Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Садақаны сау кезіңде бер

25-сәуір күні Құрманғазы ауданы, Байда ауылының тұрғындары ұйымдасқан түрде Құдайы жолы садақа берді. Садақа берудегі мақсат –  қазіргі таңда жер-жерді су алып, біраз қиындықтар тудырып жатқаны белгілі. Соған орай, «садақаңды сау кезіңде бер», – демекші, апаттың алдын-алу, сақтық шаралары оң нәтиже беруін Жаратушы Жаппар иеден сұрау. Байда ауылы Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан.

Құрманғазы ауданының бірқатар ауылдарында аудан әкімі Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлының басқаруымен бөгеттер қайта жасалынып жатыр. Сақтықта қорлық жоқ дегендей тілсіз жаудың алдын алу жұмысының жақсы өтуін бір Алла қабыл еткей! Құдайы жолы садақаға арнайы Аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев барды. Жиналған ауыл тұрғындарына аудан имамы, садақа берудің сауабы жайында, өзге ағымдардан жас балаларының сақтануы жайында және 19 сәуірде өткен 2 ші республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар жайында өнегелі уағыздарын айтып өтті.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Имамдар форумында қабылданған құжаттарды түсіндіру

25-сәуір күні  Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Нұрлан Жарқымбаев құптан намазының алдында жиналған жамағатқа 19 сәуір күні 2-ші Республикалық имамдар форумында қабылданған екі құжатқа байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Екі құжаттың біріншісі «21 ғасырдың үздік зияткер имамы», ал екіншісі «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенім мектебі – Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы ұстанымы» деп аталады. Н. Жарқымбаев өз сөзінде: «Бұл екі құжат Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының стратегиялық даму жоспары. Өйткені, қазақ халқы сенім тұрғысынан Матуриди, құқықтық мектепте Әбу Ханифа қалыптастырған ілім жүйесін ұстанып келеді. Осы сеніммен қаншама жылдар бойы елді басқарып келген кешегі хан-билеріміз тура жолынан таймаған. Біле білсеңіздер, бір мазһабты ұстану бұл ынтымақтың кепілі, іріткі болған жерде ешқашан береке болмаған», – деді өз сөзінде.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Миғраж кешінің құрметіне жамағатқа уағыз айтылды

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылдық «Қапан қажы»  мешітінде Исра және Миғраж кешінің құрметіне жамағатқа уағыз айтылды.

Ережеп айының жиырма жетінші түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) - Миғраж мұғжизасы берілді. Алла Тағаланың құдыретімен, қалауымен ғана болатын кереметтерді «мұғжиза» деп атайды. Адамзатқа екі дүниеде шапағатшы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) теңдессіз ғажайып мұғжизалар берілді. Оның бастысы − Құран. Одан кейінгісі – Исра және Миғраж мұғжизасы.

Міне, осындай қасиетті миғраж түнінде ауылдың бас имамы Жамбыл Ыбыраш миғраж түнінің қадір қасиеті мен жасалатын ғибадат түрлері туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, сауапты амалдарды арттыру қажеттілігін ескертті. Шынында, бұл басқосу жамағат үшін берекелі болды. Көп нәрсені біліп, біршама діни мағлұматтарға қанықты. Аллаға шүкір, мұндай басқосулар жамағаттар арасындағы ынтымақ-бірлікті арттырары сөзсіз.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

"Қапан қажы" мешіті

Толығырақ ...

Қалалық «Әт-тақуа» мешіті ағаш отырғызу акциясына белсене араласты

Қалалық «Әт-тақуа» мешіті ұжымы «Аялы ағаш – саялы» атты ағаш отырғызу акциясына белсенеараласып, Алла үйінің айналасын көгалдандыру ісіне бір кісідей ат салысты.

Қасиетті жұма таңында ағаш отырғызу сынды хайырлы іске білек сыбана кіріскен мешіттің жас мамандары, әсіресе, «Жастар ұйымының» мүшелері 10-нан астам тал егіп, аталмыш шараны бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Акция соңында мешіт жанындағы «Ақсақалдар алқасы» жастарға баталарын беріп, мешіт ұжымының береке-бірлігінің арта беруіне тілектес ниеттерін жеткізді.

 

  ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

қалалық «Әт-тақуа» мешіті

Толығырақ ...

Жат ағымға қарсы күрес – ортақ міндет

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатындақұрылған жұмыс тобы

Шоқпартоғай ауылы, Қара-арна селолық округі әкімшілігінінде ауыл тұрғындармен жүздесті. Ауыл әкімі Елеусінов Ерболат «Біз теріс ағымға итермелейтін сайттарға жиі мониторинг жасап отырамыз. Алайда, интернет – әлемдік кеңістік. Бір сайт жабылып жатса, басқа жерден ашылып отырады. Сондықтан, балаларыңызға жиі көңіл бөліп, әлеуметтік желілердегі достарын да бақылап отыру керек екендігін» айтты.

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш «Ислам – ізгілік діні. Ол ешқашан адамдардың бір-бірімен қырғи-қабақ болуын, жанжалдасуын қаламайды. Ежелден Ислам дінін өмірінің бұлжымас қағидасына айналдырған ата-бабаларымыз бөлінуге емес, ұрпағын бірігуге шақырды. Топ мүшелерінің басты мақсаты – осыны түсіндіру, жастардың санасына сіңіру.

