Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қосшағыл ауылында Құрбан айт мерекесі тойланды

Жылыой ауданы , қосшағыл ауылы «Қосшағыл ауыл» мешітінде Құрбан айт намазын оқылды. Құрбан айт намазының алдыңда уағыз насихат айтылып, айт намазының оқылу тәртібі көрсетілді. «Қосшағыл ауыл» мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы  айт намазын келген халыққа оқып берді. Мешіт имамы және жамағаттардың ұйымдастыруы мен мешіттің алдына ағаш үй құрылып айттық дастархан жайылып, спорттық шаралар, балаларға батут құрылып, бүлдіршіндірге сыйлықтар үлестіріліп, жүздеріне күлкі сыйлады. Спорттық шаралардан жүлделі орын алғандарға арнайы сыйлықтар берілді.  «Қосшағыл ауыл» мешітінің имамы келген халыққа, ауыз біршілік, ынтымақ турасында уағыз айтып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ауыл ақсақалдары, ана-аналар, жамағаттарға мешіт имамдарына  алғастарын айтты.

 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі 

Толығырақ ...

Махамбет аудандық мешітінде өткізілген Құрбан айт мерекесі

Ауданымызда дастархан жайылып, бас имам Иманғалиев Ержан уағыз-насихат айтып бастады,  қарт кісілер құттықтау сөздерін айтып және баталарын берді. Құрбандық ірі қара сиыр мен қойлар шалынып,тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға таратылды. Махамбет ауданында Құрбан айт мерекесіне орай бірнеше іс шара өткізілді: қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, еркін күрес, фудбол. Жеңімпаздарға силық кітаптар, бас жүлдеге қой берілді. Балаларға батут құрылып, тәттілер таратылды. Құрбан айтта ізгі ниеттерімізбен шалған құрбандықтарымызды Алла тағала қабыл етсін.

Махамбет ауданы мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Индер ауданыңдағы Қасиетті Құрбан айт мерекесі

Қасиетті Құрбан айт мерекесі Атырау облысы Индер ауданына қарасты мешіттерде таңғы сағат 7:00 де мешіт имамдарының уағыз айтуымен басталып , 7:30 да айт намазы оқылды. Мешітте жиналған жамағат саны жылдағыдан да көп болды. "Әйіп қажы" мешітінің ауласында киіз үй тігіліп, жамағатпен аудан тұрғындарына ас берілді."Әйіп қажы" мешітінің Бас Имамы Ералы Қамзағалиев уағыз айтып, жамағатқа құрбан шалу туралы түсіндірі. Айтқа жиналған жамағат ізгі тілектерін білдіріп, ақсақалдар баталарын берді. Мешітінің ауласында Құрбан шалынды. 30 қой, 1 сиыр сойылып «Наркологиялық диспансер» ем алушыларына, жағдайы төмен, мұқтаж, жетім, жесір 100 жанұяға ет таратылды. Есбол аулында 1 сиыр 3 қой  сойылып 35 жанұяға берілді, және де Жарсуат аулында 18бас қой сойлып 60 жанұяға берілді.Кешкілік  «Жеңіс саябағында» Құрбан айттың құрметіне қазақша күрес, қол күштесу, кір тас көтеруден спорттық шаралар өтті. Жүлдегерлерге кубок, медаль, алғыс хатпен сыйлықтар табысталды. Саябақта батут орнатылып, жас бүлдіршіндерге түрлі тәттілер таратылды. Аудан Әкімінің орынбасары  Шамұратов Дарын, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев тілектерін білдіріп, Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Терме, өлең, діни әндер айтылып жиналған халықтың алғысымен тарқасты.

 

 

Индер аудандық баспасөз қызметі.

Толығырақ ...

Тұрғызба ауыл мешітінде Құрбан айт мерекесі өтті

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт күні Тұрғызба ауылының жамағаты мешітке жиналып, Айт намазы оқылды. Айт намазының алдында мешіт имамы Асыланбек  Есқайыров Құрбан айттың артықшылығы туралы уағыз айтып, халықты мерекемен құттықтады. Тұрғызба ауылдық мешіт имамы және жамағаттардың ұйымдастыруы мен ұлттық ойындар, жастар арасында бәйге жарысы өтіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Бүлдіршіндерге арнап мешіт ауласына үрмелі батут құрылып, тәттілер таратылып, ауыл ақсақалдары мен тұрғындарға және жамағаттарға айттық дастархан жайылып, сол жайылған дастарда әсерлі уағыздар айтылды. 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Құрбан айт мерекесінде Жылыой аудандық жамағаттардың бас қосуы

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Жылыой ауданына қарасты аудан, ауыл жамағаттары айттық дастарханда бас қосты. «Жылыой орталық» мешітінің бас имамы А. Исаев, мешіт ұстаздары құрбандық шалу жайында, ынтымақ-бірлік, исламдағы достық жайында әсерлі уағыздарын айтты. Жамағаттардың ұйымдастыруы мен Жылыой ауданына қарасты мешіттер арасында білім жарысы өтті. Сондай-ақ жамағаттар арасында арқан тартыс, кір көтеру, қол күрес және ұлттық ойындардан жарыстар өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді. Осы жылғы Құрбан айт мерекесін жамағаттар ерекше атап өткізді.

