Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте сенбілік өтті

Мешіт үйінде сенбілік өтті. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте ұйымдастырылған сенбілік жұмысқа құлшылық үйінің қызметкерлерімен бірге, жергілікті жамағат та белсенділікпен атсалысты.

Тазалық жұмыстары мешіттің ішкі ғимаратымен бірге, сыртқы ауланы да қамтыды. «Исламның әліппесі тазалықтан басталады десек, бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жүргізілетін болады. Мешіт ғимаратының жақсы күтіммен сақталуы сіз бен біздің мерейіміз. Себебі, мешіт – Жаратушы Иеміздің жер бетіндегі қасиетті үйі» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...

«Жаназа және жерлеу» рәсімдері бойынша дәріс оқылуда

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте «Жаназа және жерлеу» рәсімдері кітабы бойынша насихат дәрісі басталды.

Өткен жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен жарық көрген еңбекте халық арасында атқарылатын кәделерді біріздендіру мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай, жамағат арасында басталған дәрісті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы ашып, шараның маңыздылығы туралы тоқталып өтті. «Жаназа шарттарының өзіндік тәртібі бар. Әрбір мұсылман баласы мұны білуі керек» дейді бас имам.

Дәрісті аталған мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев жүргізіп, марқұмды оң жаққа жатқызу, жуындыру, пәктеу, кебіндеу, ақтық сапарға шығарудың тәртібі туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Насихат жұмысы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Мұсылман қадірін арттыру жолдары қандай?

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы, теолог Еламан Бегалиев Жылыой ауданына арнайы шақыртумен келді. «Жылыой Мұсылмандар» мешітінің кешкі құптан намазына жамағаттар көптеп жиналды.

Аудан мешітінің Бас имамы Арман Исаев облыстан ұстаз жіберуге ықпал еткен Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлына алғыс айтты. Ұстазды жамағатқа таныстырып, күні кеше умра қажылығынан келгеніне қарамастан, жергілікті жамағатпен жүздесуге уақыт арнаған  ұстазға ризашылық білдірді.

Қазіргі таңда жастардың арасында ислам дініне  деген қызуғышылық артуда. Осы мәселеге тоқталған теолог Еламан Бегалиев мұсылманның ең басты қасиеттерінің бірі – оның өз мұсылман бауырларына деген жоғары сүйіспеншілік сезімі екендігін айтты. «Шынайы мұсылман бауырын қорламайды, ғайбат айтпайды, кемшілік көрсе, өзіне жеке ескертіп, насихаттайды. «Кәһф» сүресі фитнадан сақтайтын сүре. Осы сүреде төрт қисса айтылып, онда фитнадан арылу жолдары көрсетілген. Мәселен, дін фитнасынан - жамағатпен бірге болу құтқарады. Мал-дүние фитнасынан арнайы дұға сақтайды. Білім фитнасынан -  сабыр, билік фитнасынан - әділдік құтқарады деп»,- атап өтті ұстаз Бегалиев.

Басқосудың соңы сұрақ-жауаппен жалғасып, жамағаттар көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды.

           Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі






Толығырақ ...

Дін ислам – діңгегім

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон елдімекеніндегі №23 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен кездесу болып өтті.

            Шара барысында «Нұрқас – Сатыбалды» мешітінің имамы А. Сәрсекеев дәстүрлі ислам дінінің қоғамды дамытудағы ролі, исламдағы бала тәрбиесі, ата-ана алдындағы перзент парызы, ұлттық сана тақырыбында сұхбат өргізді. Және кездесу аясында оқушыларға жат ағымдардың негізгі қателіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Білім – адамзат баласының қоршаған ортаны тануға, білуге, меңгеруге деген ұмтылысы. Жаратушы Алла Тағала аманат еткен ислам діні ғылым мен білімге ерекше құрметпен қарайды. Дін ислам біліммен және ғылыммен айналысуды жоғары бағалайды және ғалымдардың дәрежесін биік тұғырға қояды. Ислам діні бойынша ең көркем бейнеде жаратылған адам баласы өзін оқу, білім алу арқылы дамытуы керек. Өйткені, оның күш-қайраты, ынта-жігері мен қабілеттері құнды, бағалы саналады» деп атап өтті имам А. Сәрсекеев.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз-қызметі.


Толығырақ ...

Мұқтаж аналарға көмек көрсетілді

            Алғыс айту күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенованың ұйымдастыруымен, орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан сауат ашу курсының шәкірттері бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен жалғызілікті қарттарға ерекше көңіл күй сыйлады.

            Мұқтаж жандарға азық-түлік  пакетімен қоса, гүл сыйлап, мерекемен құттықтаған шәкірттерге аналар шынайы алғыс сезімін білдіріп жатты. «Осынау тамаша мерекеде гүл сыйлап, көңілімізді марқайтып тастағандарыңыз үшін мың рахмет» деп бата берген аналар, ізгі іске бастамашы болып жүрген Әйел-қыздар секторына ризашылықтарын жеткізді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...

Ұстаз шәкірттерге гүл сыйлады

       1 наурыз – «Алғыс айту күніне» орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенова өзі тәлім беріп жүрген шәкірттерге гүл сыйлап, қуантты.

            Зарина Жукенова орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан сауат ашу курсының үш тобына ұстаздық етеді. Көктем мезгілінің алғашқы мерекесінің құрметіне ұстаз 35 шәкіртке гүл табыстап, ерекше көңіл-күй сыйлады. «Иман - мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді. Біріншіден, Аллаһқа иман келтіру. Екіншіден, періштелерге иман келтіру. Сондай ақ, қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур), Пайғамбарларға, Ақырет күніне және Тағдыр мен қазаға иман келтіру» деген  ұстаз Аллаға жақындау жолында білім іздеп, сауат ашуға талпынып жүргендері үшін шәкірттеріне алғысын осындай жолмен жеткізді.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

 

Толығырақ ...

Халықаралық орамал күні атап өтілді

Халықаралық орамал күніне орай, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жауапты ұстазы Зарина Жукенованың ұйымдастыруымен орталық «Иманғали» мешітінде ауқымды шара өтті.

Қыз - келіншектердің, әйел аналардың басын қосқан тағылымды шара шариғаттың шәлісінің Алладан берген үлкен сыйлық екенін көрсетуді мақсат тұтты.  «Әйел адамға орамал тағудың парыз етілу себебі неде? Ақ жаулық тіркесінің астарында қандай мағына жатыр?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғалған шара соңында шәкірттер ұлттық нақыштағы киімдер, күнделікті және кеңсе киімдерін орамалмен әрлеп, сән үлгісін көрсетті. Сондай ақ, орамалды сәндеп тағудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Айта кетелік, халықаралық орамал күні – дүниежүзі мұсылмандарының үлкен қолдауына  ие болған мереке. Бұл күні әлемнің көптеген қыз-келіншектері бір күн бойы орамал тағып жүріп, мұсылман әпке-сіңлілеріне қолдау көрсетеді. Бұл күнді атап өту идеясын Бангледеште дүниеге келген Назма Кхан атты мұсылман қызы ұсынған.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу