Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Әт-тақуа» мешіті тарауих намазын оқыған қариға құрмет көрсетті

23-маусым күні «Әт-тақуа» мешітінде тарауих намазы аяқталып, хатым дұғасы жасалды. Айта кету керек, тарауих намазы мешіт тарихында биыл ең алғаш рет оқылып, алғаш рет Құранға сусаған жамағаттың басын біріктірді. Бұл талай жылдар арманға айналған жамағаттың асыл арманы болатын.

Осы орайда мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы Алла үйінде тарауих намазының оқылуына мүмкіндік тудырып, қаримен қамтамасыз етуде ықпалы зор ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлына алғысының шексіз екенін жеткізді. Және отыз күн оразада мешіт жамағатын тарауих намазына ұйытқан Мехмет Шакир Ағаһты құрметпен ортаға шақырып, алғыс сезімін білдірді. Қазақы дәстүрімізге сай шапан жауып, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

 

 ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі, қалалық «Әт-тақуа» мешіті

 

Толығырақ ...

Жазғы сауат ашу курсы шәкірттеріне арналған білім сайысы өтті

«Иманғали» орталық мешітінде  жазғы сауат ашу курсының аяқталуына орай білім сайысыболып өтті. Шара аясында бір айға жуық уақыт сауат ашу курсында білім алған 7-17 жас аралығындағы 25 ер балалар «Исламдағы 100 сұрақ» кітабы бойынша білім бәсекесінде өзара бақ сынасты.

Шара шымылдығын ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, балдырғандарды дін-Ислам жолына аяқ басқан алғашқы қадамдарымен құттықтады.

Сайыстың қорытындысы бойынша Мұхамеджанов Дәурен жүлделі 1-орынға ие болса, Ғайсаұлы Рахман 2-орынды еншіледі. Сондай-ақ, Саматұлы Аян 3-орын алса, Нысанбаев Нұрмұхаммед ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы жылы «Иманғали» орталық мешітінің жазғы сауат ашу курсына 70-ке тарта ер бала қабылданған болатын. Балдырғандар бір айға жуық уақыт ішінде «Құран әліппесін» тәмамдап, араб алфавитін толық меңгеріп шықты. Құранның қысқа аяттары мен дұғаларды жаттап, дініміздегі сенім (ақида), көркем мінез (ахлақ), ғибадат (фиқһ), пайғамбар (с.ғ.с.) тарихы бойынша мешіт ұстаздарынан тәлім алды.

«Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

«Иманғали» орталық мешітінде қариларға құрмет көрсетілді

Тарауих намазының соңғы күні ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы отыз күн ораза бойы Құранды басынан аяғына дейін жатқа оқып, мешіт жамағатын тарауих намазына ұйытқан қариларға алғыс білдірді.

26-мамыр күні басталған тарауих намазын Мұстафа Зенжиржи және Хусейн Кая сынды Құранды бастан-аяқ жаттаған түркиялық дін саласының білгір мамандары толық аяқтап, үлкен сауапты іс жасады.

Тарауих намазының соңғы күні жиылған жамағаттың алдында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қариларға шын жүректен алғыс білдірді. «Сіздер қасиетті Құран айында Құран оқып, сауапты іс жасадыңыздар. Алла Тағала амалдарыңызды сауаптан жазып, дұға-тілектеріңізді қабыл еткей. Сіздерге атыраулық жамағат атынан алғысымды білдіремін»,  – деді бас имам. Сөз соңында қариларға қазақ дәстүріне сай шапан жауып, ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

 

 «Иманғали» орталық

 

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Айт мерекесіне орай қайырымдылық жасалды

24-маусым күні Айт мерекесіне орай «Иманғали» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қайырымдылық көмекке өтініш білдіргендердің қатары биыл да көп болды. 

Әлеуметтік жағдайы өте төмен, аз қамтылған, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар мен асыраушысы жоқ көп балалы аналарға, жетімдерге көмек қолын созуды мақсат еткен қайырымдылық шарасын өкіл имам ашып, көмекке мұқтаж қамкөңіл жандарды келіп жеткен қасиетті Айт мерекесімен құттықтады. «Айт мерекесі – мұсылман баласының бір-біріне игі тілек тілеп, өкпе-ренішін ұмыттыратын, достығын арттыратын мереке. Олай болса, сіз бен біздің сыйластығымызды арттыратын сыйлықтарымызды шын пейіліміздей қабылдаңыздар»,  – деп Айт мерекесінде сыйлық жасаудың дін-Ислам шариғатындағы мәнісін түсіндіріп өтті.

Қайырымдылық шарасы аясында 30 отбасыға қайырымдылық көмек пакеттері таратылды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ ...

Ораза айт мерекесіне орай студенттерге қаржылай көмек көрсетілді

Ораза айт – күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі. Бір ай Рамазан оразасын ұстап, Алла Тағала рақымын іздеген жамағат Ораза айт мерекесін ерекше көңіл-күймен қарсылайды. Айт намазына қатысып, бірін-бірі қуаныса құттықтайды. Айттан-айтқа аман-есен жетуін тілеседі. Өйткені, бұл кешірім мерекесі болып табылады. Бұл күндері қайырымдылық жасау да – сансыз сауапқа ие игі амал.

Міне, осындай ұлық мерекеге орай, ҚМДБ-ы Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы бір топ жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттеріне қаржылай көмек көрсетті.

Алла үйінен қаржылай қолдау көрген студенттер өкіл имамға ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыс айтты.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...

«Иманғали» мешітінде Құран хатым батасы жасалды

27-мамыр күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен Рамазан айының кіруіне байланысты 27-мамырдан бастап «Иманғали» орталық мешітінде Құран хатым түсіру басталған болатын. Бүгін, міне оразаның соңғы күні 24-маусым күні Құран хатым толық аяқталып, батасы берілді.

Құран хатым батасына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, Құран оқу сынды сансыз сауапқа ие іске мұрындық болған қариларға алғыс сезімін білдірді. Еліміздің амандығын, халқымыздың тыныштық, татулығын тілеген бас имам осындай бейбіт күннің нығметін нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкір айтып, барша амалдардың сауаптан болуына тілектестігін жеткізді.

Айта кету керек, қасиетті Рамазан айында Атырау жамағатына Құран оқып, хайырлы амалдың іске асуына ұйытқы болған қарилар түркиялық Мұстафа Зенжиржи және Хусейн Кая сынды 30 парадан тұратын Құранды бастан-аяқ жаттаған дін саласының білгір мамандары еді.  

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Толығырақ ...

Жарсуат мешітінде «Шапағатты Рамазан» рухани кеші өтті

Атырау обылысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық  округінің  Мәдениет үйі мен Жарсуат ауылдық мешіті ұйымдастыруымен  аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Шапағатты Рамазан» атты рухани кеш болып өтті.  Шараның негізгі мақсаты жастарға ислами тәлім тәрбие беріп,  айлардың сұлтаны Рамазан айының қадір қасиетін насихаттау.   Рухани кеш  шымылдығын Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Зинелұлы құран оқып бата жасаумен бастады. Әрі қарай, Рамазан айы мен  Қадір түнініне байланысты видео ролик, рухани әндер мен көріністер көрсетіліп, аудан халқының көңілінен шықты.

Аудан әкімі Серік Бисешұлы атынан шараны ұйымдастырушы Жарсуат ауылдық мешіт жамағаты мен имамы Құраш Зинел ұлына алғыс хат тапсырылды. Алғыс хатты аудан әкімінің аппаратынан Дарын  Шамұратов табылтап, рухани іс-шарада өнер көрсеткен жастардың қоғамымыздағы келіңсіз лас қылықтардың қолмен ұстап, көзбен көргендей ашқандығын айтып, құран өсиеттерінің тамаша өнеге екендігіне көзіміз жетті деп, игі тілектерін білдірді.

Кеш соңында аудандық Әйіп қажы мешітінің бас имамы Ералы Жұбанұлы қасиетті Рамазан айы мен қадір түнінің сауаптарын уағыздай келіп, ұйымдастырушыларға ризалық алғысын білдірді. Және  ел ағалары мен аурухана қызметкерлері демеуімен жайылған ауыз ашар дастарханына кеш қонақтарын,  ауыз бекіткен жамағатты шақырды. Осылайша рухани тәлімдік насихат кеші өнегелі де әсерлі уағызар айтылған ауыз ашар дастарханында жалғасты.

         

ҚМДБ-ның Атырау облысы

бойынша баспасөз қызметі,

Жарсуат ауылдық мешіті

Толығырақ ...

Жарсуат ауылдық мешітінде Қадір түні аталып өтілді

Жарсуат ауылдық мешітінде Қадір түні аталып өтілді

 

Биылғы қасиетті Қадір түнін маусымның 21 нен 22-не қараған түні Жарсуат ауылдық мешітінде кең көлемде аталып өтілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шәрифінде: «Айлардың сұлтаны – Рамазан, күндердің сұлтаны – жұма, түндердің сұлтаны – Қадір түні» – дегендей, 84 жылдың  сауабынан үмітті Қадір түнін  Жарсуат ауыл жамағаттарымен, «Құрылыс», «Бөдене» ауылдарынан келген намазхан жамағаттармен және  ауыл тұрғындарымен жоғары ықыласпен қарсы алынды.