 

Жылыой аудандық орталық 
мешіттің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

"Құрбандағы қайырымдылық"

Қ.Мұңайтпасов мешітінде Құрбан мерекесінің екінші күні қарттар үйі мен балалар үйінің мүгедек жандарына арнайы дастархан жайылып,мешіт имамы Н.Сүндетовтың ұйымдастыруымен  құрбан айт мерекесіндегі қайырымдылық шара өз жалғасын тапты.Шараға арнайы ақсақалдар алқасы ,Теңдік ауылының әкімшілігі ,Жұлдыз мөлтек ауданының қарттары қатысты.Ұйымдастырылып  отырған игі  іске мешітіміздің жамағаты Манарбек Өтегенұлы өз үлесін қосты.Қонақтар риза болып,зағип мүгедек балалар мен қарттар бой жазып демалып қалғандарына қуанысып тарасты .Батаменен көгерер демекші,Алла Тағаланың бұйрығы мен Пайғамбарымыздың сүннеті  бойынша жасалған амалдарымыз қабыл  болсын деген тілекпен ақсақалдар батасын берді.
Атырау қалалық "Қ.Мұңайтпасов"мешітінің баспасөз қызметі
 
.
Толығырақ ...

Доссор кенті «Сатен-Шамек» мешіті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті

     Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен,

Алла Тағаланың рұхсат берілген ең үлкен Ұлық екі мерекеміздің бірі Құрбан айт мерекесі баршамызға құтты болсын! дей отырып Барша Доссор кентінің жамағаты таң сәріден мешітке ағылды. Айт намазының алдында Доссор «Сатен-Шамек» мешітінің имамы Бердикулов Батыр ағамыз Құрбан шалудың және Құрбан айт мейрамын атап өтудің маңыздылығын және тарихын қысқаша уағыз-насихат қылып айтып өтті. Жастар арасындағы ауызбіршілік, елімізге деген жанашырлық жөнінде де сөз қозғап өтті. Және де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының«ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫҚТАУЫН» Доссор кентінің жамағатына жеткізді.

      Мешіт жамағаты аулада тігілген киіз үйге кіріп, айтқа арнайы даярланған дәмнен, бастырылған палаудан ауыз тиді. Құран оқылып Айт дастарханында арнайы келген Сатен-Шамек ұрпағы мешітін салдыруға үлес қосқан Исмагулов Марат ағамыз бастап, ауыл Ақсақалдары Табылды, Марат ағаларымыз және Ақжаулықты Әжелеріміз Үміт әже, Злиха әжелерімізде ризашылық тілектерін білдірді.

     Құрбан айттың үш күнінде арнайы қайырымдылық шара өтіп, құрбандыққа сойылған малдың еттерін Әкімшілік берген тізім бойынша жағдайы төмен, мүгедек, мұқтаж жан ұяларға отыздан астам отбасыларына таратылды.

    Кәсіптерімізге береке, Жан ұяларымызға қуаныш, Елімізге тыныштық, Елбасымызға ден саулық, отанымызға өркендеуін тілеп Алладан сұраймыз, осы Құрбай айтымыздың қылынып жатқан қызметтеріне, дұғаларына, тілектерінің құрметіне қабыл ала көр Алла!

 «Сатен-Шамек» мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Қасиетті Құрбан айттағы кездесу

Қ.Мұңайтпасов мешітінің бас имамы Н.Сүндетов Геолог әкімдік округінің жанынан ұйымдастырылған құрбан айт кездесу жиынында дін және дәстүрімізді қоса насихаттап, шектік пен құрбан шалу турасында түсіндіру жұмысына да тоқталып өтті . Ауыл ақсақалдары мен жастар қауымы қадірлі құрбан мерекесінің батасын алып ,ұйымдастырылған мерекелік шараларға өз үлестерін қосты. Баршамызға құрбан айт мүбәрәк болсын!

Қ.Мұңайтпасов мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Раббың үшін Құрбан шал

Атырау қалалық Қ.Мұңайтпасов мешіті жылдағыдай құрбан айт малының етін мұқтаж жандарға тарату рәсімін жалғастырды.Биыл Теңдік Ақсай Ақжар Жұлдыз Привокзальный, Бесікті ауылдарынан көп балалы отбасы мен мүгедек жандар саны көп қамтылды. Барлық тізімдегі көмек көрсетілуге тиісті отбасылар белгіленген уақытқа шақырылып мешіт имамы Н.Сүндетов өз қолымен тарту жасады. Разы болған құрбан шалушы жомарт жандар мен мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірген аналар батасын берді.

Қ.Мұңайтпасов мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Берекелі Құрбан айт

Қ.Мұңайтпасов мешітінде әдеттегідей айт намазы оқылып ,қасиетті жұма күніне сай келген берекелі мерекенің жайылған дастарханы қонақтар мен жамағаттарға толды. Бас имам Н.Сүндетов қадірлі мереке турасында уағыз насихаттап ,қонақтарға мешіт қызметкерлері құрмет көрсетті .Балаларға арнайы тегін батут ұйымдастырылып,мектеп құралдары таратылды .Барша мұсылман қауымын АЛЛА ТАҒАЛА ӨЗ МЕЙІРІМІНЕ БӨЛЕГЕЙ ! Қ.Мұңайтпасов мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу