Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Қапан қажы» мешіті Әйел-қыздар секторы кездесу ұйымдастырды

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлының және аудан имамы А.Исаевтың тапсырысы бойынша құрылған «Қапан қажы» мешітіне қарасты "Әйел-аналар" мектебі 6-мамыр күні ҚР Қажылар қауымдастығы Құлсары филиалының төрайымы Қалау қажымен кездесу ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында Қалау қажы жастарға өнеге болатын өз өмір жолынан, намаздың пайдалары, қажылық турасында сөз қозғады. Сондай-ақ, мамыр айына жоспарланған кезекті  "Отанды сүю – иманнан" тақырыбында «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы уағыз айтты.

 

Шара соңында аналарымыз еркін пікір алмасып, отбасы берекесін сақтаудағы әйел адамның жауапкершілігіне тоқталды.

 

 

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

 

баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті

 

Толығырақ ...

Мектеп-интернат балаларына қайырымдылық көрсетілді

6 мамыр күні, «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев бастаған мешіт жамағаты Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, мектеп интернатта оқып жатқан ата-анасы жоқ 10-ға тарта жетім оқушыға жазғы киім-кешек, аяқ киімдер алып беріп, қайырымдылық жасады. «Қайырым етсең, қайырын көресің» демекші, ата-анасынан айырылған бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында оқушыларды асханадан тамақтандырып, дәмді аспен, тәттілерді тарту етті.

Мектеп-интернаттың психолог маманы Гүлмира Білханқызы мен тәрбиеші Саягүл Ғариполлақызы мешіт жамағатына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н.Жарқымбаев «Дінімізде қайырымдылық жасаудың үлкен сауапты іс екенін айтқан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Жарты құрма садақа берумен тозақ отынан сақтаныңдар», деп, үмметін қайырымдылық жасауға шақырған. Бір-бірімізбен жақсы сөйлесудің өзі садақа болып есептеледі», дей келе, жас бүлдіршіндерге өнегелі уағызын айтып, Алладан дұға тіледі.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Мешіт жастарымен ашық сұхбат

5-мамыр жұма күні Құрманғазы ауданы, «Темірәлі» мешітіне ҚМДБ- ның Атырау облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің азаншысы Урумбаев Арман мешіт жастарымен кездесті.

Кездесу барысында А.Урумбаев Абдуллаһ ибн Умми Мактум сахаба жайында уағыз айтып, уағыз соңынан жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын берді.

Ашық сұхбат соңында уағызға жиылған жамағат дастарханнан дәм ауыз тиді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Толығырақ ...

Отан үшін отқа түс күймейсің

Атырау  қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінің  бас имамы  Н.Сүндетов Геолог әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырылған  Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу шарасына қатысып, өмірден озған 21 ардагерлердің рухына құран бағыштады.

Арамызда қалған санаулы ақсақал ардагерлерімізді қадірлеп, отанды сүю сынды иманнан тарайтын сезімді қастерлеуге, жастарымызға үлгі боларлық насихат айтылып, бата берілді. Кездесу соңы қонцерттік бағдарламаға ұласты.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,  «Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Толығырақ ...

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш балабақша ұжымымен кездесу өткізді

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш  «Балдаурен» балабақша ұжымымен «Тәрбиеші мен ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбында кездесу өткізді. Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Халқымыздың даналығына құлақ ассақ, «адамның бақыты балада» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын «бақыт» деген сөздің өлшемі, өмірінің жалғасын ұрпағымен келетініне келсе, екінші жағынан даңқ, атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланысы болуы маңызды. Балабақшада өткізілген әрбір іс-шара, ертеңгіліктердің тәрбиелік мәні, мағыналы болуы ата-аналардың жиірек келуіне, белсене қатысуына да ықпалын тигізеді.

Ата-ана балабақщаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда ғана тәрбие жұмысы нәтижелі болмақ. Адамгершілік қасиетті бала болуына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылатының есте сақтағанымыз жөн.