 

Бұл күні әдеттегідей Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Құраш Зинелұлы жамағатқа ислами тәлімдік уағыз насихаттармен бастап, Рамазан айының берекесі мен Қадір түнінің ерекшеліктерін айтып жеткізді, одан кейін Құптан, Тарауых намаздары оқылып, тарауых намазының соңында Хатым дұғасы түсірілді. Мешітке 150-дей жамағат қатысып, ауыз бекітушілерге мешіт жамағаттары сәресі де ұйымдастырылды. 

 

Қасиетті Құранның Қадір сүресінде Алла Тағала: «Біз шынында құранды Қдаір түні түсірдік, Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да хайырлы...» делінген. Олай болса осы түні жасалған барлық ғибаттарымызға мың айдың сауабын беріп, қабыл етсін дейік.

 

 

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы

 

бойынша баспасөз қызметі,

 

Жарсуат ауылдық мешіті

 

Толығырақ ...

Қасиетті Қадір түніндегі ауыз ашар

 Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне сыйлық етіп берген қасиетті Қадір түнінде Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде Аудан азаматтары біріге отырып  ауызашар берді. Оған қажылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мекеме басшылары, жергілікті жамағат, БАҚ және зиялы қауым қатысты.

Рамазан айының құрметіне жайылған дастархан Құран Кәрім аяттарымен ашылды. Сондай-ақ берекелі дастархан басында жиылған өңіріміздің игі жақсылары да кезекпен сөз алып, барша мұсылман қауымды қасиетті Қадір түнінде жасаған дұға-тілектердің, ұстаған оразалардың қабыл болуын тіледі. Бұл жасалған игі ісі үшін ел азаматтарына ризашылықтарын білдіріп, асыл дініміздің қанат жайып, өрлеуіне үлес қосатын азаматтардың көп болуын тіледі. 

Ауызашар соңында «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің бас имамы Арман Исаев ораза ұстаудың мәні және ауыз аштырған кісіге берілетін сауап жайында, Қадір түнінің қасиеті, мұсылманның ауыз біршілігі жайында  уағыз айтты. Сонымен қатар Рамазан айы бойы ұйымдастырылып жатқан ауызашарлар үзілмегенін тілге тиек етіп, ай бойы жасалған қайырымдылық іс-шараларға демеу көрсетіп жүрген өңіріміздің қайырымды жандарына шексіз алғысын білдірді.

Қадір түні мешітке келген жамағатқа «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде 600 адамға ауызашар берілсе, ал сәресіге 700 ге жуық адамға сәресі дастарқаны жайылды. Имамдар алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес Рамазан айы, Қадір түні, ораза тақырыптарын қамтыған уағыз-насихат айтып, сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, жауап берген жамағаттарға бағалы сыйлықтар беріліп, мешітке келген жамағат қасиетті түннің маңыздылығы мен ерекшеліктері жөнінде кеңінен мағлұмат алды.

Жылыой ауданы «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінде қасиетті Қадір түні Құран хатым аяқталды. «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің бас имамы А. Исаев хатым Құран дұғасын жасап, Рамазан айы бойы тарауық намазын өткізіп, Түркия елінен келген Хажы Али қариға алғыс білдіріп және  ауданымыздағы  жасы ең үлкен Абдулла қажы атамызға Құран кәрім сыйға беріліп, барша жиылған жамағат Түрік елінен келген қариға өз ризашылығын білдірді.

Мың айдан да хайырлы Қадір түні Жылыой ауданына қарасты барлық мешіттерінде де жоғары деңгейде өтті. Мешітке жиналған жамағат бұл қасиетті түнді құлшылық, ғибадаттарымен өткізіп, асыл дініміздің құндылықтары жайында мол мағлұмат берген дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, таң намазын оқыған соң тарқасты.

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Жылыой аудандық мешіті

Толығырақ ...

Мешіт жамағаттары арасында «Білім-ринг» сайысы өтті

22-маусым күні «Иманғали» орталық мешіті мен Атырау қалалық жас «Жас өрен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Білім-ринг» интеллектуалдық ойыны өтті.

Жас жамағаттың білімін сынға салған сайысқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сайысқа қатысушыларғасәттілілік тіледі.

Сайыс қорытындысы бойынша «Иманғали» мешіті атынан қатысқан «Рамазан» тобы жүлделі  1-орынға,  «Раййан» тобы 2-орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Мәулімберген» мешіті атынан қатысқан «Шаһада» тобы 3-орынға табан табан тіреді. Ал, «Жұлдыз» мешіті атынан қатысқан «Шағбан»  тобы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

 

«Иманғали» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

Толығырақ ...