамағаттар  келген қонақтарға алғастарын айтты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

 

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

«Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде Айт намазы оқылды

               Жылыой ауданы, Жаңа Қаротон елді-мекені «Нұрқас-Сатыбалды»  мешітінде 25-маусым күні Айт намазы оқылды. Таңның атысымен мешіттің іші-сыртын лық толтырған жамағат уақыты кірісімен мешіттің бас имамы  А.Сарсекеевке ұйып, намаз оқыды.      

Айт намазынан кейін жиылған жамағат Айт дастарханынан дәм ауыз тиіп, бірін-бірі құттықтасты. Ораза Айт дастарханынан соң ұлттық спорттық ойындардан сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

 

Жылыой аудандық мешіті

 

Толығырақ ...