Балабақша ата-аналарымен қарым-қатынас жасауда, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасайды. «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы тәрбиешілерге отбасында баламен қарым-қатынас кезінде өнегелі сөздерді орнымен қолданып жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, елін, жерін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу басты борышымыз. Бала ата-ананың болашақ үміті, адамзаттың келешегі. Бала тәрбиесі, оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міңдет- деді. Осы міңдетті балабақша ұжымы өздерінің ізденімпаздылығы мен шығармашылық еңбектерімен орындауда.

«Балдаурен» бала бақшасының басшысы Неллә «отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»-деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесінде дер кезінде көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарын тәрбиелейік», -деді.

Тәуелсіз елімізідің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, тәрбиешісін құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық ағайын.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті

Толығырақ ...

Жат ағым ешкімді жарылқаған емес

«Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қоры және Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Махамбет ауданындағыБақсай ауылдық округіндегі Таңдай орта мектебінің акт залы «Жат ағым жарылқамайды» атты кездесу өтті.

Мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттарын бойынша ақпарат беру бағытында өрбіді

Кездесуге Атырау облыстық прокуратурасының аға прокуроры М.Хабибулин, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Г.Мұхтарова, Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев және Н.Жетпіспай,  «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин қатысты.

Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев кездесуге келген баяндамашыларды таныстырып мақсаты мен мән маңызына тоқталды. Қазіргі кезде дін мәселесі өзекті әрі ауқымды екендігін айта отырып, қатысушыларға осы мүмкіндікті үнемді пайдаланып көкейде жүрген сауалдардың жауабын алуға шақырды.

«Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин: Деструктивті ағымдар қай елді алып қарасақ та өз залалдарын тигізіп тыныш елдің ынтымағын құртып келеді. Жат ағым ешқашан ешкімді жарылқаған емес олардың кесірі қоғам дертіне айналып кетті десек те болады деді сөз барысында.

Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев қазіргі уақытта асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі. Бір жағынан бұл жақсы хабар болса, екінші жағынан  - дәстүрлі дінмен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйтер екенін айтты.  Осы келеңсіз, түрлі пікірлерді дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде жүрген ағымдар тудыртуда. Жалпы айтсақ, дін атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен жастардың шығып жатыр. Яғни, сәлафизмді ұстанушы ағымдар екеніндігін толыққанды түсіндіріп, слайд арқылы олардың сипаттары туралы ақпарат берілді.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Жат ағымдардан сақ болуға үндеген кездесу

 «Жәрдем-Атырау» кооперативтік қоры және Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылдық округіндегіҚ.Қарашұлы атындағы орта мектебі және Сарайшық көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің акт залында ұстаздар мен ата-аналар және студенттер арасында «Жат ағым жарылқамайды» атты кездесу өтті.

Мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары бойынша ақпарат беру

Аталған жиынға Атырау облысытық прокуратурасының аға прокуроры М.Хабибулин, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Г.Мұхтарова, Сарайшық ауылдық округінің әкімі А.Мастекова, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев және Н.Жетпіспай,  «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин қатысты.

«Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қорының директоры Е.Жаулинбаяндамашыларды таныстырды, ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталды. Қазіргі кезде дін мәселесі өзекті, ауқымды екендігін тілге тиек етті. Қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып көкейдегі толғандырған сауалдарды қоюға шақырды.

«Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев өз сөзінде бүгінде елімізде, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да адам шатасатын хәлге жетті. Еліміздегі неше түрлі атпен аталып, естіп жүрген жат ағымдар жайында тілге тиек етті. Атап айтатын болсақ сәлафизмнің ішіндегі мадхалид, сурурит, такфирит, хададит және тағы басқа ағымдар туралы ақпарат берілді. Осы, аталған ағымдар батыс өңірінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын жастардың да көп екендігін жасырын еместігін айтып, сәлфизмнің тармақтары бойынша жеке-жеке тоқталып, слайд арқылы түсіндіріп өтті.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Дәстүрлі діннің қоғамдағы рөлі

28 сәуіркүніАтырауоблысыБілімберубасқармасыныңтапсырысыбойынша «Шапағат» деструктивтікдіниағымдарданжапашеккендергекөмекорталығыныңұйымдастыруымен №18 Крупскаяортамектебініңоқушыларыменұстаздарыныңқатысуымен «Дәстүрлідінніңқоғамдағырөлі» тақырыбындакездесуөтті. Кездесуге «Шапағат» орталығыныңтеологмамандарыС.ЕншібайұлыжәнеА.Уразовқатысты.