Биылғы жаңа жылдан бастап «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге аса бастады. Жаңа бағдарлама болғандықтан, тұрғындар, кәсіпкерлер арасында түсініспеушіліктердің туындауы әбден мүмкін. Осы мәселені ескерген топ мүшелері – облыстық басқармалар, жұмыспен қамту мекемелері және «Даму» ауыл шаруашылығын қолдау қорының өкілдері  Шоқпартоғай ауылындағы әкімшілік залында, түсінік жұмыстарын жүргізді. Бизнесті ашу және жүргізу, мемлекеттік сатып алу заңдылық нормаларын, ұсынылып отырған жеңілдіктер, субсидия алу ережелерін кеңінен түсіндірді.

Әлеуметтік мәселелерді шешу бағыты бойынша жолға шыққан жұмыс тобы мүшелері  Шоқпартоғай ауылдық округі  тұрғындарына «Өрлеу» жобасының жүзеге асу тетіктерін, жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек, саладағы заңдылықтар, бейімдеу шаралары туралы түсіндіріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

 

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Шоқпартоғай ауылдық мешіті

Толығырақ ...

«Темірәлі» мешітінде діни заттар дүкені ашылды

Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің ауласынан діни кітаптар мен заттар сататын шағын дүкен-дүңгіршек (бутик) ашылды. Осы уақытқа дейін Құрманғазы ауданында діни кітаптар сататын дүкен атаулы болған емес.

Жамағаттың сұранысына сай діни әдебиеттер мен Құранның қазақша аудармасы осынау дүкен арқылы аудан халқының рухани қажеттілігін өтемек.

Уақыт өткен сайын аудан халқының діни кітаптарға деген сұранысының артуы көңіл қуантарлық жағдай.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Темірәлі мешітінде ағаш отырғызу акциясы өтті

21-сәуір күні Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінде «Аялы ағаш – саялы ағаш» тақырыбында ағаш отырғызу акциясы өтті.  

Шара барысында мешіт айналасын көгалдандыру сынды игі істің бастамашысы Құрманғазы ауданы «Темірәлі» мешітінің бас имамы Нұрлан Жарқымбаев ағаш отырғызудың дініміздегі хайырлы амалдардың бірі саналатынын айта келіп,

   Мешіт ауласына  20-дан астам жеміс ағаштарымен қоса түрлі жеміс ағаштары мен көпжылдық гүлдер де егілді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Имам Жамбыл Демеуұлы "Нұрқас-Сатыбалды" мешіті жамағатына уағыз айтты

Жылыой ауданы, Қаратон кентіндегі «Нұрқас-Сатыбалды»  мешітінде құптан намазының алдында белгілі дінтанушы, "Қапан қажы" мешітінің  имамы Жамбыл Демеуұлы жамағатқа уағыз айтты.

Кездесуді мешіт имамы Ажок Сарсекеев ашып, Жамбыл Демеуұлын жамағатқа таныстырды. Жамбыл имамның көтерген мағыналы уағызы дініміздің атын жамылып, жамағатқа іріткі салуды көздейтін адасқан ағымдардың жат пиғылынан сақ болу, олардың алдын-алу мәселелері болды.  Олардың азып-тозып, Алланың емес, адамның құлы болуына алып келген не? Әрине, үйдегі тәрбиенің кемдігі, ұлттық мүдденің әлсіздігі, тарихи сауатсыздық. Міне, осы сынды ұлттық құндылықтар бала санасына сіңбесе, сенің үйіңнен де дінінен бейхабар, тілі шорқақ, ұлтсыз, қайырсыз баланың өсіп шығуы әбден мүмкін. Сондықтан да ар-намысты, адал болуды үндейтін мұсылмандық тәрбиеге ден қойып, адамдық қалпымызды түзеу арқылы көркем мінезге қол жеткізуіміз керек. Бұл - пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті", - дей келе, экстремистік ағымдардың алдын-алуда маңызы зор тәрбие мен білімнің маңыздылығын атап көрсетті. 

Уағыз-насихат соңында жамағаттардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. 

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

«Нұрқас-Сатыбалды» мешіті

Толығырақ ...

Шоқпартоғай ауылында өткен кездесу

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Қара-арна селолық округі әкімшілігінде терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобы ауыл халқымен кездесу өткізді.

Шараға Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Өмірбаев Нұрадин, Атырау облыстық прокуратурасының аға көмекшісі Еділов Есболат, облыстық басқарманың бас маманы Жанқожаева Гүлмира, Атырау облстық ауруханасы клиника-диагностика бөлімінің орынбасары Есбусинов Марат, ауыл әкімі  Елеусінов Ерболат, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл қатысып, сөз сөйледі.

Осыған дейін аталған топтың Жылыой ауданында өз жұмысын бастағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Аталған топ жеті бағыт бойынша, атап айтсақ, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бизнесті дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, діни мәселелер, ақпараттық жұмыс және терактілерге қарсы дайындық бойынша үш күндік шаралар өткізді.

Кездесу барысында терроризм мен экстремизмді насихаттау арқылы қылмыстық кодексте көрсетілген заңды жауапкершіліктер түсіндірілді. Жиналыс соңында ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Шоқпартоғай ауылдық мешіті

Толығырақ ...