ЖиынбарысындатеологС.Еншібайұлыөзкезегіндежастарғаимандылықты, ұлттықдәстүрлердінасихаттап, сөзденіскекөшукерекекенінатапөтті. Салт-санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөз бен іс-әрекеттеріміздің арасындағы сәйкестілік болу керек. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды. Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды, дініңді білуден бас­талады. Қазақстан – 2050 Стратегиясында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ен­де­ше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» – көрсетілген. Әрине, ұлттық дәстүрден және ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы мен рухани дүниесінен, ата дәстүрімен, ана сүтімен сіңген тәлім-тәрбиені өмір бойы ұстанады. Ата-баба өсиеттері, адамды тәрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық тәрбиенің бір негізі діни мәдениетімізде және өнегелі тәлім-тәрбиемізде жатыр, - деп сөзін қорытындылады. Сондай-ақ, теолог А.Уразов қазіргі діни ахуалды түсіндіріп, қазіргі уаққытта дін мәселесі өзекті және нәзік мәселелердің бірі екендігі туралы тиек етті. Дәстүрлі емес діни ағымдардың кетудің себептері, олардың интернет, сараптамадан өтілмеген кітап, кітапшалар көшедегі уағыз айтушылардың әсерінен болып отырғандығын айтты. Сол теріс діни ағымға кеткен адамдардың көбі діни білімі төмен және діни сенімі дұрыс қаланбағандықтан осындай жолға түсіп отыр. Егер, діни білім алғыларыңыз келсе әуелі ата-анамен ақылдасып, теолог арқылы жүзеге асыру керек. Әйтпесе өз беттерімен діни білім алатын болсаңыздар адасуға апаратындығын жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Шара соңында сауалнама жүргізілді.

 

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

«Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінің жамағатына уағыз-насихат жүргізілді

Ағымдағы жылдың 27, 28 сәуір  күндері Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданының «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешіт жамағатына уағыз-насихат жүргізілді.

27 сәуір күні Махамбет ауданының «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Убаев Батырбек «Жат ағымдарға қарсы тұруда ақсақалдар рөлі» атты тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында жиырма беске жуық ауыл ақсақалдарының басы қосылып, тәмсілі мол ойымен бөлісті. Өздеріңізге белгілі жастардың жат ағымға кетудің бірден бір себебі рухани аздығының жетіспеуінен және де діни сауатсыздығының ықпалынан болып жатқандығы баршаңызға мәлім. Сондықтан ауыл ақсақалдарының жүректен шыққан ақ тілегі мен жастарға берер тәлім тәрбиесі сіз секілді қарттарымыздан бастау алатындығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, 27 сәуір күні «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде Құптан намазына дейін «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Құлсымақов Мейіржан «Ханафи мазхабындағы фиһқ, матруди сенімі ақидасын түсіндіру» бойынша жамағатқа насихат жүргізді.

28 сәуір күні жоғарыда аталған мешітте «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Убаев Батырбек «Мұсылманның бірлігі – бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында жұма уағызын өткізді. Жиылған жамағатқа ауыз біршілікке, ынтымақтыққа және бауырмалшылдыққа үгіттей отырып, еліміздің тыныштығы мен жұртымыздың амандығы бәріміз үшін маңызды екенін жеткізді.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Аудандық саябаққа ағаш отырғызылды

29-сәуір күні аудандық Жастар ресурстық орталығы, Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев бастаған мешіт жамағаты, аудандық прокуратураның қызметкерлері және Агротехникалық колледж студенттері бірлесе отырып, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы орталық саябаққа 100-ден астам ағаш отырғызды.

 «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген атам қазақтың дәстүрімен бұл игі шара әлі де жалғасын табатын болады.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

 

Толығырақ ...